Әдебиет
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Жазу мәселесі туралы соңғы сөз
Алдымыздағы шілденің 10-ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.
«Еңбекшіл қазақтың» 154-санында емле туралы. 178, 179- ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.
Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. Сонымен әркім өзінің ұсталған негізінен айрылғысы келмейді. Елдестің негізі: тіл құрал (этимология), естілу (фонетика). Менің негізім: көбінесе, іске қолайлы (практика), жеңілдік, қала берсе, естілу. Дұрысында, емлені іске қолайлы болу жағынан ғана қарау керек. Жазу мәселесін шешкенде, алдымен «тілдің заңы бұзылса, жалпақ жұрттың тілі бұзылып кетеді, жоғалып кетеді...» — деген соқыр нанымнан (фанатизм) құтылу керек. Елдес қорыққандай, тіл сонша шетін, тиіп кетсе жарылып қалатын қағанақ емес. Елдес «уу» деп жазып, олай бууындай ма, Жүсіпбек «у» жазып буындамай ма қазақтың тіліне иненің жасуындай пайдазиян келмейді. Араб, парсы, татар, сарт, миссионерлер әдебиетінің ықпалына жүріп, айдауына көнбеген, тілінін заңы, құрамы не екенін білмеген, «е, ы, и» дыбыстарын («и»мен), «о, у, у» дыбыстарын («о»мен) бір ақ таңбамен жазып келген сол тауқыметтің бәрін тартса да, бұзылмай келген қазақтың тілі біздің бірекі таңбамызбен әсте өзгермейді, тіпті бұзылмайды. Қазақ жоғалса, тілі де жоғалады; жасаса, өркендесе, тілі де өркендейді. Азамат болған баласы атқа мінсе, қалтырауық, балажан шеше: «жығылып қалар ма екен?» – деп үйде отырып тақымын қысады. Елдес әлде қара борандату үшін жоқты сөйлейді, әлде әлгідей қорқақ шеше (егер де ондай шеше қазақта болса?)
Білім өскен сайын, ой өседі; оймен бірге тіл өседі. Бірақ тіл шұбалаң, мылжың болмайды, шынығады, шымырланады. Аз сөз, көп мағына – міне білімнің тілегі тіл өскен сайын, дыбыс көбейеді. Ендеше қаріп те көбею керек пе? – Жоқ. Аз қаріп, көп дыбыс – міне, жақсы хаттың шарты.
Дыбыстың еркіне салсақ, таңба (қаріп) мейлінше көп болу керек: бір дыбыстың өзі өз орында әртүрлі естіледі. Анығында дыбысқа тап келетін таңба бола бермейді. Ауыздан шыққан барлық лебізді қаріппен түгендеп жеткізу мүмкін емес. Ат айдағандағы шушу, болмаса таңдай қағу, тоқтатардағы «тыпыру»ларды, күлкіні, кейігендегі одағайларды қайтіп қаріппен айта аларсың? Жазу, қаріп нобаймен, шартпен ғана алынатын нәрсе.
Профессор Ушаков айтады: «Кәдімгі хаттағы қаріптердің дыбыстарға дәл келмеуі кемшілік емес, іс жүзінде қолайлы болуға жазудың дәлдігі тіпті міндетті емес; қайта дыбысқа нобайлы жазу әрі жабайырақ, әрі оңайырақ болады», – дейді. «Емленің мақсұты жетілген, бай тілді өте жабайы құралмен таңбалап, білдіру», – дейді ғалым Раумер. Сондықтан қолдануға қолайлы жазу. «Дыбысты жалпыға түсінікті етіп көрсету», – дейді Корш деген кісі. «Ауыз сөз – ойдың пернесі болса, жазу – ауыз сөздің пернесі», – деген Томсон. Дыбыстарға нағыз дәл келетін жазу жоқ, ондай жазу жалпыға түсініксіз. Ендеше болмау керек. Нағыз дыбысқа дәл жазу тіл ғылымында (языковедение) ғана болу керек. Дыбысқа қаріпті дәл келтіреміз десек, әліпбидің талай қаріпін шығаруға, талай қаріпті тыңнан ойлан табуға, әйтпесе ескілерге түрлі белгілер қосып қолдануға тура келер еді. Бұл дұрыс хат болмайды, қолдан жасама хат болады. Бұл пікірлерді жазуды оңайлатам деп талай жыл еңбек еткен ғалымдар айтып отыр.
Мұндай талай беделді сөздер келтіруге болады, бірақ орын аз. Дыбысшылдардың әуреленбеуіне бу да жетерлік сөз. Сондықтан естілуді (фонетика) негізге алуға болмайды екен, аса бір керекті орын болмаса.
Сол тәрізді жазу мәселесін тіл заңына (грамматика) тіреп шешуге де болмайды.
Тіл – жанды зат: өркендейді, дамиды. Жазу – өлі сүйек зат. Тіл заңы (грамматика) да кертартпа (консервативный) нәрсе, шідерлен, өрісіңді ұзартпайды.
Грамматикешілер тілді тапқа, жікке, сортқа бөлетін, әр сөзді, әр дыбысты белгілі таптың әдетғұрпына, салтына бағындырам деп, талай жерде зорлық істейді. Жіксіз жерден жік шығарады. Бұдан екі жүз жылдар бұрын Ломоносовтың шығарған ия, ия, ие, ыс – деген жалғауларынан орыс жаңада ғана құтылды; еркек, әйел орта сөздердің аяғын бірақ түрлі (ие, не) жазатын болды. Тілге бұдан келер кемшілік жоқ, сол сықылды: они, оне, одне, одни, оба, обе, ее, ея, аго, яго, і, ө... деген санақтарды кеше ғана қалдырды.
Міне, грамматиканың тұсау болғаны.
«Тіл құралы» шықпастан бұрын «дыбыс», «буын» дегенді жұрт білмеуші еді. Дыбысты, буынды өзгелерге еліктеп, дыбыс әдісін (звуковой метод) қолданғандықтан алып отырмыз. Еліктеу онымен тоқтамайды. Мәдениеті күшті жұртеліктетеді. Жазудың, жазу үйретудің оңай жолы табылса, еліктемеске әддіміз жоқ. Бүгінгі басымызды шұлғып отырған «дыбыс», «буыннан» безіп, ертек Америка әдісіне түспесімізге кімнің көзі жетеді? Сондықтан жалан тіл құралдық (этимология) дәлеліне сүйенуге болмайды, оның өзі жасама, еліктеме нәрсе.
Шынында грамматика екі түрлі болу керек, бірі: тілдің, сөздің, істің ыңғайына жүретін құбылмалы, жанды этимология; енді бірі: тілдің негізін, түп атасын, өзгеру жолын, тарихын тексеретін ғылыми грамматика болмақ. Мектепте жазу үйретуге, дұрыс сөйлеуге көмек ететін жанды этимология мен ғылыми грамматиканы шатастырып жүрміз. Соңғы грамматика орта медреселердің соңғы жылдарында, жоғарғы медреселерде оқытылу керек. Бастапқы – бастауыш мектепте Ахаңның тіл құралдары (әсіресе 11-інші) екі түрлі этимологияның жолдарымен жазылған; іске жанасу жағында ауыр жерлері көп. Екі сөздің бірінде тіл заңына жүгірудің себебі осы.
Мысал келтірейік: «Атты кісі мылтық атты». Фонетика көзімен қарасақ, екеуінде де «атты» жазылуға тиіс. Олай емес, этимология кезімен қарап, бірі сын есім, бірі етістік болған соң, Ахан екі түрлі жаз деп отыр. Грамматика жағынан да айырып жазуға Аханның дәлелі жоқ. Алайық мына сөздерді: Қасымбек, Қойшы гүл, Түйебай, малғой, жоқғой, керекқой, адамда, ұшқан құста, жүрген аңда, барайынба? келейінбе? аламынба? барған бысың? келгенбісің? Жазған соң малмен, көпбен, биеке, аға еке, молдаеке, тайымай! япырымай! жарықтықай! апақ, сапсары, бара алмаймын, жүреалмаймын, бимаза, бейбастақ, би тарап, биқам, бетбақ...
Этимологияға сүйенбесе, осы сөздерді бөлек жазуды, не сызықшамен («—») жазуды кім білер еді? Этимология бір жағынан сөздің түбірін, табын айырып, мәнісін көрсетіп пайда келтіріп отырса, екінші жақтан жазуға ауырлық келтіріп отыр. Қосалқы сөз, қос сөз, жалғаулық, көсемше, жіңішке буын, жуан буын, шырай, одағайларды біріненбірін айыру, араластырмау үшін солай жазылып отыр.
Қасымбек, Түйебай, бірақ, бейбастақ, битарап, бетбақ... – дарға сызықша қойғызып отырған түбірін қазу, қала берсе, жуан, жіңішке буындар — «қой»да жеке мағына жоқ, жалғаулыққа: жалғауға, жұрнаққа келмеиді. «Айттымғой» (сказал, ведь) не қылу керек? Сызықшамен бөлгеннен басқа шара жоқ. Адамда, ұшқан құста, жүрген аңда мұңдағы «да»лар орыстың «н» деген демеуінің (союз) мағынасында болғандықтан, жатыс жалғаудан айыру үшін осылай жазылып отыр. Сол тәрізді қосалқы сөздегі «ма, ба, ме, бе»лер орыстың «лй» бөлімшесінің мағынасында болған соңк жазылады. «Соң» — «после» мағынасында ол — үстеу (наречие). Ендеше бөлек жазылу керек. Жұрнақ біткен зат есіммен қосылып жазылып, «ене»нің сызықша арқылы жазылуы да, жуанжіңішке сөздерге бірдей тіркелетін болса керек. Өзге «падеждерді алған соң», «мен — менен, бен — бенен» жалғаулары мен орыстың «творительный» падежін де алуға болмас па еді?! Олай етуге «мен, бен»нің есімдерден басқаларға да тіркелуі бөгет қылса керек. «Таңдаулы шырай»ға қосылатын «ап», «қап»дарды бөліп алып, «апақ», «қапқара» деп үйретеміз. Зорлық мен «аппақ» — деп жазайық десем, Елдес тіл заңының дәреті бұзылатындай қорқар еді.
Жұрттың туынды, қосылмалы ұзын сөздері ауызша айтылғанда, қысқарып, ықшамдала береді. Сөз ықшамдық тілейді. Қарап отырсақ, ықшамдалып, сығылысып кеткен сөздер толып жатыр. Мәселен: әйтсе де, қайтсе де, қайғып, сөйтіп, ода, буда, биыл, кәдімгі, әже, қайдам, әкел, әпер, мұт, мұтшақ, бой сұну, ұсап, қайткенде.
Ту баста бу сөздер былай екені анық: олай етсе де, бұлай етсе де, қалай етіп, солай етіп, олда, бұлда, бұйыл, қадам күнгі, ендеше, қайдан білейін, алып кел, алып бер, ұмыт, ұмытшақ, бой ұсыну, ұқсап, қалай еткенде...
Осындай ықшамдалған, ықшамдалып келе жатқан сөздерге: мұт, мұтшақ, бой сұну, күнелту, барды (бар еді), жоқды (жоқ еді), болыптымыс (емыш), болмаспеді (болмас па еді), жүрсигедім (жүрсек игі едім), жүралмаймын (жүре алмаймын), баралмаймын (бара алмаймын)дар да қосылады. Мұндай сөздер әуелдегі шыққан түбірін көксемей, қысқарған түрінде жазылуға тиіс. «Барды, айтқанды, жоқты»лардың «еді»сі қысқарып «ды» боп қалса, «болмаспеді, жүрсигеді» болып, «еді» қысқа ру керек; егер «игі» бөліну қажет табылса, «жүрсе игеді» — болып жазылуға тиіс. Жоғарыдағы «алып кел, әпер, қайдам»дар сықылды «жүре алмаймын, бара алмаймын»дар да қысқарылып (жүралмаймын, баралмаймын) жазылу керек.
Дәйекші туралы ойлапойлап, мынадай қорытындыға келдім. Дәйекші, көбінесе, бас буынды жіңішкертеді. Сөздің ішіндегі «е, к, г» дыбыстарды, өздері жіңішке естілгені болмаса, бүтін сөзді жіңішкерте алмайды. Сондықтан сөздің бас буыны жіңішке естілген жерде, ішінде «е, к, г, к, ғ» болса да, дәйекші қалмай жазылған дұрыс болар деп білдім. Бұл жоба жазуға көп жеңілдік келтіреді: бұрынғы, «іс, іске, піс, піспен, өр, өрле, біз, бізге, сөз, сөзге, түр, түрлес» дегендегі түбірінде бар дәйекшелер жоғалмайтын болады: «іс» іске, піс, піспек, «өр, өрмек...» болып жазылады. Бәрі біркелкі. Бұрынғы ереже де болмайды. Тағы бір пайдасы: шұбалаңқы ұзын жазылатын, сызықпен қосылатын сөздер қысқарады, жазу ықшамдалады. Сыдыртын тез оқудың бір шарты: сөздің ықшамдығы кітап оқығанда, кісі ежелеп отырмайды, сөздің тұлғасынан тани кетеді. Неғұрлым тұлғаның тұрқы қысқа, ықшам болса, соғұрлым оқуға да жеңіл болмақ, жазу үйретуге тағы солай.
Осы айтқандарға сүйеніп жоғарыда көрсетілген мысалдарды былай жазуды ұсынамын:
«Атты кісі мылтық атты. Қасымбек, Қойшығұл, Түйебай, бір ақ, мал ғой, жоқ қой, керек қой, адамда, құста, анда, барайын ба, келейін бе, аламыз ба, барғанбысың, келгенбісің. Жазғансың, малмен, көппен, биеке, ағаке, молдеке, тайсымай, япырмай, жарықтығай, аппақ, сапсары, баралмаймын, жүралмаймын, бимаза, бей бастақ, битарап, биқам, бетпақ, болмаспеді, жүрсе игедім...».
Қазақ тілінде үндестік (сингармонизм) бар деп, басты қатырдық. О да жоқ сөз болып барады. Қараңыз мына мысалдарды: Махамбет, Ахмет, құдірет, қасиет, қауесет, қызмет, бірақ, қане, қорек, қыркүйек, қалпетімен, қабен, саудагер, қаныкей, қажет, қазір.
Мұндай сөздерді іздей берсек, аттың қара қапталынан келетін. Әрине, олардың ішінде шеттен кіріп, байырғы болып кеткендер де бар, өз байырғымыз да бар. Қайткенмен, олардан құтылу, әйтпесе, елдесшелеп «қасиет, қызмет, Әкмет (Ақмет), кудрет, қажет...» — деп бұзу мүмкін емес. Сондықтан үндестікті (сингармоинзмді) тіл білімдандарымыз (языковед) сыбағасына қалдырып (егер олар қашап ала қойса), сөзіміз бен жазуымыздан аулақ қылу керек.
Енді Елдестің көкейін тескен «гү, и, ы»лар туралы бірекі сөз. «у» мен «и» екі дыбыстан құралғанына да таласпай ақ қоялық.
Ұ+У–УУ (УУ)
ы+у=үу (үу)
ы+и= ( и)
— деп- ақ қояйық. Бірақ таңбаны ықшамдау керек болса, – оларды ықшамдау керек.
Осы күнгі орыстың «с, ё, я, ю» деген қаріптері мына дыбыстардан құралған:
и+э=е
и+о=ё
и+а =я
и+у = ю
Орыстың бұдан неше ғасырлар бұрын қолданған қоспақ таңбаларын біз осы күні қолданып отырмыз. Неге? Ломоносовтарымыз жаңадан шықты, біз орыстың таптаған жолын таптағымыз келмесе, қоспақ таңбадан осы бастап құтылуымыз керек. Елдес этимология (тіл заңы), фонетикаға (естілу бойынша) сүйеніп, оларды қорғапақ шығар; іс жүзінде қолайлы болуына келгенде, ілгеріден тілеуіміз бар ғой десек, оларды қысқарту тиіс: «у» да, «и» да, қай жерде болса да, бір таңбамен жазылсын; шолағы да, ұзыны да.
«и» қалмай жазылсын: өзгеде жоқ, бізде бар, деген пікірлер жүр. Сондықтан: «келу, бару, сарық, қайық, қиын, қарыт, тарық, Тротский, қырық...» деп жазамыз десіп, опоңай көріп жүр. Бұл сөзді ықшамдауға жатпайды, шұбалтып соза беру болады. «ы» деген дыбыс бірде бар, бірде жоқ, ойнақшып тұрмайтын сағым сықылды дыбыс. «Сартсұрт, қырт, қарт (кәрі), қырқ, мұрт»дар дағы «ы» емес, секін (ь) тәрізді бірдеме. «Келіу, барыу»дың ішіндегі «ы» дыбысы да дүдамал. Ондай дүдамал дыбысқа бола «ашық буында, бітеу буында «ы» дыбысы қалмай жазылады» деп ереже шығару керек емес. Айқын естілген жерде «ы» жазыла берсін. Түбінде тіршілік тартысында күштілер жасайтыны шын болса, «ы» сықылды шалағай, тұрлаусыз «меньшевиктер» сүйрегенмен аңға жарамайды, бір кезде шығып қалады.
Таңба (қаріп) туралы қазірденақ Ахаңның жазба мәшинеге арнап шығарған таңбалары қабылдансын; ол мүмкін болмаса, аз да болса, жеңілдік келтіру үшін, бұрынғы басылған жобамды жақтаймын. Тыңнан шығарған, татардың өзгерткен, болмаса латыннан алған таңбалар туралы менен басқа да айтушылар табылатын. Сондықтан сөзді доғарамын.