03 Қаңтар, Жұма

Әдебиет

Жәди Шәкенұлы

Жәди Шәкенұлы, 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Алтай аймағында – Ертіс өзені жағасында дүниеге келген.


Компьютер ойыны






Әкесі Наралтайға:

— Компьютерде кешке дейін ойнадың. Енді демалып орныңды маған бер, — депті. Ойына әлде не түскен Наралтай:

— Әке, әке, сен бала күніңде компьютермен көп ойнаушы ма едің? — деп сұрапты.

— Е, балам, ол кезде қайдағы компьютер? Компьютер болмаған соң, оның ойыны қайдан болсын! — депті әкесі. Сонда Наралтай әкесіне жанашырлық білдіріп:

— Әке, маған ойнамай-ақ дегеніңді енді түсіндім. Өзің ойнағың келіп тұр екен ғой, ойнай ғой онда, — деп орнынан тұрған екен.