22 Желтоқсан, Жексенбі

Әдебиет

Әнуар Әлімжанов

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов (1930 жылы ) — қазақ жазушысы.

Күнге бет алған керуен






(повесть)

О шіркін, той болғанда қандай той еді бұл! Асқардың өміріндегі нағыз үлкен той, бірінші топ болатын. Жасыл таудың етегіндегі қызғалдақ тұнған көкпеңбек алқапқа осы өңірдегі ауыл біткеннің кәрі-жасы тегіс Жиналған. Жеңіс хабарын естіген халық жаяу-жалпылап, атқа, түйеге, өгізге, тіпті кейбіреулері сиырға мініп, жан-жақтан ағылған еді осында. Жұрт бұрынғы тасаттық беретін дәстүрді еске алып, қуаныштың құрметіне бір-біріне су шашып жүр.

Тау иегінен күн де көтерілді. Теп-тегіс боп сәл буалдыр көктеніп жатқан күздік бидайдың үстінен ақ бу көтеріле бастады.

Бүкіл алқапты бойлап асығыс киіз үйлер тігілді. Басқарманың үстелінен сыпырып алынған, әр жеріне сия тамған алқызыл сәтен жалау желпілдеп, сүмбіл сабын майыстырып тұрды. Түйелердің бақырғаны, шық тұнған көк майсаға домаланған балалардың шуылы, қыздардың әні, күмбірлеген домбыра үні және абыр - дабырға есі кете құтырынған иттердің үргені — осының бәрі бір ғана той дүбіріне үндесті. Киізден сырыған шарығы шықтан дымқыл тартып, төбе басындағы жалаудың қасында Асқар тұр. Аяғын алма-кезек көтеріп қойып, ол гу-гу еткен қалың топтарға қарайды. Жылқышылар жарау аттарды киіз үйдің іргесіне қаумалап кеп, лып өткізіп құрық сап жүр.

Шөбі тапталған бір кішкене ойпаңда қызылды - жасыл киінген қыздар тобы. Орамалдарын шешіп, тоқпақтай бұрымдарын бұлғаңдатып қоя берген, үлкендер көзінен именбестен, сымбаттарын өздері қызықтағандай, тақия тастамақ ойнап, жігіттерді қуып жүр. Одан берірек ойпаңда күрес болып жатыр. Көрші ауылдың екі жігіті күш сынасуда. Бұлар бірін-бірі жығыса алмай тоқтады. Жұрт кеу-кеулеп, бұлардың жығыса алмағандарына разы болмай жатыр.

Осы тұста жас жігіттерді қақ жарып, ортаға Ақтұманың, қарт шопаны Күрекең шықты.

— Әй, төңкерісшілер, шығарыңдар балуандарыңды! — - деп айқай салды ол, ескі шолақ тоным шетке қарай лақтырып тастап. Бас киімі мен аяғын қоса шешіп, басы жалтырап, кеудесін жалаңаштап ортаға тұра қалды.

— Егер мен белбеуімді буынғанша ешкім шықпайтын болса, бәйгі біздікі, — деп саңқ етті де, ұзын орамалмен белін буа бастады. Көрші ауылдың жас жігіттері қапелімде естері шығып, өз ақсақалдарына жалтақтап қарай береді.

— Уа, Күреке, бізде азамат бітті деп пе ең? Кәрі теке, өзіңді мына сазға біраз аунатып алайыншы, — деп кенет ортаға Ақшал шыға келді.

— Таста, онда анау үстіңдегі жалбағайыңды. Ешкімнен сөз сұрамайтын тілмар екеніңді білеміз, бірақ жауырынын, жерге тигенде не дер екенсің, соны көрелік.

— Ау, сен өзің жас кезіңдегіңді ұмытқан сияқтысың ғой. Есіңе түсірейін бе? — деп күлді Ақшал. Асқардың естуінше, жас кездерінде бұл екі шопан осы өңірдің бұрынғы иесі — Төрегелді байдың бұйыруымен күреске түскен екен. Ол кезде Күрекең жығылып қалатын көрінеді. Ақшалдың қазіргі меңзеп тұрғаны сол.

— Ә, қорыққаныңнан баяғыны еске алдың ба? Ол кездегі менің жығылуым сенің жыққаныңнан артық еді, — деді Күрекең мысқылдап.

— Бай саған есі бар тебетіндей ғып үстелінің үстіндегі майлы сүйектерді тастайтын.

— Ә, кәрі мылжың... — деп Ақшал Күрекеңнің белбеуінен шап етіп ұстай алды.

Екі қарт бірін-бірі балаша жұлмалай жөнелді. Жанкүйер жас жігіттер әуелгіде әдеп сақтап күлмеуге тырысқандарымен, артынша - ақ күрестің қызығына елігіп, екі қартты тұс-тұстан кеу-кеулеп әкетті.

— Ата, жақынырақ, жақынырақ! Тарта түсіңіз. Аяқтан қағып қалыңыз! Әй, қартым -ай, — десіп жан-жақтан шуылдасып тұр.

Бір сәт екі қарт та шөп үстіне ұмар-жұмар домалап түсті де, қайта тұрып кетті. Ақшалды белінен мықтап қысып алған Күрекең шірене тұрып жерге көтеріп ұрмақ еді. Ақшал бұлт -өтіп шығып кетті де оңтайланып ап Күрекеңді тік көтерді.

— Әй, қарғыс атқан кәрілік-ай, — деп қынжылды тәлтіректеп қалған Ақшал.

— О алла, мына шалдар құтырған ба ей! Ұялу дегенді де қойыпты, түге, — деді бір кемпір дауыстап.

Енді бір оңына келгенде Күрекең тартыншақтай берген Ақшалды жерден іле көтеріп алды. Бірақ сол кезде оның белбеуі босап, бауы үзіліп кеткен дамбалы сыпырыла берді.

— Ақтұмалықтар, жұмыңдар көздеріңді! — деді ышқынған Күрекең з ауылдастарына, онан соң «әуп» деп Ақшалды жерге алып ұрды. Әйелдер жаулықтарының ұшымен беттерін басып, шуылдаса бытырап, тым - тырағай қашты да, еркектер іштерін басып, қыран-топан күлкіге батты.

— Күліңдер, күліңдер! Ұятсыздар! Күлкі жеңістің нәшін келтіреді, — деп күңкілдеді, қалың күлкінің ортасында абырын жаба берген Күрекең.

— Екі ақсақалға да сый-құрмет көрсетілсін. Ақ үйге кіргізіп, төрге отырғызыңдар, жігіттер! — деп айқай салды Сапар ағай.

Асқар Сапар ағайды жақсы көретін. Батылдығын, мейірімділігін ұнататын. Бірде Сапар ағайдың:

— Сен әкеңе тартқан жақсы жігіт боласың, — деген сөзі үшін де ұнататын.

Сапар ағаймен кездескен сайын Асқардың есіне әкесі туралы буалдыр ойлар оралатын. Әкесін 1937 жылы, Асқардың кішкентай кезінде бейтаныс адамдар алып кеткен еді. Анасы онан бұрынырақта қайтыс болған-ды. Сонда Сапар ағай Асқарды үйіне әкеліп, өз баласы, Асқардың құрбыласы Қайсарға: — ендігі жерде ол Асқарды өз бауырындай көру керек, — дегенді айтқан.

Асқардың әкесі қырқыншы жылы шашы аппақ қудай, екі кезінен айрылып, су қараңғы соқыр боп оралды. Оны тек Сапар ағай ғана алдынан шығып қарсы алды, көзі жасаурап қайта-қайта:

— Мен айтпап па ем, — бұл бір қате деп. Өзің ойлап көрші: сен қайдан халық жауы боласың. Апырмау, екеуміз черкас партизандырының аттарын бағып, атаман Анненковтың обозынан оқ-дәрі ұрлап, ақтарға қарсы аттандық. Төрегелдіні қудық, колхозды өзіміз ұйымдастырдық... Сонда сен қалайша жау болмақсың... — дей берді.

— Пәлендей деу ертерек... Ол әлі ақталған жоқ, — деді бірде колхоз есепшісі Әмірбек зәрлене.

Әкесі жұдырығын тас қып түйген күйі боп-боз боп кетті, бірақ ләм деп үн қатқан жоқ. Асқардың әкесі, үндемейтін адам, алайда ұлына аса мейірбан еді. Ол өз үйін етікші шеберханасына айналдырды. Енді Асқар колхозшылардың аяқ киімін тігуге әкесіне жәрдемші болды. Күнде кешке қарай бұлардың үйіне ауылдық құрметті адамдары жиналатын. Олар Асқардың әкесімен ұзақ отырып әңгімелесетін, әртүрлі шаруа жайын кеңесетін, бірақ бірде-біреуі неліктен мұның айдауда болғанын, неліктен мұны қиыр өлкелерге алып кеткенін сұрамаушы еді. Бұл туралы бірде Асқардың өзі сұрады.

- — Әке, сенің шашың осынша неге ағарған? Сен әлі қартайған жоқсың ғой, алып кеткен кезде жап-жас, қайратты едің ғой...

— Мен тайгада болдым, балам. Бір ретте ағаш кесіп жүргенімізде байқаусызда қарағайдың астында қалдым. Бұтақтары көзіме тиіп, басымды қар басып қалды. Сонан бері екі көзімнен айрылып, басым аппақ қудай болды, балам, — деген әкесі, ақырын ғана күрсіне отырып. Оның жып-жылы, бұжыр алақаны ұлының басынан ұзақ сипады. Қырық бірінші жылы январь айынын, бір таңында оянған Асқар әкесінің әлі ұйықтап жатқанын байқады. Әдетте әкесі өте ерте тұратын-ды. Әкесінің осы уақытқа дейін ұйықтап жатқаны Асқарға біртүрлі көрінді. Ол әке төсегіне жақындап кеп қалшиып қатты да қалды. Әкесінің өңі балауыздай боп сарғайып кетіпті.

Есі шыққан бала далаға атып шықты. Жұрт жиналған кезде қарттардың бірі:

— Уу, — дей беріп кесіліп қалған. Сапар ағай оған шаншыла қарады. Онан кейін бұрылып, өз әйеліне Асқарды алып кет дегенді айтты.

Көбік қар басқан жолменен әкесінің сүйегін жұрт алып бара жатқан кезде Қайсардың:

— Сен енді жалғыз қалдың ә? Енді сен жетім болдың, — деп көңіл білдіре айтқан сездері Асқарды өртеп өткендей болды. «Ендігі жерде жұрт маған дірдек қаққан аш күшікке қарағандай қарайтын болады. «Жетімек» — деп аяушылық білдіреді». Ол киім-кешегін жұлқына киініп, өзіне аяушылықпен ғана қарайтын Сапардың үйінен, бүкіл ауылдан қашты... Сүйектен еткен суықты елең қылмастан, үкідей ұшып отырып «Төңкеріске» жетті, сондағы мектептің таныс күзетшісін тауып ап, оған жылы күркеде қалдыра көр деп жалынды. Ізінше атпен құйғытып Сапар ағай да жеткен еді.

Үшеуі тіс жармастан таң атқанша отырды. Онан соң Асқарды он екі шақырым жердегі үлкен ауылға апарып, жетім балаларға арналған интернатқа орналастырды. Бірнеше айдан кейін соғыс басталып кетті. Интернат жабылып қалды. Осыдан бастап...

Асқарды панасыз балалар жиналған балалар үйіне жіберген. Алғашқы күні-ақ бұзақы балалар оған «халық жауының баласы» деген айдар тағып, өзін ұрып-соғып, алдындағы тамағын тартып жеді, ал түнде үстіне жамылған көрпесін жұлып әкетті. Асқар өзін жәбірлеушілерден қорғанып бақты, қолдарын тістеді, беттерінен тырнады, ақыры терезені сындырып, көшеге секіріп шықты. Басы ауған жаққа қарай қаша берді...

Оған енді ешуақытта балалық шақ деген болмастай көрінді, әркім-ақ оны қағып жібергісі кеп тұратындай, оның ар намысын жәбірлеуге әзір тұратындай боп көрінді. Өзі сияқты қашып-пысқан жетім балалармен достасып, ол қалаға келді, осында базардан қарбыз ұрлаған кезінде қолға түсіп, онан балалар тиелген эшелонмен, — сол ауыр күндері — қырық екінші жылы жұлым-жұлым, аш-жалаңаш балалардың тоғысқан жеріне айналған ФЗО- ға жөнелтілді. Мейрімді адамдардың көмегімен Асқар тағы да қашты, поезға билетсіз мінген, мұны мұртты теміржолшы іші бос жүк вагонына жасырып қойды, шашын ақ шалған әйел бір кило картоп берсе, жаралы солдат машинаға отырғызды, — сөйтіп туған ауылына жеткен. Сапар ағай оны күштеп мектепке кіргізіп, өз құрбыларын қуып жеткізу үшін екі класқа бірден емтихан тапсыртты. Сабақтан кейін Асқар жұмыс істеді...

Сол кезде Асқардың иығына біреу қолын салып, ойын бөліп жіберді. Қараса, Сапар ағай екен.

— Көрдің бе, балам, біздің Күрекеңнің Ақшал қарияны алып ұрғанын, — деп қойды. Әлдеқайдан Қайсар атып шықты да әкесіне жүгіріп келді.

— Біз бүгін бәрін жеңіп жатырмыз. Тіпті қыздарымызға дейін көрші ауылдың жігіттеріне жер сүздірді, ұқтың ба? — деді Сапар, күлімсірей кез қысып. — Қысқасы, бүгін Жеңіс күні. Сен де жеңуін, керек.

— Қалай? — деп сұрады таңданған Асқар.

— Әй, Қалтай, Аққасқаны бері әкелші. Бәйгеге шабатын адам міне, — деп Сапар ағай Асқарды иығынан қақты.

— Әке, сіз мен шабады деп едіңіз ғой, — деді Қайсар бұртиып.

— Асқарға бер жолыңды, балам, ол сенің бауырың ғой. Сен Аққасқамен тағы бірде шабарсың.

— Қалай, ұятқа қалдырмайсың ба, Асқар? Байқа, жігіт екеніңді таныт өзіңнің.

Мұндай бақыттан есі шыққан Асқар:

— Аға... — деп күбірлей берді.

Маңдайында қасқасы бар, бота тірсек құнанға міну ауыл балаларының арманы болатын. Аққасқа жүні жалт-жұлт етіп, шиыршық атып тұрғанда үстіне шыбын қонақтай алмайтындай көрінетін. Жатаған қазақы ерді, шашақты жүгенді Аққасқаға арнап ауылдың ең шебер қариялары жасаған.

— Неғып аңқиып тұрсын, енді сен. Жүгір, бар, ыстық бірдеңені жеп ал да, бір аяқ қымыз іше сап, тез атқа қон. Етін қыздыра бер. Көрдің бе, басқалар шыға бастады...

— Тоқта, онан да тамақты осы жерге әкелсін. Әй, анау қазан-ошақ басында жүрген қайсың. Дәмеш, сенбісің! Мына Асқарға қойдың бір сирағы мен бір аяқ қымыз беріп жіберші.

— Қазір Зәуреш апарып береді, — деп дауыстады Дәмеш апай.

Зәуреш ауылдағы Асқар құралпы қыздардың ен, сүйкімдісі. Асқар онымен кездескен сайын әлденеге қысылып қалатын. Енді міне, Зәуреш ағаш табақпен ет, тостағанмен қымыз әкеп беріп тұр. Басқа балалар көрсейші осыны. Бүгін кім болса да, Асқарға қызыға, қызғана қарайды.

— Бәйгеге сенімен таласатын анау болады, — деді Сапар, ақ жал шабдар атқа шіреме отырған қараторы баланы нұсқап.

— Аққасқаның қиқу шыққаннан еліре шабатыны бар, сондықтан басын тежеп ұста, ә дегеннен қарқынын жайып алып жүрме. Шаңға көмілмей, жел жақты ала шап. Ақжалды көзіңнен таса қылма, тек жер ортасынан өттім - ау деген кезде басып озуға тырыс, онда да тек оң жағынан ғана ет. Жер ортасынан Қызыл шоқының өрінде өтесің. Ал ол тұста оң жағыңнан жол тегістеу келеді, қарағай мен теріскен бұталары болмайды. Сонау ретөкпеден түскен кезде аттың басын тартушы болма. Қарақшының тұсынан Аққасқа құстай ұшып өтуі керек. Елдің бәрі осы арадан қарап тұрады саған. Бұлт ете қап жүрме!

Аққасқа — осы өлкеге атағы шыққан, алдыңғы жылғы қыстың жұтында колхоздың бір табын жылқысын үйірлі аш қасқырдан қорғап қалған, бірақ өзі денесіне түскен сондағы жарақаттардан мерт болған Қаражын атанған айғырдың баласы. Аққасқаның шешесі Жұлдызша атанған, сымбатты, сүліктей қара бие.

Аққасқа орталықтағы ат қорада өсті. Ол кезде шөп, майданға жөнелтілетін астықты теміржол станциясына жеткізетін жұмыс көліктеріне ғана қатаң тәртіппен берілсе де, ауыл балалары Аққасқаға деп бір уыс шөпті қайдан да болса табатын. Қайсардың Асқарға айтуынша, ауыл балалары: бор — құлының сүйегін бекітеді екен, дегенді естіп ап, Аққасқаға жасырын беріп отыру үшін көрші ауылдың мектебіне түнде аттаныс жасап, мұғалімдер бөлмесіндегі борды тегіс алып кетіпті.

Құлын тез өсті, балаларға үйренгені сонша, қашан табынға қосып жібергенге дейін, олардың соңынан итше еріп жүретін.

Апрель айында колхоз жылқысы құмнан тауға қарай көшкенде, Аққасқаны ауылға алып қалып, алдағы үлкен мерекеде бәйгіге қосуға дайындай бастады. Алғаш қосқан кездерінде - ақ ол көзге түсіп жүрді.

Жұмыстан бос уақыттарында Асқар оны сылап-сипап кетіп жүретін. Сондықтан да болар, Сапар ағайдың бүгін Асқарды бақытқа кенелтіп отырғаны. Жер түпке жеткенше Асқар аттың қамыс құлағынан өзге ештеңені көрмеді. Аққасқаның құлақ қайшылауына қарап, шапқан кезде оның, қандай күйде болатынын топшылаумен келеді. Ат, Асқардың әуселесін байқағысы келгендей, тізгінді созып, ауыздықты тістеп алып, басымен сүзіп ала жөнеледі. Баланың тақымында ойнап, екі жағына кезек-кезек ұйтқиды. Тізгінді сәл қағып қалсаң, бір орында ойнақшып, ойқастай береді. Сыралғы болған жүйрік әккі баланың ырқына әбден жаттығып алғандай.

— Осы араға қаз-қатар тұрамыз, — деді алда келе жатқан ат айдаушы. Бәйгешілер иіріле тоқтап, аттарының басып кейін бұрып, қатар түзеп тұра бастады.

Асқар басқаларға зер салған. Атқа шапқандардың ішіндегі ересегі өзі екен. Жастары ондар шамасындағы балалар, тақымдары атқа жабысып қапты. Әдетте, ескі дәстүр бойынша мұндай ұзаққа жіберілген бәйгеде атқа өте жас балалар шабатын.

Ауыл балалары болса, шетінен аттың құлағында ойнайды. Бәйгеге шапқан кезде қарсы соққан желден атқа күш түсірмеудің әдісін де олар жақсы біледі, ол үшін аттың жалына жабысып қалады. Салмақтары қаңбақтай, атқа ауырлықтары жоққа тән. Ондайда ат үстінде адам барын сезбей, емін-еркін көсіледі. Асқардың құрбыласы бір ғана қара бала боп шықты. Оның астындағы ақжал ат та Аққасқадан кем соқпайтын тәрізді.

Ат айдаушы сапқа тұрған балаларды бір айналып, ер-тұрмандарын, байқап, аттарды бір шолып өтті де:

— Дайынсыңдар ма? — деп сұрады.

— Бәріміз де дайынбыз.

— Онда тыңдаңдар. Шапқан кезде бір - біріңе соқтықпаңдар, үзеңгі қағыспаңдар. Жол кең, жер тегіс, ұра - жыра жоқ, жазық дала бәріңе де жетеді. Біржарым - екі шақырым өткен сайын қарауыл тұр. Тәртіп бұзбаңдар. Егер ат болдырғандай болса, жарыстан шығып кетуге болады...

— Тыңдаңдар!

Асқар демін ішіне тартып, тізгінді қыса түсті. Аққасқа да құлағын тіге қалды.

— Қайтыңдар!

Дүлей желдің екпіні осып жібергендей, аттар алға қарай лап қойды, сатыр-сұтыр еткен тұяқтардан кесек-кесек шаң ұшты.

Әуелгі бетте Асқар қалың топырдың ішінде қалды, көз алдында алдағы аттардың құйрығы ғана желбірейді, олардың тұяқтарынан ұшқан кесектер Аққасқаға тиіп жатыр. Аққасқа болса, еркіме қоя бер дегендей, басымен алысады, құлағын жымырып, алға ұмтылады. Алдағы көп топырдың арасынан сытылып шығар саңлау іздейді. Біртіндеп, қайыстай созылып, бәйге аттар бір-бірінен бөлінейін деді, сырт қарағанда бірқалыпты шабыспен кергітіп барады бәрі де. Асқардың арт жағынан бір аттың бырылдаған демі қуып жетіп қалды, алдында қара сәйгүлікке мінген кішкене бала кетіп барады, оның алдында тағы төрт ат көрінеді. Аққасқа алтыншы боп келе жатыр. Барлығы қанша ат еді, — он бес пе, әлде жиырма ма еді? — деп еске алды Асқар. Бәрібір әзірге қуанатын ештеңе жоқ. Қарақшы әлі алыс, асықпау керек.

Жалға жабыса түсіп, аттың тынысын аңдайын деп тізгінді ірке ұстады. Аққасқа ырсылдай дем алады. Құлақтан гулеген жел екпініне қарап Асқар оның біртіндеп аршындап келе жатқанын аңдады. Аққасқаның еті қызып, тізгінді босат дегендей, еліре екпіндеп, қара сәйгүлікке жетіп те қалды. Аттың ойнақ салған елірме қайсарлығы шабандоз балаға да оңай ауды. Асқар тізгінді босата берді. «Бір сәтке: ақырына дейін арыны жетер ме екен. Сапар ағаның ең соңғы кезеңге дейін ауыздығына сүйей шап деген аманатын бұзғаным дұрыс па?» — деген ой келді де дереу ұмыт болды.

Құлағын жымырып, қарышы жазыла түскен Аққасқа құстай ұшып келе жатты. Жалпақ таспадай даңғыл жол зымырай дөңгеленіп, аяқ астында зуылдап қалып барады. Қарсы соққан жел бетке ұрады. Бірақ ол суықты сезген жоқ, есі-дерті жанұшырған ат екпініне ауған еді...

Аққасқа алға ентелеп келеді. Бала өзін тау мен тастың төңірісіндей, жойқын күштің несіндей, зуылдаған қанаты бардай сезінді. Оның айқай салғысы келді, көрсін жұрт мұның қазіргі күйін, естісін, білсін мұның қуанышын...

Аттың ақ көбік болған омырауына, үзік-үзік алқына шыққан деміне қарап, Асқар дөңестің басталғанын ұқты. Алда тек бір ғана ақжал аттың құйрығы көрінеді. Аққасқа соның соңынан құтырына өршеленіп келеді. Міне ол таяп та қалды, тағы бір ұмтылса, тағы бір, тағы бір... Аққасқаның басы қара баланын, ер тоқымының деңгейіне де жетті. Дөңнің басы да жақын, онан әрі адамға толы сары жазық, онда Сапар аға бар, онда бағана аттандырып саларда: «Озып келетін бол», — деп ақырын ғана сыбыр еткен Зәуреш бар. Олар Асқардың озып - келетініне кәміл сенеді, көз талдыра күтіп тұр.

«Айналайын, жануарым! Айналайын Аққасқа, озып шық!»

Ден, басы таяу. Аққасқаның басы оза берді. Асқар бар даусымен атойлап тебініп қалды, қуаныштан ышқына шыңғырып, қара баланын, бетіне қарап айқай салды:

— Е-е-е-ей! Сақтан, достым! Астыңдағы атын, борта - борта болар! Атың кім өзі?

— Жомарт! — деді қара бала, ызалана дауыстап. — Панасыз қаңғыбас, халық жауының баласы!

Аққасқа дөңнің басына шыққан. Алдағы гүл мен адамға толы алқаптан қуанышты шу гу ете түсті. Салт аттылар қиқулап Асқарға қарсы шапты. Бірақ Асқар оларды керген де жоқ, естіген де жоқ.

Аққасқа ылдиға қарай құлдырап келеді. Асқар құйындай ұшқан аттың басын ойыстыра бұрып, өзін жәбірлеген қара баланы қамшымен тартып жіберейін деп көтеріле берді. Күрт бұрылған Аққасқа жолдан шығып, сүрініп кетті. Асқар қолын көтерген бетте аттың басынан асып, әлдеқандай шыңырауға ұшып түсті.

... Жерге дүрс етіп құлаған бала қиялай домалады, шөптің жұмсақ тікені мен тобылғы бұталарының осып еткенін сезігі жатты.

Көзін ашқанда ол өз төбесінен төніп тұрған аспанды көрді, шырқау көкте биікте құс қалқып жүр. «Қыран әр уақытта да биік ұшады» — дейтін Сапардың сүйікті сөзін есіне алды. Қыран екіге бөлініп барып жоғалып кетті, Асқардың басы айналды. Лоқсық қысқан соң тұруға әрекеттенді, бірақ кеудесі сырқырап бақырып жіберді де қайтадан құлап түсті.

— Не болды саған, балам - ау, а? — деген Сапардың даусы әлдеқайдан, алыстан жетті.

— Ештеңе етпейді, Сапеке, өмірінде бір аттан жығылмайтын ол қандай жігіт сонша? Қазір біз оның есін жиғызамыз.

Асқар төбесіне төніп тұрған Қалтайды керді.

— Ә, міне, есін жиды, — деді, ыңыранған Асқарды еппен көтере берген Қалтай. — О оу, сенін, қолын, шығып кетіпті ғой. Ештеңе етпейді, шыда енді, әйтеуір сүйегін, аман екен.

— Жаны сірі - ақ өзінің, мысық сияқты. Паровозды көрді ғой, әкесінің, соңынан Сібірге де барып қайтты, өлетін түрі жоқ, — деді әлдекім мысқылдай сөйлеп. Қолының ауырғаны жанына батқан Асқар қатты тістенген күйі көзімен әлгі сөйлеген адамды іздеді. Тағы да жәбірден жүрегі қыстығып кетті, орнынан тұрды, Сапар мен Қалтайдың жәрдемінсіз өзі тұрды. Сол қолы жансыз заттай салбырап, шаң мен азаптан қарайған жүзінен баттасқан тер тамшылап тұрды.

— Міне жігіт, міне жігіт, өзі тұрды ғой, — деп Қалтай абыржып қайталай берді. Ол ақсаңдай жүріп, баланы бір айналып шықты, қолын көріп, абайлап қана иығынан қозғап қойды.

— Сем сәл шыда, Асқаржан. Азырақ қана шыда. Қазір. біз сенің қолыңды орнына саламыз, бәрі де жөніне келеді. Қайда айдаса қайтпайтын жігіттің өзі боласың...

Жанына батқан ауруға берілмей, аяғын шақ басып тұрған бала Қалтайға күдікпен қарады. Ол жуырда ғана майданнан қайтқан осы бір ақсақ адамды онша біліңкіремейтін, сондықтан одан қорқатын да. Әдетте Қалтай үндемейтін тұйық адам, өзі жалғыз тұратын. Ауылда ол көшеде көп көрінбейтін, қашан да әлденені істеп, жұмыссыз отыра алмайтын. Бір сөзбен айтқанда, он саусағынан өнері тамған шебер еңбеккер еді. Ал істейтін ісі болмаса жабығып, жұрттан қашқақтай бастайтын. Ауылдағы жесір келіншектер мен қыздардың Қалтайға ынтыға көз салатынын да Асқар керген. Бірақ Қалтай оларды байқамайтын сияқты еді.

— Сапар аға, маған көмектесіп жіберіңізші. Мықтап ұстаңыз мұны, жібермеңіз, — деді Қалтай.

— Шыда, балам, әйтпесе кем боп қаласың. — Сапар Асқарды қаусыра құшақтады. Бала төңірегіне қарап еді, өзім қоршап тұрғандардың ішінен Зәурешті көріп қалды, соған қарап езу тартып күлгісі келгенмен, күле алмады.

— Ә-ә-упп! — Қалтай мұның шыққан қолын жұлқа тар¬тып қалды. Асқардың шырқыраған жан даусы шығып кетті. Сапардың жүзі кіржің етті, ол әлдекімнің пальтосына есінен танып қалған баланы абайлап әкеп жатқызды да, су әкелуді өтінді.

— Бәрі де жөніне келді, қолы орнына түсті, енді бір-екі күннен кейін шайтанға мініп шапса да жығылмайтын болады, — деді күлімсіреген Қалтай, жеңімен терін сүртіп тұрып.

— Мен кінәлімін бұған, менің кесірімнен, — деді жұрт көзіне тура қарауға қаймыққан Жомарт ақырын ғана. Оған ешкім назар аударған жоқ. Тек Сапар жақын келді де:

— Ондай болса, сен Зәуреш екеуің жеңіл арбамен мұны ауылға жеткізесіңдер. Шөпті қалың ғып салыңдар, селкілдемесін, атты ақырын айдаңдар. Жолда татуласып, кешірім сұрағайсың, — деді.

* * *

Жұрт мерекені кепке дейін еске алып жүрді. Рас, тойдан кейін шаруа шектелген жоқ, ішер ас молайған жоқ, қайта керісінше колхоз қоймасында не бір уыс ұн, не бір жапырақ ет қалмады.

Пішен басталды. Пішеншілерге берер азық жоқ еді. Әйелдер рауаш, тау жуасын және шуындықтың түбін жинады. Рауаштан көже жасап, шуындықтың түбін картоп құсатып шоққа пісірді. Әйелдер қолдары тілім-тілім боп жарыла жүріп, қырмандағы өткен жылдан қалған масақты терді, қыстай қар астында жатып ісінген, өне бастаған дәнді жинады. Әрбір семья үмітпен, қуанумен өмір кешті, есіктің сәл тықырына елең етіп дыбыс беріп, ұзақты күнге ауданнан келетін жолға телміре қарады. Біртіндеп майдандағылар қайта бастады, бір семьяның қуанышы бүкіл ауылдың қуанышына айналды. Тіпті қара қағаз алғандарға дейін үміттерін үзген жоқ.

Көктем гүл атты. Күн шуағын мол төгіп, егін көтеріліп өсе бастады, осы бір шақта бірде -біреу өлім дегеннің бар екеніне сене алмады.

Жұрт дәл бір ұзаққа созылған, ауыр ұйқыдан оянғандай боп, таудың, шабындықтың әсемдігін, сондай-ақ үйлердің төбесінің құлауға таянғанын, мал арықтап, арбалардың ашық - шашық қалғанын аңғарды. Бәрін асығыс жөнге келтірді. Бірақ аштық күшті ала берді.

— Осы мені ауылға не сордың айдап келгенін өзім де білмеймін? Қалалардың бірінде қалып, жұмыс тауып ап, тұрып қалғанымда ғой. Кесікті жалақың, бар. Ал мұнда болса еңбеккүн, оған да тек күзде бірдеңе алған боласың, онда да астық жөнді болса. Әйтпесе бүкіл жыл бойына күн демей, түн демей ырсылдап жұмыс істейсің, азығың қу шөптің сабағы ғана.

Асқар бұл сездерді аудан орталығындағы базардан сатып әкелінген жарма толы қаптарды кірдің үстіне ызалана лақтырып жүрген Қалтайдан естіді. Жарманы колхоздың екі бригадасы тең бөліп алды.

— Бұл айтқанын, дұрыс емес! Жігіт а дам қайда жүрсе де, өзін - өзі асырайды. Ал балаларды, кемпір-шалды, жетім-жесір әйелдерді кім асырайды? Қашқың келді ме, — бар, ұстамаймыз. Бүгіннен бастап кет! — деп Сапар Қалтайға тап берді.

— О не дегеніңіз, Сапеке, түсінбейді дейсіз бе? Менің айтып тұрғаным ол емес қой... — деп күрсінді Қалтай. — Шөп шабуды қай жерден бастаймыз, айтыңыз. Жігіттерді жинаймын да — әйда. Күтетін кез емес — шеп қуарып барады.

— Сауын сиырларды ауылға таяу қондырыңдар деп бұйырдым. Пішеншілерге сүт береміз. Ораққа дейін жетсек болғаны, — деді енді сабырлы сөйлеген Сапар. — Айтпақшы, Acқар сен фермаға есепші боласың. Сауыншыларға жәрдемдес. Ер жеттің енді. Екі аяқты арба береміз, сүтті «Төңкеріске» сеператорға апарып тұрасың, ал обратын бригаділерге тасып бересің. Соның бәрін есепке алып отыр...

Колхоз фермасы ауылдан біржарым шақырым жердегі Терең тау қуысына кіре беріске орналасты. Сауыншылар үшін екі жерүй жасалып, бұзаулар қамайтын жер қора қазылды. Мамырбай бақташы, Кенехан ұста — екеуі жерүй мен қораға есік жасап, ілездің арасында Асқарға екі аяқты арба да шауып берді. Ұста дүкенінің ауласында жатқан жуан бөренеден арамен доңғалақ қиып ап, оған шентемір қағып тастады.

— Ал, бала, сенін, танкін де дайын. Флягтерді салып ал да тарт жұмысқа. Жайлап жүрсең, мұндай доңғалақ ұзаққа барады, ал уақытымен майлап тұрсаң, бейіштің төріне дейін де жетесің, — деді Кенехан.

«Төңкеріске» сүт тарту онша қиын жұмыс емес екен. Асқар тез төселіп алды. Сауылған сүтті өлшеп, ескі дәптерге жазып қояды. Майы алынған сүтті бригада қостарының тай қазандарына құйып беріп, аспаздарға дәптеріне қол қойғызып алады. Әр жетінің аяғында ведомості счетовод Әмірбекке әкеп тапсырады. Міне, осы бір Әмірбекке жолығатын кез — балаға ұнамайды - ақ. Әмірбек Асқарды жек көретін және онысын жасырмайтын. Ол әрбір санды күдікпен қитыға отырып тексеретін.

Біртіндеп Асқар оған да үйренді. Ол тексеруге дәптерді үнсіз беріп, үнсіз қайтып алатын да, Әмірбектің сөзі мен тесірейе сынаған көз қарасына көңіл бөлместен кетіп қалатын.

Зәуреш фермадағы Айсұлу деген, күйеуі майданнан оралмаған жеңгесіне жиі-жиі келіп тұратын. Үлкен қой тастың үстіне отырып алып, ол Асқарды сырттай бақылайтын. Асқар ыңғайсыз күйге түсіп қатты қысылатын, қораның ішінен бұзауды әрең тауып, сиырды иітуге алып шығатын.

— Сен немене, Асқаржан, Зәурештен қорқасың ба? Соны көрсең болды, ебің қашып, бұзауға шамаң келмей қалады ғой, — десіп сауыншылар қағытып қоятын. Ештеңе емес, әлі - ақ колхоз байып, арқан алған кезде бұл әуреден сені құтқарамыз. Ал әзірше күшенуге тура келеді.

... Кіп-кішкентай сары бұзау енесінің емшегінен бас алғысы келмейді. Асқар оны құлағынан тартқан еді, көзі шадырайған бұзау оны сүзіп қалды, ол отыра кетті. Зәуреш сақылдап күліп жіберді.

— Әй, жігіт! Әкел көмектесейін, — деп кеп, ол лып еткізіп бұзауды емшектен айырып алды да, жіңішке шыбықпен шықпыртып, қораға қарай қуып берді. Ал есіктің алдына жеткенде бұзау ойнақ сап, секіріп-секіріп, мөңіреп енесіне қарай қашты.

— Қайда кеттің, сар сапалақ?! — Зәуреш пен Асқар оны соңынан қосарлана қуды. Бұзау кілт кері айналып қораға қарай қашты. Асқар мен Зәуреш бірімен-бірі соғылысып қалды.

— Асқар, сен менің Зәурешімді неге құшақтайсың? Әуелі қалың малыңды әкел! — деді Айсұлу көңілді дауыстап.

— Ұяатпасаңшы оларды, қу қалжақ, — деп Дәмеш апай езу тартты.

— Әй, осы сенің тілің - ай. Ағам болса қалжақтатар еді-ау сені, — деді ұялып қалған Зәуреш Айсұлу жаққа ойнақылана көз тастап қойып.

Осы көріністің айыпкері осыдан бастап «Сарсапалақ» атанып кетті. Бұзау да тез үйренді. Басқа бұзаулар мен сиырларға да ат қойыла бастады. Әуелгіде Асқар атақты адамдардың аттарын таңдап жүрді. Шыңғысхан, Наполеон, Ақсақ Темір... деп. Сауыншылар әр сиырдың мінез-құлқына қарап, соған орайлас ауылдағы әйелдердің атымен атауға тырысты. Нағыз түк ұқпас, өзін қотыр басқан, сүйкімсіз қиқар бұзауды Асқар «Әмірбек» деп атады.

Ауыл балалары ат қойылған бұзауларды көруге фермаға келіп тұратын болды.

— Әне қараңдар, әне қараңдар, әне бір сиыр керіліп - созылып Сәруардан аумайды екен. Ал бұзауы құйып қойған Әмірбек қой, тіпті тұмсығы да сондай жексұрын екен, — десіп күледі балалар.

Бір фляг майы алынған сүтті төгіп алған күні Асқарды Әмірбек кеңсеге шақыртты. «Төңкерістен» қайтып келе жатқан жолда егізге оқыра тиіп, Ақтұмаға қарап ала жөнелген. Екі аяқты арба тасқа соғылып, доңғалағы жарылып кетті, отыз сегіз литрлік фляг арыққа аударылып түскен.

— Обратты қайда құрттың? Кімге саттың? Міне, халық жауының баласына жақсылық етіп, есіркеудің аяғы. Бөрінің күшігін адам ішер аспен қаншама асырасаң да бәрібір, бәрі, болып өседі де! Сен өзің менің қытығыма тиіп, мазақ еткің келген екен, ә?! Бұзаумен салыстырасың, ә?! — Әмірбектің жып-жылтыр майлы кескіні ашудан күреңітіп, қап-қара мұрты тікірейіп кетті. «Бұл бұзаудан гөрі мысыққа қатты ұқсайды екен,» — деп ойлады Асқар. Әмірбек балаға қарай атылып кеп, оны бетінен сызғышпен салып қалды.

— Тарт қолыңды! — деген Сапардың даусы шықты.

— Ә-ә, басқарма. Ара түсесіз. Мынау сұмның баласын есіркейсіз...

Сапар оның сөзін аяқтатпады. Оның салалы үлкен, күшті қолы Әмірбектің кеңірдегіне жабысты.

- — Кім жау, кәне, айт? — Сапардың даусы дірілдеп кетті. — Сен оның бақайына да татымайсың ұқтың ба? Оның әкесі емес, сенсің, мына сенсің...

Сапар өзін-өзі әзер тежеп қалды, өңі қашып кеткен Әмірбекті босатып жіберді де өзі қалжыраған күйде орындыққа отыра берді.

— Сапеке, сен мұндайыңды қой, қой. Мен коммунистпін, мен шағым жасаймын...

— Шағымдан, мен де коммунистпін. Мен білемін, сенен шеккендей зиянды колхоз басқа бірде-бір адамнан шекпейді. Қалтай да коммунист. Мынаның әкесі де коммунист болатын, екеуміздей емес, нағыз коммунист еді, — деді Сапар Асқарды нұсқап. — Әзірге мен тірі тұрғанда мұны ешкім де жәбірлей алмайды!

— Ал, сен, балам, жұмысыңа бара ғой. Мен ендігәрі бірде-бір жан сен туралы жаман айтпауы үшін бәрін істеп бағам. Бара ғой, Асқаржан, Қалтайды шақырып жіберші. Басқарманың жиналысы болады де.

Көшеде Асқарды Зәуреш, Жомарт және су тасушы Бәукен қарсы алды.

— Немене, бұртия қалғаның? Ол қаныпезерге түкір де жүре бер. Сапар аға оны дымын шығармастай ғып пәре-пәре қылады. Ал одан қалғанына, бізге сем, — деп қулана кез қысты Бәукен, — өзіміз - ақ жәркемдейміз оны.

Кешкісін фермаға Сапар келген. Ол сауыншылардың жұмысына мұңая жымиып қарап тұрды. Онан соң бұзаулардың аттарын естігенде қарқылдап күліп жіберді.

- — Жарайсыңдар, ақыл тапқансыңдар. Енді сендерге бас жіптің де керегі жоқ. Біз біраз орам арқан тапқан едік. Ол мәлөкеш үшін өте қажет боп отыр. Байиықшы әлі, сонда сен¬дерге арқан сатып әпергенді қойып, үй де салып береміз.

Сапар фермада түн жарымына дейін болды. Отқа жақын кеп отырды.

— Е-е, Асқаржан - ай, қиындық жалғыз ғана сенің басыңда дейсің бе, кейде мен өзімнің өрем жетпеген көп нәрсені түсінуім үшін барымды аямас едім-ау деймін, адамның білетіні қандай аз десеңші... Әттен, аз да болса оқыған болсам, — деді Асқарды иығынан құшақтап, еркелеткен жұмсақ үнмен, жалын шарпыған көсеу ағашпен отты аударысытырып қойды.

— Тобылғының түбіртегі қандай жақсы жанады. Көмір сияқты тура... Түтіні аз, ал ыстығы — темір балқытарлық...

— Өзі мен не деп мылжыңдап кеттім, — деді Сапар дереу селт етіп. — Менің айтпағым бұл емес еді. Ертең сенің басқа жұмысқа ауысуыңа тура келеді. Басқарма ұн, картоп, лобогрейкалар мен самосбросоктарға запас бөлшектер айырбастап алу үшін әк тас дайындаумен шұғылдануға шешім жасады. Біздің тауларымызда әк жағатын тас көп қой. Ертең Қалтай бригада іріктеп алады, сен солармен бірге барасың. Бүрсігүні жүресіңдер. Еңбеккүнің есебін жүргізесің, тілмаш боласың. Ол жақта, тауда орыс селолары бар. Қалтаймен бірге соларды аралап өтесіңдер. Мүмкін, әк керек дейтіндер болса, алдын ала заказ қабылдайсың.

Біздің кәриялардың, әк тасын тауып, оны қалай өңдейтінін көзіңмен керіп үйрен. Жігіттің көп нәрсені білгені жөн. Білер кәсібін, жүзден асса да артық болмайды.

Қысқасы, істер іс жетеді. Тек аяғыңнан нық тұрып кетуің керек. Егер биыл астық жақсы боп, колхоз аз да болса ақша жинай алса, онда келесі көктемнен кірпіш құюды бастап, үйлерді жөндейміз...

Ертеңгісін Бәукен келді. Жұмбақтап жымиған ол Асқардың ескі дәптерін алды және одан үш бос флягті қабылдады. Оның ізінше ауылдан Айсұлу келді.

— Өткен түнде біреу Әмірбектің өлердей зәресін алыпты. Атын суғарып келе жатқанда, тонын айналдырып киген біреу қарсы алдынан жалп етіп шыға кепті. Ат жалт берген. Үрейі ұшқан Әмірбек орға домалап түсіпті, — деді Айсұлу. — Балалардың қылжағы болса керек. Әй, өркендерің өскір-ай!

Асқар Бәукенге қараған.

— Сен емеспісің?

Бәукен жауап қатқан жоқ, жымиып қана қойды.

— Кедергі жасама жұмысқа. Көріп тұрсың ғой: сүт өлшеп жатқанымды.

— Асқар, сен Қалтаймен бірге кетесің бе? Қап, сендермен бірге барар ма едім шіркін, — деді Айсұлу сөз арасы. Шелегін шайып тастап, сиыр саууға беттеді.

... Ұзақты күн бос еді. Ауылға барғысы келмеген Асқар тауға қарай кетті. Қалың өскен бұталарды жарып өтіп күнгейге шықты да қой бүлдірген теруге кірісті. Жас долана ағашынан көп долана тауып алды.

Бір уыс тау жуасын, бір қолтық етіп солқылдаған саумалдық теріп ап, терең шатқалды бойлап төмен қарай ирелеңдеп кететін жалғыз аяқ жолға шыққан кішірек бір жартастың жайпақ төбесіне демалып отырмақ болды. Балалар бұл жартасты «қарақшы» деп атайтын.

Осы жартастың үстіне жатып ап, ешкімнің көзіне түспестен шатқал ішінде не боп, не қойып жатқанын бақылауға болатын.

Төменде, бұлақтың арғы қарсысында, қалың шөп басқан сүрлеумен екі адам бара жатыр. Олар кішкентай қуыршақ сияқты еді. Алыстан білінер-білінбес белгілеріне қарап, жаулықты әйелді Айсұлу болар деп түйді Асқар. О