04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Әдебиет

Ғабиден Қожахмет

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

Жұмыс






- Біз саған қанша рет айттық, - деді директор балаға. - Сен бұл түріңмен бір күні заңды бұзасың ғой.

Заң деген сөзді ойлауы мұң екен, директордың көз алдына ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келіп тұра қалды: `Осы солар да бала тәрбиесімен айналыспаушы ма еді?`

Директор ішкі істер бөліміне келді.

`Осылай да осылай, - дейді директор ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне. - Баланы бірлесіп тәрбиелесек қайтеді?`

Келісті. Есепке алып қойды.

Сол-ақ екен, директордың төбесіне бұлт үйірілді.

Кабинеттерде баяндамалар жасалатын. Сол баяндамаларда мектептің аты аталады:

`Мына мектептің педагогтері жұмыс істеп отырған жоқ. Балалары есепте тұр`.

Директор өз қолымен не бүлдіргенін енді ұқты.

Салып-ұрып ішкі істер бөліміне келді.

`Осылай да осылай, - дейді директор. - Іс насырға шабайын деді`.

Түсінді. Шығарып берді.

Кабинеттерде баяндамалар жасалатын. Сол баяндамаларда мектептің аты аталады:

`Мына мектептің педагогтері жұмыс істей бастады. Балалары есептен шықты`.