Әдебиет
Баубек Бұлқышев
Баубек Бұлқышев (1916, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы — 1944, Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы) — жазушы.
Баубек Бұлқышев (1916, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы — 1944, Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы) — жазушы.
Баубек қайта тіріліп, хат жазғандай болды...
(Е. Горуньның құрастырушыға жолдаған хаттарынан)
Осыдан 42 жылдай бұрын, «Комсомольская правда» газетінен көзіме бірден ілінген Баубек Бұлқышевтың «Өмір мен өлім туралы» деген мақаласын оқып, көңілім толғаны сондай, авторға дереу хат жазған едім. Арада ай жарымдай уақыт өткен соң Баубектен жауап хат келді. Көшіп-қонып жүргенде жоғалтып алған сол хатты және бар ынтаммен оқыған алғашқы мақаласын еске алсам, майдандағы жас казак жігітінің сол ауыр кезеңдердегі өмір жолы мен творчествосы бүгінгі күнге дейін баршамызға үлгі болып қалғанын мақтанышпен айта аламын. Ол шынында` да, тан қаларлық жоғары идеялы азамат болғанын жеке өзіме жазған төрт хатынан жете сезген едім.
Сіз маған жіберген «Қымбатты украин қызы» деген бұрын жарияланбай, белгісіз болып келген мақаласының мазмұны маған жіберген хаттарында айтылған бір катар жәйттерді есіме түсірді. Украина жеріне, халқына деген шексіз сүйіспеншілігін білдірген, қандыбалақ фашистердің әсіресе Украина қыздарына жасаған зұлымдықтарын баяндаған, өзі бастаған қарулас достарының, Украин жерін жауыздардан қалайша босатып жатқаны туралы жазған жолдарын есіме түсірді де, әрі-беріден соң Баубектің бұл шығармасы «Саған арнап мақала жаздым» дегені осы емес пе екен? деп те терең ойланып қалдым. Иә, Баубектің Социалистік Отанына, Совет халқына жан-тәнімен берілген нағыз үлкен реалист жазушы болатыны күмәнсіз еді. Әттең, жеңіс күніне жете алмай кетті. Оның майданда қаза болғаны туралы соғыс бітісімен іле-шала «Молодая гвардия» баспасы шығарған «Жизнь солдата» атты жинақта жарияланған Баубектің екі мақаласына берілген шағын алғы сөзден біліп қатты қайғырған едім. Енді оның бейнесі деректі фильмде көрсетіліп, творчестволық мұрасының толық жинағы баспаға дайындалып жатқанын есітіп, білгеннен кейін шексіз қуанышқа бөленіп отырмын.
(Орыс тілінен аударған құрастырушы.)
Редактор жолдас!
«Комсомольская правданың» тұрақты оқырманы болғандықтан мен оның 1942 жылғы бірінші майдағы санында жарияланған майдангер жас қазақ Баубек Бұлқышевтың «Өмір мен өлім туралы» жазбаларын оқып шықтым. Өзім жеке хат жазып, оған казіргі кезде біздер сияқты жастардың қайсысын болса да толғандырған мақаласы үшін, ойын нақты, шынайы, жүрекке жылы, қарапайым сөздермен ашық айтқаны үшін алғысымды білдіремін.
Бірақ өкінішке орай, оның Батыс майданда екенінен басқа ештеңесі белгісіз. Турасын айтқанда, оған менің жалынды комсомолдық сәлемімді жолдауды өтінемін. Оның туған өлкесінде жүрген он мыңдаған совет қыздары сияқты, бізге асыл ой-пікірі мен мақсатын бүкпей білдірген Қызыл Армияның Баубек Бұлқышев сияқты даңқты жауынгерлері бар екенін мактан тұтамын.
Мен көптеген жауынгерлермен хат алысып тұрамын. Олар маған нағыз бірге туған аға -інілерімдей жақын. Біздің бостандығымызды, тәуелсіздігімізді қорғаушы осы жастардың үйлеріне аман-есен оралуына тілектеспін!
Баубек әзі не бары 20 жаста болғанмен, соғыс оны ересек адам еткендігін жазады. Мен де 19 жастамын. Менің де ол сияқты орындайтын кептеген мақсаттарым бар. Қанышер жау бастаған соғыс біздерге үлкен апат әкелді. Гитлердің әлегінен қанша балалар жетім қалды!
Жоқ, мұны оларға еш уақытта, ешкім де кешірмейді!
Баубекке және оның жолдастарына — олар біздің қыздардың ар-ұжданына қиянат жасағаны үшін, біздің аналарымызға, қарттар мен балаларға шеккізген азаптары үшін жауды аяусыз соққыласын деген ізгі талап-тілегімді хабарлаңыз.
Жеңіске деген біздің ынта-жігеріміз мызғымайды.
Мүмкін, біз Баубек Бұлқышевтің өзімен кездесерміз. Сонда мен оның қолын қысып, оған барлығы үшін алғысымды айтамын.
Кездескенше қош болыңыздар, қымбатты редакция! Менің өтінішімді орындайды деп сенемін.
Комсомолдық сәлеммен, Люба Давыдова.
Менің адресім:
Ташкент қаласы, Октябрь ауданы,
Лазбек көшесі, Муафания проезды,
№ 60-ші үй, 19-шы пәтер.
Давыдова Любовь Александровнаға.
Егер мүмкін болса маған Баубектің адресін хабарлаңыз, мен оған шын көңіліммен хат жазамын.
Люба