Әдебиет
Баубек Бұлқышев
Баубек Бұлқышев (1916, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы — 1944, Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы) — жазушы.
Баубек Бұлқышев (1916, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы — 1944, Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы) — жазушы.
Баубекке хат
(«Комсомольская правда» газеті редакциясы және газет оқырмандарымен алысқан хаттар, хат авторлары жөнінде анықтамалар, бірқатар естеліктері)
Жинақтың бұл бөлімінде жарияланып отырған материалдарды іздеп, жинау және зерттеу ісін аса құрметті Юрий Александрович Жуковтан сұрау салған хатымызға қайтарған жауабынан кейін бір ізбен бір бағытта жүргізе бастаған едік.
«Құрметті Асқаров жолдас!
Баубек Бұлқышевтың есімі шынында да маған белгілі. Соғыс жылдарында мен «Комсомольская правда» газетінде жұмыс істедім және ол майданнан жіберіп тұрған хаттар біздің назарымызды бірден аударып отырды. Егер, ұмытпасам, бұл Сталинград үшін қиян-кескі соғыс болып жатқан кез болатын. Баубек Бұлқышевтың фашизмге деген лаулаған ашу-ызаға, өшпенділікке және жеңіске жету жолында қайыспас жігерге толы хаттарына газетіміздің беттерінде бірден орын беріліп тұрды.
Бүл хаттар оқырмандардың назарын ерекше аударды. Майданнан және тылдан соларға үн қосқан көп хаттар келді. «Комсомольская правданың» сол кездегі архиві сақталмады, барлық хаттар «Комсомол Ұлы Отан соғысында» атты көрменің қорына өткізілген еді. Кейін, көрме жабылған кезде, бұл қор жоғалған болып шықты. Оны іздеп таба алмадық. Әлбетте бұған енді өкініш білдіру ғана қалды.
Баубек Бұлқышевтың тағдыры қандай болғанын білмеймін. Бірақ онымен кездейсоқ басталған хат алысу, солайша күрт үзілгені көмескілеу болса да әлі есімде.
Баубек туралы деректі фильм жасаудағы жұмысыңыздың жемісті болуына тілектеспін.
Сәлеммен Ю. Жуков.
1970 жыл 6 июль».
Оқырмандарға ұсынылған Баубек Бұлқышевтың «Комсомольская правда» газетінің редакциясымен алысқан хаттары, жарық көрген мақала - очерктеріне үн қатқан газет оқырмандарының хаттары негізінен ВЛКСМ - ның Орталық архивінің көп жылдар бойы үнсіз жатқан қоры, марқұм Мұқан Иманжановтың тарих ғылымдарының докторы Ғазиз Әбішевтің жеке архивтерінен табылды. Бұлар бұған дейін толық күйінде еш жерде жарияланған емес. Тек кейбіреулерінен қысқа-қысқа үзінділер «Лениншіл жас», «Ленинская смена» газеттерінде, кейбір жинақтарда 60-70 жылдары жарық көрген болатын.
Газет оқырмандары мақала, очерктеріне байланысты Баубекке жазған, осында жарияланып отырған хаттардың авторларын іздеп табу көп жыл уақытымызды алған үлкен енбекті талап етті. Солардың тек біреуін ғана таба алмадық. Қалғандарымен хат алысып, жүзбе-жүз кездескенімізге, Баубек және оның творчествосы туралы естеліктерінің қолымызға тигеніне шексіз қуаныштымыз. Бұлар да осы бөлімде мүмкіндігінше толық күйінде жарық керіп отыр.
Құрастырушы.
Баубек Бұлқышевтың «Комсомольская правда» газетінің редакциясына 1942 жылдың 10 апрелінде жолдаған хаты
Редактор жолдас!
Бүл мақаланы жазған — мен — қазақпын. Оқып отырып байқаған шығарсыз, езімнің ана тілімде әлдеқайда тәуір жазған болар едім. Қарулас жолдастарыма оқып беру қажет болғандықтан, орыс тіліне аудардым. Бұлар менің тікелей оқырмандарым ғой. Кей кезде олар менен көбірек жазуымды талап етеді. Осыған орай мен қазіргі уақытта «Алматылықтар» деген трилогия жазып жүрмін. Онда Ұлы Отан соғысына қатысушы, біздің жас казак жігіттері бейнеленеді, басты кейіпкерім — 20 жасар жауынгер жігіт.
Мұны «Менің кейіпкерімнің жазбалары» деп атағым келіп еді, бірақ мен сияқты кішігірім адамға асық айтылған сөз болар деп «Майдангер жас қазақтың жазбалары» деуді жөн көрдім.
Мақаламның ана тіліндегі түп нұсқасын жіберейін деп ойлап едім, бірақ орыс тіліндегі аудармамнан да жәнe тартпассыздар деп, көп кемшіліктері бола тұрса да біздің әскери бөлімше жастарының «Комсомольская правдаға» жіберіңіз деген кеңестеріне сай сіздерге жолдап отырмын. Орыс тілі қиындау, сонымен бірге тамаша тіл, оны нашар білетін адамға барлық сездері әдемі көрінеді. Менің жазбаларымды оқыған кезде осы жәйттерді ескерерсіздер деп ойлаймын.
Островскийдің кітабын оқығанмын, ол да, онымен қатар өмір сүріп, ержеткен біздер де онша сауатты емес едік. Демек, біз өзіміздің жастар газеті «Комсомольская правдаға» майдандық заметкаларымызды жіберуді ұят көрмейміз.
Жауап күтемін.
Қызыл әскерлік сәлеммен саяси жетекшінің орынбасары
Баубек Бұлқышев.
Менің адресім:
Майдандағы армия,
736-далалық почта,
155 почта жәшігі.
10 апрель 1942 ж
Юрий Александрович Жуковтың 1942 жылы, 4 майда Баубекке жолдаған хаты. № 54484.
Сәлем сізге, Бұлқышев жолдас!
Сіз бізге тамаша хат жолдадыңыз. Оны аударған кезде жіберілген бірер кемшілікті түзетіп сол күйінде толық басамыз. Бізге жиі-жиі жазып тұрыңыз. Өзіңіз туралы, соғысқа дейін кім болып жұмыс істедіңіз, қалайша жаумен шайқасып жүрсіз, міне, осылар туралы бізге толығырақ айтып беріңіз.
Сіздің жауынгер жолдастарыңызға сәлем!
Қолыңызды қатты қысамын.
«Комсомольская правданың» майдан
бөлімінің меңгерушісі
Ю. Жуков.
4 май 1942 ж.
Ю. А. Жуковтың
1942 жылы 22 майда Баубекке жолдаған хаты.
Құрметті Бұлқышев жолдас!
Сіздің «Өлім мен өмір туралы» мақалаңызға орай редакцияға келген хаттың көшірмесін жіберіп отырмыз.
Ең жақсы ізгі тілектерімізді білдіреміз және сізден алғашқы осындай жаңа қызғылықты хаттар күтеміз. Сәлеммен
«Комсомольская правда» газеті
редакциясының майдан бөлімінің
меңгерушісі
Ю. Жуков.
Баубек Бұлқышевтың «Комсомольская правда» газетінің 1942 жылдың 1 майында басылған жазбаларына үн қосу (Отклик)
Батыс майдан. Саяси жетекшінің орынбасары
Баубек Бұлқышевқа
Қымбатты Баубек! Сіздің жазбаларыңызды жау оғынан жараланып елге оралған сіз сияқты саяси жетекшінің орынбасары болған ағам Нұрғалиевпен бірге оқып, талқыладық. Сол сәтте менің кез алдыма Украина жерінің тамаша көріністері, бұларды бұзған, қиратқан көргенсіз дөрекі фрицтер, жауға оқ жаудырған біздің артиллеристер елестеп, жауынгер қызыл әскерлердің ызбарлы даусы, атылған оқтардың гуілі, соғысқан қылыштардың ащы дыбысы естілді... қаһарлы «Ура» айналаны жаңғыртты. Жау қаша жөнелді, фрицтер шабуылға төтеп бере алмай, табандарын жарқыратты. Міне, сол бір минуттарда шайқас болған жерден жүз метрдей қашықтықта ауыр жараланған қызыл әскер күш жиып, бойын көтеріп, алға басқан жолдастарына қарап күлімсіреді... Ол бұл арада шайқас болып жатқанын, тіпті өзінің ауыр жараланғанын ұмытты. Оның езу тартқаны қандай сүйкімді десеңізші! Бір сәтте Совет адамын мұндай қуанышқа бөлендірген жеңіс, иә, жеңіс! — қой деп жүрегім лүпілдеді.
Мен өзім мұндай шайқасқа қатысқан да, жау бомбылары астында қалған да жоқпын. Жау орнатқан оккупациялық тәртіпті керген де емеспін. Көз алдымда қос украиндық, белорустық құрдастарымның туған жерлерінде жаумен алысып жатқаны тұрды анық. Олар — партизандар! Осындай атаққа ие болу қандай мақтаныш дедім мен. Булар партизандар отрядының
барлаушылары, қызыл армия бөлімдерімен байланыс жасауға бара жатыр... Әттең, мына жол үстінде далбаса фриц жас партизанның нақ жүрегіне винтовкасын көздеуін қарашы! Оған бала өмірі тук те емес қой. Бір сәтте құлақ, жарған оқ та ұшты. Еңгезердей фриц «Жеңіске» жеттім деп қуанышқа бөленгендей болды. Бірақ менің құрдасым — партизан бір ауыз тіл қатуға шамасы келмей өлді. Оның жолдасы мергендікпен жауызды сұлқ еткізді...
Иә, інісі ағасы үшін, баласы әкесі үшін, қарулас жауынгер әріптесі үшін кек алу — біздің ғана ұранымыз. Совет адамдарының ызбарлы ашуы, міне, осындай.
Баубек аға, сіздің жазбаларыңызда совет жауынгерінің өмірі мен өлімі туралы айтылады. Мен соларды оқығаннан кейін, біздер үшін жауынгердің тіршілігі — қуаныш, өлімі — ашу-ыза тудырады, бірақ игілікті іс жолында оның жанын құрбан етуі ерлік деген тұжырым жасадым.
Жасыратыны жоқ, бұрын өмір — жарқын дүние, ал өлім — қара түнек сияқты көрінетін еді. Сіздің жазбаларыңызды оқи отырып, бұл ойымның қате екенін түсіндім: өмірден де артық өлім, өлімнен де жаман өмір бар екен. Бит талаған топас, қорқақ фрицтің өмірі өмір ме?
Мен де сіз сияқты туған халқымды мақтаныш тұтам, қауіпті кезең туғанда менің халқым мың, миллиондаған ұлдары Қызыл астанамыз бен Ленин қаласын қорғау үшін берік қамал болып сапта тұрды. Менің миллиондаған ағаларым, апаларым мен әкелерім бүкіл халықтық іске қосылып, қанды жорыққа аттанды. Біздің халқымыз ерлік даңқы бүкіл жер шарына тараған 28 гвардияшыл батырды өсіргенін жақсы сезінемін.
Мен он алтыдамын. Тылда мендейлер әлі де көп. Ағалар, қам жемеңіздер, батыл болыңыздар, саптан шыға қалсаңыздар жаумен шайқаса беретін .сенімді орынбасарларыңыз бар. Өмірімізді сарп` етсек те сіздердің даңқтарыңыздың үнін өшірмейміз.
Біздің балалық, сіздің жастық шағыңызды Гитлер тартып ала алмайды. Ол 1942 жылы - ақ орыстың шексіз кең даласында моласын табады. Қайталап айтамын, осы бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылы жаудың бетін күрт қайтарамыз деп сенемін...
Сәлем сізге, Баубек аға! Маған хатты «Комсомольская правда» арқылы, не мына адреске: Казак, ССР-Ы, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Казгородок селосы, Комсомольская көшесі, сегізінші үй деп жазыңыз.
Дәукең Жетенов,
14 май, 1942 жыл.
Ю. А. Жуковтың Б. Бұлқышевқа жолдаған
57156-санды хаты
Құрметті Бұлқышев жолдас!
Біз тағы да сіздің атыңызға хат алдық, соны жіберіп отырмыз. Мақалаңыздың жастар жүрегінде қаншама ыстық патриоттық сезім тудырғанын өзіңіз көріп отырсыз. Оны сіздің достарыңыз — Совет Одағының барлық комсомолецтері оқыды. Мақалаңыздың оқырмандар назарын мол аударғанына өте қуаныштымыз және ол бұған сөз жоқ тұрады.
Тағы да жазыңыз!
Сәлеммен және ізгі тілекпен «Комсомольская правда»
газеті редакциясының майдан бөлімінің меңгерушісі
Ю. Жуков,
Қымбатты жауынгер!
Сенің «Майдандағы жас қазақтың өмір мен өлім туралы жазбалары» атты мақалаңды оқыған кезде менің ойыма: «Егер қолыма автомат ұстап, жарылған зеңбірек оқтарының астында сенімен бірге фрицтерге. қарсы оқталып тұрсам, мен қандай бақытты болар едім», — деген қиял келді.
Сен — қазақсың, мен — украин қызымын.
Сен мені білмейсің, мен — сені танымаймын.
Бірақ екеуміздің арманымыз бен өмірге деген құштарлығымыз, ен. бастысы, біздің болашақ бауырластығымыз, фашистерге өлтіре соққы беруге бағытталған ісіміз, тек Совет елінің ұлдары мен қыздары ғана өмір сүре алатын нағыз өмірге талпынуымыз бірдей...
Мен сені ұлы Гетенің отанында туған жыртқыш хайуандарды соншама жек кере білетінің үшін сүйемін.
Ал, егер жауынгер сапынан шығатын күн туа қалса, мен өзім сенің орныңды басуға әзірмін.
Сәлеммен сені құрметтейтін Дуся.
Қымбатты жауынгер, егер уақытын, болса, маған мына адреске хат жаз:
Матвеевка селосы, Чкалов облысы, Матвеев ауданы. Аудандық, «Поленинскому пути» газетінің редакциясы. Дубинаға деңіз.