22 Желтоқсан, Жексенбі

Әдебиет

Баубек Бұлқышев

Баубек Бұлқышев (1916, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы — 1944, Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы) — жазушы.

Қымбатты Украин қызы!






Өткен жылдан бері менің майдандық қойын дәптерімде сенің хатыңнан көшіріп алған жолдар жүр. Сен сол хатты алыстағы тылдан, Қазақстаннан жаздың. Сен менің елімде едің. Мені туысым, бауырым дедің көне жаумен ерлікпен шайқасуға, сенін Украинаңды одан босату үшін белсенді күрескер болуға шақырдың. Сенің Украин қызы екеніңді мақтаныш етемін, сен менің махаббатым, сенімен біргемін қадірлі жауынгер деп жаздың. Сен тары да соған қоса өзіңнің Украина тағдыры жөнінен қайғыңды, Украинаға деген сүйіспеншілігіңді соғыс күйреткенін жазған едің.

Адам әдетте әзінің болашақ туралы арманымен, еткенді еске алуымен өмір сүреді. Бүгін тар жеркепеде сенің хатыңды есіме түсіріп, саған осы жауабымды жазайын дедім.

Украин қызы! Мен Кривой Рог қаласына жақын жердегі Червоный Яр селосының ар жағындағы жеркепеде отырмын. Біз төрт ай немістерді қуып келеміз, Солтүстік Донец, Днепр өзендерін кешіп өттік. Біз айтарлықтай барын бастық, жүздеген селоларды, ондаған қалаларды, Украинаның көптеген жерін Отанымызға қайтардық. Meн бұл арада Киевті босатқан армия, я болмаса Харьковты, Полтаваны және басқа қалаларды азат еткен корпустар туралы айтып отырғаным жоқ. Мен немістерді Солтүстік Донец өзенінен Кривой Рог қаласына дейін үздіксіз шайқастармен өкшелеп қуып келе жатқан өз полкім туралы а и і к.ым келеді. Полкімізді талапқа сай басқарып, жеңістен жеңіске жеткізіп отырғаны үшін біздің сүйікті командиріміз подполковник Титовты Отанымыз ордендерімен наградтады. Ол — Александр Невский орденінің қабыстырды. Ұлы қолбасшының ордені біздің бәрімізге жаңа күш-жігер тудыруда.

Біздің полкте немістермен азиялық, сібірлік, оралдық азаматтар шайқасуда. Олардың бәрі Совет Одағының Орталық шетінен жиналып, бір кісіден Украинаны азат ету жорығына аттанды. Неміс қашып барады, неміс артына қарауға мұршасы болмай зытуда, енді оған Украина өзінің «айқасы», семіз еті, ақ нанымен нәрлі қорек болмай, моласы болды.

Украин қызы! Сен Украинаны өзіңнің туып-өскен, шағын, керемет сұлу боп өскен Отаныңды сүйесің. Ал, біз оны сенен де артық сүйеміз. Неге десеңіз, ол — біздің жер, онда біздің Совет адамдары, сен сияқты біздің қыздар өмір сүреді.

Кім қыз туралы әңгіме етпеді, кім ол туралы ән шырқамады, кім оны сүймеді? Олар туралы аз жазылды ма? Тарастың — Катеринасы, Пушкиннің — Татьянасы, Лермонтовтың — Тамарасы сенің апаларың болған еді, украин қызы! Сендер солардан үйреніп, соларға еліктедіңдер. Мен: «Украин қызын сүйемін! — деймін. Бұл махаббат, сізге деген махаббат менде соғыста туды. Иә, Украина жерімен батысқа қарай алға басып барамын. Осы жолда сендердің көзден аққан жастарың мен қайғы-қасіреттерді, күреске деген ынталарыңды көзіммен керіп келемін. Бандиттер қаншама тамаша қыздарды Германияға алып кетті десеңізші. Мен олардың Германияда қиналғанын сеземін. Маған олардың көз жасы, қайғы-қасіреті түсінікті. Украинада қызы Германияға зорлықпен әкетілмеген бір де бір семья жоқ. Мен Брамшвейц қаласынан Днепропетровск облысындағы Богданов колхозының мүшесі Рижой Евдокияға қызы Нюра жазған хатын келтірмекшімін:

«Қымбатты анам! Тұрмысым өте жақсы (ол Германияда кетер алдында тұрмыстары өте нашар болатын болса, «өте жақсы» деп жазуға алдын ала келіскен), заводта тәулік сайын 14 сағат істеймін. Күніне бізді шошқа жаламайтын жуындымен екі рет тамақтандырады. Иә, күніне, 150 грамм нан береді, бірақ оны күнде бере бермейді. Сым темірмен қоршалған лагерьде тұрамыз. Онан аттап сыртқа шығуға болмайды. Аштықтан, ауыр жұмыстан көзім қарауытып, басым айналады. Қымбатты мамочка, сенің тәрбиелеп, есірген балаларыңның ішіндегі ең бақытсызы мен. Қандай болса да посылка жіберші. Мамочкам, көзімнен аққан жас жаздыратын емес. Кездескенше сау бол! Қызын Нюра».

Мұндай хаттарды мен өте көп кездестірдім. Сөйтіп, әлі де көп қыздар көңілді күй шертпей, зарлы үнге бөленетін» ән шырқамай, жылайтын кезеңді басынан кешіріп келеді. Немістер олардың бақыты мен қуанышын тартып алды, махаббаты мен мақтанышын таптады, күң етті. Біз оларды күнде кереміз, біз олардың зарлы үнін естиміз. Біз сүйікті қыздарымызды зұлымдықтан, қорлықтан азат ету үшін алға басып барамыз, біздің құрдастарымыздың зары оларды бұрынғыдан да күшті сүюге, олардың бақыты және азат етілуі үшін бізді бар жігермен шайқасуға ұмтылдырады.

«Украин қызы! Сендер менің замандастарымсыңдар, мен сендерді сүйемің!—деймін қарулас жолдастарыма, — сүйген қыз үшін, алға!»

Қымбатты Украин қызы! Мүмкін сен енді туған еліңде шығарсың. Туып-өскен қалаңды қалпына келтіруге қатысып жүрген шығарсын. Бізден тілектес дос қыздарыңа сәлем айт, біздерді — Отанымыздың түпкір-түпкірінен келген барлық совет ұлдарын Украина майдандарында бас қосып, оны жаудан түгелдей азат етуге кірісті дегейсің! Біз — жауынгерлер сенің Украинаң үшін көкірегімізді оққа қарсы қойып шайқасамыз, Украинаны шын жүрегімізден сүйеміз.

Аға лейтенант Баубек Бұлқышев.
Майдандағы армия.
Далалық почта 61271-Б
21 декабрь 1943 ж.