23 Қараша, Сенбі

Әдебиет

Балғабек Қыдырбекұлы

Балғабек Қыдырбекұлы (1929 — 25.6.1995, Алматы) — журналист, жазушы.

Алыстан астанаға келгенде






Паровоз түтіндігінен шыққан қою қара түтін будақтап, поезд ІІ-Алматы вокзалына жақындады. Алыс ауданнан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кеңесіне қатысуға келе жатқан .азамат Нұрым күн ашық болғанымен қала шетінде шөгіп жатқан алып бұлттарға таңданып тұрды. Сәлден кейін қарап еді, бұлт дегені аспанмен астасып жатқан тау екенін біліп, астананың табиғи көркіне таң-тамаша қалды.

Азамат Нұрым орыс тілін білмегенімен қазақша сауаты мол еді. Поездан түсе қалған жерде бізге келген машина бар ма екен деп диктордың үніне құлағын тігіп еді, одан ештеме түсіне алмады. Содан оны вокзалға кіргізбей, бір шеттегі қақпадан халықпен бірге шығарды да жіберді. Содан айналып вокзал ішіне кіріп еді, қаптаған көп жазудан «шығатын есік», «шықпайтын есік» дегеннен басқа бір сөзді де түсіне алмады. Қалаға бару үшін мұның қай есігінен шықсам екен деп ол кәп бұйлықты. «Қалаға шығатын есік» деген жазуды іздеп көріп еді, ондай қазақша жазу жоқ болып шықты. Ол қайта ойға шомды. «Әлде астанаға мен сияқты орысша білмейтін қазақ келмей ме екен, ә?»

Ақыры халықтың бір оптимистік, жауынгер мәтелі ойына түсе кетті. «...Тәуекел түбі жел қайық өтесің де кетесің» деген деп тәуекелге бел байлап, бір есікке қойып кетіп еді, әйтеуір жаңа қалаға барасың деп қақпадан шығарған жақ екен. Ол далаға шыққан соң тағы сәл ойланып тұрды. Ауа райы болса жақсы, жаяулап қаланы көре кетпек болды. Әрине барар жерім Ауыл шаруашылығы министрлігі ғой, «сұрай сұрай Мекені де табасың» дегендей әйтеуір табармын деп, қол чемоданын алып тауға қарай жүріп кетті.

Нұрым кең, түзу көшемен тауға қарай беттеп келеді. Көшенің екі жағындағы сапқа тұрған солдаттай әсем бәйтеректердің төбесіне қарасаң бөркің жерге түседі. Ағашқа жасырынған үйдің көбі көзге түсе бермейді. Сөйтіп келе жатқанда үш қабатты әдемі үй кездесе кетті. Нұрым көре кетуге бұрылды. «Қазақ ССР мемлекеттік бақылау министрлігі» дейді. «Қ» ға тілі келмейтін бір сақау жазған ғой деп өте беріп: «Қазақ ССР Жеңіл өнеркәсіп министрлігі» дегенге көзі түсіп кетті. Жеңіл өнеркәсіп министрлігіндегілерге «Жеңіл» деген сөзді жазу қаншалықты ауырға түскенін байқады.

Енді бір көше жүріп бұрышқа қарап еді, қай көше екенін ажырата алмады. Тақтадағы қызыл-жасыл әдемі жарнамалардан да ештеме ұқпады. Әттең білсем деді, бірақ арманда кете барды. Сонан соң тағы тәуекел деп шығысқа қарай тарта берді. Ол Гоголь көшесімен келе жатыр еді. Бағанағы бір ойын қайта тұжырымдады. Нұрым мұның кейбір іскерсінген іскер емес басшылардың кінәсі екенін қайдан білсін, Нұрым шамасы мұнда шынында (да мен сияқты адамдар келмейтін шығар деген қорытындыға келді.

Көшенің түстік жағындағы алды көрнексіздеу бір мекемені көріп Нұрым әлде іздеп жүрген министрлігім осы емес пе екен деп тоқтай қалды. Мекеме маңдайшасындағы сөз нақ мынадай екен: «СССР — Электростанции қалық комиссариаты Қазақстан аудандық энергиялық басқармасы Қазақэнерго» Алматы электросеттерінің басқармасы «УАЭЕ». Кәне ер болсаңыз түсініп көріңіз! Мұның не екенін сонау алыстағы ауданның түкпіріндегі колхоздан келген Нұрым түгіл, бар өмірін қалада өткізген, жоғары білім алған, басшы кызмет істейтін жолдастар да айтып бере алар ма екен?

— Апыр-ай, астанадағы кейбір мекемелерде де әлі де не орысша, пе қазақша тілден махрұм қалғандар отыра береді екен-ау! — деп ойлады Нұрым. Шынында да, осы мекеменің бастығы қай тілде сөйлейді екен ә!? Өзі өмірден қанша жыл артта қалып қойған. Комиссариаттың — министрлік болғаны қашан! Мұны көріп Нұрым қатты түңілді. Нақ осыған қатарлас бір жазу тұр екен: «МЭС—СССР главвостокэнерго қазақэнерго энергосбыты». Алғаш Нұрым мұның қазақшасы қай жері екен деп қалды. Бірақ ол айыра алмады. Бірақ мұны айыптауға болмайды, қазақшасы бар-ақ екен. Ол — «қазақ энерго» дегендегі екі «Қ» - ның аяғы, сонан соң сөйлемнің аяғындағы тәуелдік жалғауының үшінші жағын жасап тұрған «ы» әрпі екен. Қазақша-ақ емес пе, шіркін!

Кездескен біреуден сұрап жүріп, Нұрым бір көшемен жоғары көтерілді. (Фурманов көшесі еді). Нақ осы көшеден бір қазақша жарнама көріп қуанып қалды: «Ішкі істер мен № 2 әскерилендірілген жеке өрт сөндіру командасы». Нұрым «е, бұған түсінуге болады» дей беріп, аузын жиып ала қойды: «Алматы қалалық Ленин аудандық мемлекеттік өрт сақылау инспекциясы», «Сөндіру» дегені дұрыс, ал .«сақылауы» несі екен. Ол көшенің арғы бетінен отызыншы жылдарда жазылған сөзді көрді: «aBtomoBilden sagtan»

— Япыр-ай, атадан қалған мұрадай сақтаған екен, дегенмен мұндай мәселеге содан кейін көңіл аударылмаған ғой.

Сұрай-сұрай Ауыл шаруашылығы министрлігі де табылды-ау. Нұрым-үлкен үйдің ішіне еніп кетті. Жан-жақтың бәрі есік. Бұлың-бұлың үйдің қай есігіне кірерін білмей аралап жүріп, үйдің бір бұрышына келіп қалды. Бір темір есікті ашып қалып еді, іштен біреу бақырып шыға келді. «Ашуға болмайтын есікті ашып, сен өзін, күдікті адам шығарсың». Одан ары жүріп беріп еді, барлық есіктегі жазуға түсіне алмады. Бір есіктегі жазуды көріп Нұрымның пұстысы қалмай жаман қорықты. «Қылмысты істер» деген жалғыз сөз оның жан дүниесін шарлап шықты. Үлкен есіктегі «Прокурор» деген жазуды кергенде ол жаңағыдан да жаман қысылды:

— Мен өстіп жүріп бір пәлеге жолықпайын! — Ол залдың ішіндегі ретсіз қойылған қалың шкафтан зорға жол тауып шықты да залдың сыртқы есігіне келіп, өзінің қайда кіргенін білмек болып маңдайшаға қарап еді, «Советтік Социалистік Республикалар Союзының прокуроры» деген екен. Осыны көрген соң барып мұнда бірнеше мекеме бар екен деп Нұрымның көңілі орнына түсті.

Нұрым бір кабинеттің алдынан «Бухгалтерия МСХ» деген сөз көрді. Бұл не деген құрмет деп ойлады Нұрым.` Бухгалтердің мысығына бір кабинет. Бұдан былайғы есіктерде. оған таныс сөз осы мех болды. «МСХ начальник Глозман» дегенді көрін мысықтар бастығы екен деген он келе қалды. Осыдан кейін «Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарлау-экономикалық басқармасының жинақтап және болжап жоспарлайтын бөлімі» дегенді көріп қызметті бұлар болжап істейтін болса да, әйтеуір енді жақын келгеніне қатты қуанды.

Сөйтіп Нұрым әр есікті бір соғып жүргенде бір мейірімді адам кездесе кетті:

— Мына хабарландыруды көрмеп пе едіңіз? — деді ол.

— Е, мен оның не екенін ұқпаймын ғой.

— Ә солай ма еді, — деп ол көзің жамандық көрмегір кеңеске қатысушыларды тіркейтін бөлмені көрсетіп жіберді. Сәтсіз саясат осылай аяқталды-ау! Дегенмен Нұрым бұдан былай орыс тілін білетін бір адамнан ұстап алып айрылмайтын болды. Әйтпесе? Әйтпесе, адасыңқырап кетуі мүмкін ғой, астанамыздың тек аталған мекемелерінде емес, одан басқаларында да жағдай осындай ма екен деп ол таңданып қалды,

1956