30 Желтоқсан, Дүйсенбі

Әдебиет

Акбала Буркитбаева
Алматы қаласы, КазНу студенті

Журналистиканың құқықтық негіздері


Журналистика—шектеуді талап етпеуі тиіс мамандық саласы. Қазіргі таңда сөз бостандығы жайында мәселе бары анық. Осыған орай журналисттер өз құқығын біледі ме? Сол туралы тарқатайық. Адам құқығынан бөлек журналист құқығын жеке дара қарастырған жөн. Бүгінгі күні салада  қандай қиындықтар  туындауы мүмкін?

•Сөз бостандығы (яғни басылым беттеріне, теле-,радиоарналарда қандай да шектеулердің  қойылуы)

•Қысым көрсетулер (тұлғаның жеке басына зардап келтіруі)

•Қажетті ғимарат, кешендерге кіргізілмеу 

Осы секілді біршама мәселер туындап жатады. Ата Заң тұрғысынан қарасақ, N 865 қаулысы  3-бапта сөз бостандығын асыра пайлануға жол бермейді. Мысалы:

1) Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды;

2) мемлекет қауiпсiздiгiн бұзуды;

3)лаңкестiк пен экстремизмдi насихаттау мен ақтауға; 

4) Бұқаралық ақпарат құралдары мен олардың өнiмдерiнде адамдардың сана-сезiмдерiне ықпал ететiн және (немесе) олардың денсаулығына зиянды әсер ететiн жасырын енгiзулердi пайдалануға тыйым салынады. 

Ал енді журналисттің қолдана алатын құқықтарының біріне тоқталсақ,  сот процессі  ашық өтсе кез-келген тарапты аудио, видеожазбаға түсіруіне болады. Бұл да Бұқаралық ақпарат құралдарының заңында көрсетілген норматив. Осы секілді журналист құқығы Ата Заңымызда анық көрсетілген. 8-тарау. Журналистiң құқықтары мен мiндеттерi 33-бап. 

Журналистiң:

      1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;

      2) мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн iске асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан басқа жағдайда, өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;

      3) жазбаларды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, соның iшiнде дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;

      4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда болуға, митингiлер мен шерулерге, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды бiлдiрудiң өзге де нысандарына қатысуға;

      5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысу үшiн рұқсат алуға;

      6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;

      7) алынған ақпарат материалдарын тексеруде мамандарға жүгiнуге;

      8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарды өз қолын қойып, шартты атымен (бүркеншiк атымен) таратуға;

      9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейiн журналистiң жеке сенiмiне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;

      10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға;

      11) егер көпшiлiк лауазымды қызметтегi адам бұқаралық iс-шаралар өткiзу барысында немесе төлемақы үшiн түсiрiлсе, олардың ар-намысына, абыройына немесе iскерлiк беделiне кiр келтiрмейтiн бет-бейнесiн ол адамдардың келiсiмiнсiз пайдалануға құқығы бар.

Әрқашан журналист  кез-келген жерде шарттарды қолданып, өз құқығын қорғай алады. БАҚ өкілдері оқиға орындарында төтенше жағдайлар болған кезде, сондай-ақ белгілі бір аумақта халықтың тіршілік әрекеті жағдайлары бұзылған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы басшылыққа алуға құқығы бар. Журналист шындық пен дерек  және тапқырлық шеберлігін қолданса ұтымды ақпарат ұсына алады. Қоғамда әртүрлі ой, көзқарастар,  қайшылықтар кездеседі.. Алайда журналистің басты мақсаты — өз қызметінде тек қана шындықты жазып, болған жайдың дұрысы мен бұрысын айыра білу.