Әдебиет
Алдардың өлген кемпірді екінші рет өлтіруі
Бал аштырам деп кемпірді өлтіріп алған баяғы хан, не істерін білмей, қазы-билері болып жиналып, ақыл таба алмай, сол күнге дейін дағдарып отыр екен деседі. Ақырында бір қазысы:
— Алдар деген бір қу бар екен. Ақыл тапса, сол табар, — деп ханға хабар етеді. Дағдарып отырған хан Алдарды алдырады.
— Солай да солай. Сұрағаныңды ал. Мыстан кемпірдің жеті баласынан құтқар, — дейді.
— Жарайды. Бірақ, маған үлкен шеніңді бересің, сонымен бірге кемпірге бір шен бер. Маған бір түйе бер. Айтқаныңды істейін, — дейді Алдар.
Бір түйе алып, ол түйеге өзі мініп, артына кемпірді мінгестіріп, Алдар жөнеледі. Кемпірдің ауылына келеді. Ауылға жақындағанда кемпірдің келе жатқанын көріп балалар жүгіреді.
Балалар жетіп келгенде, Алдар түйеге біз тығып алады. Түйе атып келіп кетеді. Түйе тулағанда кемпір де ұшады, Алдар да ұшады. Ауылдың көріп тұрған үлкен адамдары жүгіреді. Жүгіріп келіп қараса, кемпір өліп қалған. Кемпірді алып келген адам да өлген. Өңіріне қараса, үлкен шені бар.
— Масқара болдық - Ханның адамы өліп қалыпты. Кемпір болса, жасарын жасап болған. Мынаның өлуі бүкіл елге бүлік болуы мүмкін. Өзінің шені үлкен екен, мұны хан жоқтамай қоймайды. Енді не істейміз? — деседі.
Күнімен, түнімен кеңеседі. Ханның қаһарынан құтылатын жол таба алмайды. Сүйтіп дағдарып отырғанда... "уһ" деп дыбыс береді. Біраздан кейін көзін ашады. Ақырында есін жиған болады.
Алдардың тірілгеніне жұрт жатып-тұрып қуанады.
Сыйлық алып, шапан киіл, "қош болыңдар" деп Алдар да жөнейді. Сонымен, Алдарға екі жағы да ырза болысады. "Селдей болып ағатын қаннан, қырғыннан құтқарды" деп алғыс айтысады. Көптің алғысын алып, байдан еншісін алып, "есің барда елің тап" деп, Алдар өзінің еліне көшеді.
Алдардың Шықбермес Шығайбайға қонақ болғаны сол баяғы ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса дәм бермейді екен. Заманның деген сараң байы, өзі тойса да, көзі тоймайтын бай екен. Үйіне кісі келсе, оның жауабы:
— Шық, әй, — екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен.
Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның "шық, өйін" естімеген ер болмайды екен.
— Тас түлек болса да, дәмін татамын, — деген талайлардың тауы шағылған екен.
— Алдар қу! Алдардың алмайтыны, арбамайтыны жоқ, — деген атақта ел-елге жайылады. Ел аузындағы мәтелге айналады.
— Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас, — дейді екен жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да есітеді.
— Шықбермес Шығайбайды мырза байға айналдырмасам, Алдар деген атым құрысын, — деп Алдар аттанады. Күн-түн жүріп, Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді.
Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далаға жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді. Алдар:
— Шықбермес Шығайбай атың жаман, жұрт айтатын сырың жаман. Не істеп отыр екенсің, қу, — деп, атынан білдірмей түсіп, жабықтан сығалайды
Сығаласа, Шығайбай қазы тіліп отыр екен, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйітіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.
— Осыдан дәм татпасам, Алдар атым құрысын, — деп жылмаң етіп:
— Кеш жарық! — деп кіріп барады.
Бұлар да жылдам екен, Алдар "Кеш..." дегенді айтып болғанша, қолдарындағы асты астарына тығып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұршықты, қызы тігіп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады. Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.
"Әй, әккі болған неме екенсіңдер, мызғымас қу екенсіңдер" дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып, тор алдына отырып алады.
"Әй, көсе екенсің, жұртты құртқан қу екенсің! Жүрісің жылмаң екен. Жырынды болған сұм екенсің! Қу болсаң да, сұм болсаң да, менен дым да тимес" дейді бай ішінен.
— Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген-білгенің бар? — дейді бай Алдарға.
— Көрген-білгенім көп. Жолда келе жатып үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай.
Артық-кем қып асырмай,
Шын айтқанда жасырмай:
Таспен ұрдым жіберіп,
Күң астындағы басындай.
Былш етті иленіп,
Бәйбіше астындағы нанындай.
Өтірік болса сақал жұлынсын
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асынды қылышты ұрламай, —
дейді. Осыны айтқаннан кейін бай:
— Шоқ түссін тіліңе! — деп, астындағы қазысын лақтырып тастайды.
— Тілің тасқа тисін! — деп бәйбіше астындағы нанын лақтырады.
— Жағың қарыссын! - деп тоқал басын лақтырады.
— Жатыңа жылан жұмыртқаласын, — деп қызы тырнаны лақтырады.
— Қазаныңды аса бер, бәйбіше, - дейді бай. "Амал қайсы" деген пішінмен, бәйбіше қазанға ас салады.
— Піс, қазаным, бес ай! — деп салады.
— Отырайын он ай! — деп, Алдар етігін шешіп лақтырып, төрге нығайып отырып алады.
Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Қайнасаң қайна деп, бақ жиып Алдар да отырады.
Ақырында бай шыдамай:
— Әй, кемпір, сал төсекті, - дейді. Қатыны төсек салады, жатуға кіріседі. "Жатсаң жат" деп, Алдар да жатады. Байдың көзі ұйқыға барды-ау деген кезде, Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай оянып, қатынын оятады.
— Мына ит ұйықтады білем. Түсір асынды тез, уақытымен асымызды жегізбеді ғой, ит, — дейді.
Бәйбіше тездетіп, қараңғыда "асты" түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп:
— Жат, жігітім, жат! Сазайың осы! - деп аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай идалайды, былай идалайды, болмайды.
— Етің не болып кеткен? Өңкей шандыр, - деп қатынына ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды. Кебежені ашып, аяққа май салады. Әдейі осыны андып, Алдар орнынан тұрып барып, аяққа салынған майды алып қояды. Оның орнына іргеден сиырдың жас жапасын алып салады.
Шығайбай аяқты алып жіберіп, былжырап тұрған жапаны май деп аузына салып жібереді. Салып жібереді де, лақ еткізіп құсады.
— Қазы орнына шандыр бердің, май орнына жапа бердің, алжыған! — деп аяқпен кемпірін бір қояды. Кемпірдің басы жарылып, ойбайлап қалады.
Кемпірдің дауысынан оянған болып, Алдар сыртқа шығады. "Бұл сұмның ызасы аз болмас, атыма бірдеңе қылып өшін алар" деп атына барады. Атының қасында байдың да ағы тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. "Маған ойлайтын зияны болса, өзіне тисін" деп, өз атының қасқасына боқ жағып жоғалтады да, бай атының маңдайына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сүйтеді де орнына келіп жатып, ұйықтап қалады.
Етті, майды жеп қойған Алдар екенін, мұның жұрттан асқан бір қу екенін бай біледі. Біледі де ішін ыза кернеп: "Тұра тұр, бәлем" — дейді. Алдар ұйықтады-ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.
— Міне, жігітім, сазайың! — деп қуанышпен төсегіне келіп жатып ұйқыға кетеді. Таңертең бай орнынан тұрып жатып, Алдарға айтады:
— Мына кемпір, бір қасқа ат өліп жатыр дейді. Сенің атың болу керек жарылып қалған. Сорлы атынды бақпай, қазан бағып жүргенің не қылғаның? — деп қарқ-қарқ күледі.
Алдар тұрып:
— Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса менікі болар, бор қасқа болса сіздікі болып жүрмесін! — дейді.
Бай құрығанын біледі де, орнынан тұра жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.
Бай күйіп кетіп Алдарға келіп:
— Жоғалт қараңды, сұм! Мен сені енді көрмейін, — деп, кейіп шығып кетеді.
Сыртқа шығысымен қатынына:
— Әлгі наныңды бер! Мына иттің қарасын көрмеймін! Тез жөнелт, — дейді.
Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан суырып бере қояды.
Мұны көре салып, Алдар жүгіріп шығады.
— Е, байеке! Енді бұдан былай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен көрісіп айырылысайық — деп, бара байды құшақтайды. Байды құшақтап, қысып жібермейді. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.
— Ау, жарайды енді! - деген сайын қыса түседі.
— Ау, мына ит жегіріңді ит жесін! Мә, жемтігіңді! - деп қойнынан нанды лақтырып тастайды.
— Пісіміллайы піскен ас, аузыма келіп түскен ас, — деп, Алдекең қағып алады.
Бай енді кетейін десе, Алдар тағы жібермейді.
— Ау, сұм! Алатын наныңды алдың, енді нең бар? — десе:
— Мынау етігім жыртылып, жұлығым шығып жүр. Бізіңді беріп кет — дейді. Байдың бергісі келмейді. Алдар жабысып жібермейді. Ақыры болмаған соң:
— Ә, алсаң алшы, ант ұрған! Ал да қараңғы жоғалтшы кәпір!, — дейді.
Алдар "рақметті" жаудырмалатып күліп қала береді. Бай кетісімен қатынына жүгіріп келіп:
— Ал, қызынды киіндір, – дейді.
— Е, не үшін?
— Баймен келісіп, қызынды алатын болдым.
— Жоғал әрі, жұртты жалмаған! Саған қыз беретін бе еді бай!
— Әйтпесе, өз құлағыңмен есітіп қал, — деп, сыртқа шығып көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:
— Әй, бай! Қызынды бермей жатыр қатының, — дейді.
— Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін! — деп бай айқайлайды.
— Әні, есіттің бе? - дейді Алдар қасында тұрған әйелге.
— Мына кәпір ит алжыған ба өзі? Елді құртқан бір қу аяққа қызын беріп құтырған ба? — деп, таң қалады әйелі.
Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен, қызды атқа мінгізеді. Алдардың ойыны осылай болады деп, еліне қарай жөней береді.
Алдардың өгіз семірткені, керуен басының екі алдауы
Бір күні Алдар үлкен қара жолмен сапар жүріп келе жатып, мал айдаған үлкен бір керуенге кездеседі. Алдар жанынан жортып өтіп бара жатқанда керуен басы:
— Әй, жігітім! Босқа жүргенше мал таппайсың ба? — дейді.
— Табайын, - дейді Алдар.
— Олай болса, біз саған 100 өгіз берелік. Соны қасымызда жайып, айдап отыр. Кешке қонған жерімізде оттатып отыр. Осыған көнесің бе? — дейді.
— Жақсы, көнейін. Өгіздеріңді семіртіп берейін, - дейді Алдар.
Сүйтіп, керуеннің жүз өгізін жаюға кіріседі. Өгіздерін керуенмен қатар айдап бірнеше күн жүріп отырады.
Бұл жануарларды азырақ қатты айдап, ішін босатпаса болмас, ауырлап жүре алмай келеді деп, бір күні өгіздерді қатты айдап, қуа жөнеледі. Сол қуумен отырып, керуеннен бірнеше күндік жерге озып кетеді.
Бір жерге келеді де:
— Жырымдап берген малды алған Алдарды көрген екенсіңдер, - дейді де, өгіздерді айдаладағы бір қораға қамап тастап, барлығының да құйрықтарын кесіп алады. Ол құйрықтарды керуеннің жүретін жолындағы бір үлкен батпаққа әкеліп, әрқайсысын әр жерге шаншады. Өзі батпақтың бір шетін қазуға кіріседі. Бірнеше күннен кейін керуеншілер келеді. Келсе, өгіздері жоқ. Алдардың өзі батпақты айналдырып қазып жатыр.
— Ау, неғып жатырсың? Өгіздер қайда? — дейді керуен басы.
— Уай, не қыласың? Өгіздер тойынып, жүндері түлеп, шөлдегеннен бой бермей, мына батпаққа келіп түсіп кеткені. Батпақтың асты су емес пе? Сол суға тұмсықтары жетіп су ішіп шықпай жатқаны. Қандары кеуіп қалған екен, тіпті шығара алмай қойдым, — дейді.
— Кәні, батпақта өгіз түгіл сайтан да жоқ қой! — дейді керуен басы.
— Ана құйрықтарын көрмейсің бе, шошайып шығып тұрған. Өгіз болмаса, ол не? - дейді Алдар.
— Ал, өгіз ол болсын, өзің жерді неге қазып жатырсың?
— Өгізді айдап шыға алмаған соң, мына батпақты қазып, бір-бірлеп айдап шыққанды едім.
— Қой, мынауың еріккеннің ермегі! Сол батпақты қазып болғанша біз жолдан қалып, жатамыз ба? — деп, түсе қалып, күшіне сенген бір неме екен, жүгіріп барып бір құйрықты ұстай алады.
— Ойбай, тоқта! — деп Алдар жүгіріп барып жібермейді.
— Ал, немене?
— Ойбай, құйрығынан тарта көрме! Сиырдың құйрығы осал болады. Үзіліп кетеді. Сиырдың көбі шолақ болатынын білмейсің бе? Құйрығын тартып үзіп алсаң, бірі қалмастан суға кетеді. Олар жалғыз ғана құйрығына ілігіп тұр. Әйтпесе, суға кетіп қалады, — дейді.
— Оттап тұрғаның не өзі? — деп керуен басы жүгіріп барып, бір құйрықты тартып қалып, суырып алады.
— Мынауы қалай бос еді, — деп, екінші біреуін тағы суырып алады.
— Апырай, күшің қалай еді, жарықтығым! Өгізден де күшті екенсің. Күшті балуан адамды өмірімде бірінші көруім, күшің байлығыңа сай келген екен. Ойбай, енді тарта көрме! Мына күшіңмен бір өгіз де қалмайды. Бәрінің құйрығы үзіліп, батып кетеді. Онан да базардан кетпен сатып әкеліп жабыла қазсақ, бәрін де аршып аламыз. Апырай, күшіңнен қорқайын дедім. Енді тартуыңды қой! - деп, Алдар жүгіріп келіп керуен басын ұстайды.
Керуен басы мақтаншақ бір мырза екен. "Өгіздей күшің бар" дегенге кеудесін көтере түседі. Мақтанып, тағы бірнеше құйрықты жұлып алады. Ақырында малға құмарлығын мақтаншақтығы жеңеді, тартуын қояды.
— Тез күрек әкеліп аршыған жөн болар, — деп құйрықты тартуды қояды.
— Міне, жүз сом ақша, біреуің тез барып, күрек сатып әкеліңдер, — дейді керуен басы. Жүз сомды көріп Алдардың көзі жайнап кетеді.
— Күрек әкелгенде бір мән бар. Құйрықтың ұшына ілініп тұрған өгіздер кепке төзбейді. Осал құйрық емес пе? Екі-үш күннен кейін үзіліп кетеді. Тез қазып алу керек болады. Кетпенді қалай да кешке дейін жеткізу керек. Бұған бір жүйрік жігіт бару керек, — дейді. Жігіттердің ішінен "мен барамын" деуші табылмайды. Бәрі де "Бүгін күрек жеткізу қайда! Базарға да жете алмаймыз" дейді.
— Болмас, болмас! Мен өзім-ақ жүрейін, — дейді Алдар.
— Олай болса, жарайды, мә, ақша! Қалайда бүгін жет! — деп керуен басы жүз сомды Алдарға береді.
Жүз сом қолға түскен соң, Алдардың аяғы аяғына жұқпайды. Құйындай ұшып жөнеледі.
— Шайтанның жүйрігі-ай, лезде көз ұшына жетіп жоқ болды, — деп керуеншілер мақтасады. Алдекең жүгіріп отырып, қамаған өгіздерге келіп, алдына салып ап, жөней береді.
Алдардың Тазшаны емдеуі өгіздерді айдап келе жатса, қой баққан бір Тазшаға жолығады. Амандасып, ол-пүлдеп отырып, торсығындағы айранынан ішіп, шөлін қандырады.
"Осыны алдап, қойын айдап кетсем" — дейді ішінен Алдар. "Қалай алдаймын" деп отырып, қойшының самайына
Бір жерге келеді де:
— Жырымдап берген малды алған Алдарды көрген екенсіңдер, — дейді де, өгіздерді айдаладағы бір қораға қамап тастап, барлығының да құйрықтарын кесіп алады. Ол құйрықтарды керуеннің жүретін жолындағы бір үлкен батпаққа әкеліп, әрқайсысын әр жерге шаншады. Өзі батпақтың бір шетін қазуға кіріседі. Бірнеше күннен кейін керуеншілер келеді. Келсе, өгіздері жоқ. Алдардың өзі батпақты айналдырып қазып жатыр.
— Ау, неғып жатырсың? Өгіздер қайда? — дейді керуен басы.
— Уай, не қыласың? Өгіздер тойынып, жүндері түлеп, шөлдегеннен бой бермей, мына батпаққа келіп түсіп кеткені. Батпақтың асты су емес пе? Сол суға тұмсықтары жетіп су ішіп шықпай жатқаны. Қандары кеуіп қалған екен, тіпті шығара алмай қойдым, — дейді.
— Кәні, батпақта өгіз түгіл сайтан да жоқ қой! — дейді керуен басы.
— Ана құйрықтарын көрмейсің бе, шошайып шығып тұрған. Өгіз болмаса, ол не? - дейді Алдар.
— Ал, өгіз ол болсын, өзің жерді неге қазып жатырсың?
— Өгізді айдап шыға алмаған соң, мына батпақты қазып, бір-бірлеп айдап шықпақшы едім.
— Қой, мынауың еріккеннің ермегі! Сол батпақты қазып болғанша біз жолдан қалып, жатамыз ба? — деп, түсе қалып, күшіне сенген бір неме екен, жүгіріп барып бір құйрықты ұстай алады.
— Ойбай, тоқта! — деп Алдар жүгіріп барып жібермейді.
— Ал, немене?
— Ойбай, құйрығынан тарта көрме! Сиырдың құйрығы осал болады. Үзіліп кетеді. Сиырдың көбі шолақ болатынын білмейсің бе? Құйрығын тартып үзіп алсаң, бірі қалмастан суға кетеді. Олар жалғыз ғана құйрығына ілігіп тұр. Әйтпесе, суға кетіп қалады, — дейді.
— Оттап тұрғаның не өзі? — деп керуен басы жүгіріп барып, бір құйрықты тартып қалып, суырып алады.
— Мынауы қалай бос еді, — деп, екінші біреуін тағы суырып алады.
— Апырай, күшің қалай еді, жарықтығым! Өгізден де күшті екенсің. Күшті балуан адамды өмірімде бірінші көруім, күшің байлығыңа сай келген екен. Ойбай, енді тарта көрме! Мына күшіңмен бір өгіз де қалмайды. Бәрінің құйрығы үзіліп, батып кетеді. Онан да базардан кетпен сатып әкеліп жабыла қазсақ, бәрін де аршып аламыз. Апырай, күшіңнен қорқайын дедім. Енді тартуыңды қой! — деп, Алдар жүгіріп келіп керуен басын ұстайды.
Керуен басы мақтаншақ бір мырза екен. "Өгіздей күшің бар" дегенге кеудесін көтере түседі. Мақтанып, тағы бірнеше құйрықты жұлып алады. Ақырында малға құмарлығын мақтаншақтығы жеңеді, тартуын қояды.
— Тез күрек әкеліп аршыған жөн болар, — деп құйрықты тартуды қолады.
— Міне, жүз сом ақша, біреуің тез барып, күрек сатып әкеліңдер, — дейді керуен басы. Жүз сомды көріп Алдардың көзі жайнап кетеді.
— Күрек әкелгенде бір мән бар. Құйрықтың ұшына ілініп тұрған өгіздер көпке төзбейді. Осал құйрық емес пе? Екі-үш күннен кейін үзіліп кетеді. Тез қазып алу керек болады. Кетпенді қалай да кешке дейін жеткізу керек. Бұған бір жүйрік жігіт бару керек, — дейді. Жігіттердің ішінен "мен барамын" деуші табылмайды. Бәрі де "Бүгін күрек жеткізу қайда! Базарға да жете алмаймыз" дейді.
— Болмас, болмас! Мен өзім-ақ жүрейін, — дейді Алдар.
— Олай болса, жарайды, мә, ақша! Қалайда бүгін жет! — деп керуен басы жүз сомды Алдарға береді.
Жүз сом қолға түскен соң, Алдардың аяғы аяғына жұқпайды. Құйындай ұшып жөнеледі.
— Шайтанның жүйрігі-ай, лезде көз ұшына жетіп жоқ болды, — деп керуеншілер мақтасады. Алдекең жүгіріп отырып, қамаған өгіздерге келіп, алдына салып ап, жөней береді.