04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Әдебиет

Төрт түлік малдың кеңесі






Қой, сиыр, жылқы, түйе төртеуі бір күні жайылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге, қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?» — деген сөзді айтысады-мыс.

Сонда сиыр айтыпты: «Қалың қорық — нуға бітем, қоры үзілген қуға бітем».

Қой: «Күнгейлі қаратасқа бітем, жүн жеп, жабағы тышқан насқа бітем».

Жылқы: «Бетегелі белге бітем, найза ұстаған ерге бітем».

Түйе: «Жалмаң құлақты сорға бітем, ел ішіндегі зорға бітем».