Әдебиет
Түлкі мен қасқыр
Ерте-ерте-ертеде бір қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде, қасқыр түлкіге айтыпты:
— Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап, білші.
Сонда түлкі қасқырдың тамырын ұстап тұрып:
— Басың өте қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүріп, құйрығыңды мұзы ойылған суға қоя қойғын, — дейді.
Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын мұзы ойылған суға малып отырғанда, құйрығы мұзға жабысып, өзі сол жерде қатып қалыпты.