Әдебиет
Мысық пен тышқан
Ала мысықтың кiшкентай күнiнен маңдайы терлеп еңбек етiп, тамақ тауып iшкен күнi жоқ. Басқа мысықтардай сарайдан тышқан аулау, қожасының ас-суын тышқаннан қорғау деген онда жоқ. Қайта тышқандарға қосылып, ет болса далаға алып кетiп, май болса, қарынды тесiп, сүт-қаймаққа түсiп, әбден тойып алып, пеш үстiне пыр-пыр ұйықтайды. Ала мысықтың ұйқыға кеткенiн бiлiп алған тышқандар қорқынышсыз ән салып, би билейтiн болса керек.
Ұры, жалқау ала мысық,
Сауған сүттен ұрлап iшiп,
Ет пен майға сыздап iшi,
Ұйықтап жатыр сұлап түсiп.
Шиқ, шиқ, шиқ!
Тышқандарды жалқау дейдi.
Түк бiлмейтiн аңқау дейдi,
Үлкендердi ұры дейдi,
Балаларды мылқау дейдi.
Шиқ, шиқшиқ!
Тышқандар осылай ән детiп, үй еденiнiң астын думандатып жiберiптi. Мұны мысық естiп, шошып оянады да, тышқандардың мына әндерiн естiсе, қожайыным көзiмдi құртар деп қорқады. Мысық айлаға көшiп:
Сендер ойнап қуансын деп,
Қарны тойып жұбансын деп,
Ешқайсыңа тимеушi едiм,
Зұлымдықты сүймеушi едiм.
Мияу, Мияу!
Айтқаныма сене қойшы,
Маңдайыңнан иiскейiн,
Балапандар келе қойшы,
Ешқайсыңа тиiспейiн.
Мияу, мияу!
Бұған тышқандардың кейбiреулерi сенiп те қалады. Бiрақ кәрi тышқандар жағысақтығын бiлдiрiп:
Бiз мысыққа сенбеймiз,
Айтқанына көнбеймiз,
Өтiрiкшi, ол ұрлықшы,
Шақырса да келмеймiз.
Шиқ, шик, шиқ, — дейдi.
Бұған әбден ызаланған мысық едендегi кiшкене саңылауды аңдып жатып алыпты. Мысықтың иiсiн алыстан сезетiн ересек тышқандар саңылауға жоламайды.Жаңа ғана жүгiрiп ойнап жүрген бала тышқан саңылаудан қылтиып шыға бергенде, мысық бас салыпты. Баласының мысықтың қолына түскенiн бiлген ата тышқан:
— Мысеке, баламды жiберiңiз. Ертең осы уақытта сiзге сыйлық берiп, апа-қарындастарым мен барлық бала-шағамды сiздiң үйге жiбергелi отырмын, — дептi.
— Рас айтасыңба? Мияу, — дейдi мысық.
— Рас айтам, мысеке, шиқ, шиқ, — дейдi тышқан.
— Мысық: «Сөздерiңде тұрыңдар», — деп, аузынаша бергенде-ақ бала тышқан зып берiп тақтайдың жарығына кiрiп кетiптi. Баласын құтқарған тышқандар:
Қарание тана мысық
Жүрген қаймақ ұрлап iшiп,
Ендi бiзден шықпайды ешкiм,
Отыр солай тiсiң қышып.
Шиқ, шиқ! — деп әнге басады.
Мысықтың ұры, әрi жалқаулығынан, тышқандардың еркiнсiнуiнен мезi болған үй иесi бәрiнiң де көзiн жоғалтыпты. Өйткенi олар ұрлықпен күнiн көрiп жүрген жалқаулар едi.