04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Әдебиет

Көкөністер туралы ертегі






Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.

Жасыл қияр — ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп — мұқатқанды ұнататын.

Қызыл қызанақ — маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.

Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.

Аққадаунды қырыққабат — кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу — ақ еді, қазір тіпті кқбейіп кетті.» — деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.

Қоңыр картоп болса — қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.

Бас пияз — жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын.

Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалай ойлайсыңдар, осындай мінез-құлықтар адамдар өмірінде кездесе ме?