Әдебиет
Маса мен арыстан
Бір күні маса арыстанның жанына келіп, оған:
— Сіз күштімін деп мақтанбаңыз, тісіңізбен жұлып, тырнағыңызды батырғаныңыз мықтылық емес. Мықты болсаңыз, менімен айқасуға шығыңыз, — деп арыстанды жекпе-жекке шақырыпты.
Сонымен маса арыстанның бет-аузын түйірлеп шағып түк қалдырмапты. Арыстан өз бетін өзі шапалақтап қып-қызыл қанға бояпты. Ақыры арыстан жеңіліп, маса жеңіп шығыпты. Бұған мәз болған маса алақайлап ұшып бара жатқанда өрмекшінің торына түсіпті де, өрмекшіге жем болыпты. Ажал алқымына жеткенде, маса:
— Құдіретті де айбатты арыстанды жеңген басым өрмекшіге жем болдым ғой, — деп жан үзген екен.