02 Ақпан, Жексенбі

Әдебиет

Ақымақ қасқыр






Бір аш қасқыр тамақ іздеп шығады. Жолда бір ешкіге кездеседі де:

— Мен сені жеуім керек, — дейді. Ешкі жалынады:

— Мені жегеннен саған пайда жоқ, көрмейсің бе, арықпын. Үйде семіз лағым бар, соны алып келіп берейін.

Қасқыр келіседі. Ешкі жүгіріп кетіп қалады. Қасқыр күтіп-күтіп, ешкі келмеген соң тағы жүріп келе жатып қойға кездеседі.

— Мен сені жеймін!

— Менен басқаны жеуге болмай ма? Мен атақты бишімін ғой, мені өлтіргенің ұят болады.

Қасқыр таңданады:

— Жақсы, билейсің бе? Қане, маған билеп көрсетші.

— Қой билей бастайды да бірте-бірте алыстап, қашып кетеді.

Қасқыр ашуланып, тағы жол жүреді. Енді ат кездеседі.

— Ат, мен сені жеймін!

— Сен мені жей алар ма екенсің?!

— Қалайша жемеймін? — дейді қасқыр.

— Менің құйрығымның астында жазылған хат бар, соны алып қара, сонда білесің.

Қасқыр аттың арт жағына шығып қарайын деп жатқанда, ат маңдайға теуіп қалады. Қасқыр қаңқ етіп құлап түседі.