02 Ақпан, Жексенбі

Әдебиет

Шұбар тауық






Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты.

Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар?

Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты.

Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін деді.

Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды.

Шұбар тауық: Ата, әже жыламаңыздар! Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін. Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді.