04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Әдебиет

Арыстан мен түлкі






Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:

— Аурумын, жүруге әлім жоқ, — деп, барлық аңдарға хабар таратады.

Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:

— Халіңіз қалай, тақсыр? — деп, көңілін сұрайды,

— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? — дейді арыстан.

Түлкі:

— Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да шыққан із жоқ! — деп жүріп кетіпті.