04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Ақын-жазушылар

Қалихан Ысқақ
Қалихан Ысқақұлы Ысқақ (1935 - 2014 жылы) – қазақ прозасының қара нары атанған жазушы, сыншы, драматург, аудармашы.

Автор туралы


Қалихан Ысқақұлы Ысқақ (14 наурыз, 1935 жылы Катонқарағай ауданы, Топқайың - 13 тамыз, 2014 жылы Алматы) – қазақ прозасының қара нары атанған жазушы, сыншы, драматург, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Аягөз ауданының және Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы.

Жалпы мәліммет

Қалихан Ысқақұлы 14 наурыз, 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген.

1952 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің «Филология» факултетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шығады.

Еңбек жолы

1967 – 1972 жылдары Мәскеудегі екі жылдық ценаристер мен режиссердің жоғарғы курсын бітірген соң Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында аға реактор қызыметін атқарды.

1972 – 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар одағыда драматургия секциясын басқарды;

1998 жылдан Қақатың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімін басқарды;

«Жұлдыз» журналының проза бөлімін де басқарды.

«Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді.

Автордың туындылары


Қоңыр күз еді

Ақтоқым

Бұл үйдің қандаласы қайда кеткен

Бұқтырма сарыны

Беу, асқақ дүние!..

Өткен күннің өкініші

Қалыңмал кәмпәниясы

Сот

Қолыңды шығарып отыр