04 Желтоқсан, Сәрсенбі

Ақын-жазушылар

Қажығали Мұханбетқалиұлы
Қажығали Мұқамбетқалиұлы - 1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында туған.

Автор туралы


Қажығали Мұқамбетқалиұлы - 1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында туған.

Еңбек жолы

1965 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін үздік бітірген. Одан кейін Ақтөбе облыстық радио және телевидение комитетінде, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, «Қазақстан» баспасында, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор, аға редактор, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналының бас редакторы болған. Кейінгі жылдары ҚР Президенті аппаратында, Парламенті, «Таң Шолпан» журналында қызмет істеген.

Еңбектері

Р.Акутагаева, С.Моэм, П.Мэриме, Ти де Мопассан, Д.Фонвизин, С.Чубек, Л.Хонвано, Дж.Одинаев, Х.Абдуллин, т.б. жазушылардың жекелеген әңгімелерін және түрікмен жазушысы Т.Жүмагелдиновтың «Егес» атты кітабын, орыс жазушысы А.Скалонның «Бақыттың алтайы түлкісі» атты әңгімелер мен повестер жинағын қазақ тіліне аударған. Өзінің де бірқатар әңгімелері шет елдерде жарияланған ұжымдық жинақтарға енген. «Сырым батыр» атты романының алғашқы тарауларын әдеби журналдарда жариялады. «Сырым Датұлы» жинағын құрастырып, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған. Шығармалары: Жұлдызды түндер. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Тоғай сыбдыры. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Жаңғырық. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1978; Старые друзья. Рассказы и повести. А., «Жазушы», 1981; Қайдасың сен, махаббат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1984; Дороги жизни. Рассказы и повесть. А., «Жазушы», 1986; Сынық терезе. Әңгімелер мен хикаяттар. «Елорда», 2003; Жалғыз жиен. Әңгімелер менповестер. «Жазушы», 2005; Алабұға, аққайран. «Бауыр», 2008. 2003 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медалімен марапатталған, Байғанин ауданының Құрметті азаматы.

Автордың туындылары


Шегебай

Кесек кемпір

Жалғыз жиен

Жігіттің көз жасы

Өмір