22 Желтоқсан, Жексенбі

Ақын-жазушылар

Жанболат Башар
Жанболат Башар 1949 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының "Қоңырат" колхозында дүниеге келген.

Автор туралы


Жанболат Башар 1949 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының "Қоңырат" колхозында дүниеге келген. Арғын тайпасы Тобықты руының Ақсақ бұтағынан шыққан. 1967 жылы Ақтоғай қонысында орта мектепті, 1981 жылы ҚарМУ-ді бітірген. Балқаш қалалық Советінің депутаты болып сайланды. Республикалық "Қазақ тілі" қоғамының бірінші делегат болып қатысты. 1981 жылы Балқаш қалалық телестудиясында аға редактор, 1991 жылы Балқаш қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, аймақтық "Балқаш өңірі" газетінің редакторы болып қызмет істеді. 1998 жылдан бастап облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің аймақтық тілшісі. Жанболат Башар өлеңді мектепте оқып жүрген кезден бастап жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері аудандық "Арқа еңбеккері" газетінде жарық көрді. 1991 жылы "Шашубай" атты естеліктер жинағын құрастырып шығарған. 1990 жылы "Балхашский рабочий" газетінің айына бір рет шығатын қосымша беті ретінде "Балқаш жұмысшысы" газетін қоғамдық негізде шығарып тұрды. Ж.Башардың проза саласында бірталай әңгімелері облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көрген. "Ақ әже", "Қос боз аңызы", "Кек пен шер", "Апандағы айқас", "Шырғалаң" тағы басқа әңгімелер. Өлеңдері республикалық, облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көріп жүр. 1999 жылы "Үкілі үміт" жыр жинағы жарық көрген.

Автордың туындылары