Ақын-жазушылар
Әлібек Асылбайұлы Асқаров (1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы) – жазушы, прозашы, баспагер, журналист.
Автор туралы
Әлібек Асылбайұлы Асқаров (21 қаңтар, 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Чернов ауылында туған) – жазушы, прозашы, баспагер, журналист. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).
ҚР Академиялық Ұлттық кітапханасының директоры. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы (1998 жылдан). Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Алматы көркемсурет училищесін(1975 ж.), ҚазМУ-ді(1982 ж.) бітірген. 1968-69 ж. киномеханик, 1975 ж. «Білім және еңбек» журналы редакциясының көркемдік редакторы, әдеби қызметкер, жауапты хатшысы, 1986 ж. ҚР Президенті Аппараты және Министрлер Кабинеті ішкі саясат бөлімінің аға референті. 1993 ж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары. 1996 ж. Ұлттық Баспасөз және бұқаралық ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары. 1998 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі мемлекеттік баспалық бағдарламаларды қалыптастыру департаментінің . 1999 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі Баспа және баспахана істері департаментінің . 2005 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, бас инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Шығармашылығы
10-нан астам кітаптың, повестер мен әңгімелердің авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.[1]
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі баспа ісінің және полиграфия саласының ұйымдастырушысы. "Құтмекен" (1979), "Тайга толғауы" (1981), "Жасыл әлемге саяхат" (1985), "Ерте түскен бозқырау" (1989), "Өр Алтай, мен қайтейін биігінді" (1997), "Родники рождаются в горах" (2000), "Мұнар тауды, музарт шыңды ансаймын" (2004), "Социализм әңгімелері", "Скрип соленого сердца" (2005), т.б. кітаптарының авторы.[2].
Мемлекеттік марапаттары
1998 жылы Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы (құрметті атағы);
2001 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» құрметті атағы берілді.
2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі
2006 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі
2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
2014 жылы елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының жоғарғы марапаты «Парасат ордені» мен марапатталған.
2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі
2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» медалі
2015 жылы «Ұлт мақтанышы» алтын белгісі
2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл» медалі
2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі.