22 Желтоқсан, Жексенбі

Ақын-жазушылар

Әділ Балта

Әділ Балтабай (01.05.1949 жы Қарақалпақстан, Мойнақ ауданы, «Әли ауыл» поселкесі - 2009 жыл, Алматы) - ақын, журналист.

Автор туралы


Әділ Балтабай (01.05.1949 жы Қарақалпақстан, Мойнақ ауданы, «Әли ауыл» поселкесі - 2009 жыл, Алматы) - ақын, журналист.

1973 жылы Хожелі педагогика училищесін бітіріп, көп жылдар мұғалім болып қызмет етті.

Кейін Қазақ мемлекеттік университетін сырттай оқып бітірді. Мамандығы — филолог.

1993 жылы ата жұртқа көшіп келіп, республикалық «Ұлан» газетінде әдебиет және өнер бөлімін басқарған.

«Мөлдір бұлақ» балалар журналында қызмет еткен.

Шығармалары

Балаларға арналған «Атамның жұлдызы» (1981)

«Алданыш» (1984)

«Інімнің өкпесі» (1996)

«Тырналар келе жатыр» (1994) (соңғы екеуі қарақалпақ тілінде) кітаптары жарық көрген. Бұдан басқа

«Күздің бірінші күні» (2003)

«Әулиелер мен ғұламалар елі» (2004)

«33 мысал» (2007)

«Қызғылықты қылықтар» (2007) атты кітаптары шықты.

Жетістіктері

Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгенің үш дүркін жүлдегері.

Қазақстан журналистер одағы С.Ерубаев атындағы сыйлығының лауреаты

Автордың туындылары