23 Қараша, Сенбі

Ақын-жазушылар

Дулат Исабеков

Дулат Исабеков (1942 ж) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992).

Автор туралы


Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992).

Өмірбаяны

Дулат Исабеков 1942 жылдың желтоқсанның 20-сы күні Арыс ауданының "Ленин жолы" ауылында тұлғаның. Шыққан руы қоңырат .

Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған.

1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген;

1967—68 ж. - Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор;

1968-70 ж. - Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор;

1971—76 ж. - "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі;

1976—80 ж. - "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі;

1980-88 ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы;

1988— 97 - жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы;

1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры.

Шығармашылығы

Алғашқы әңгімесі "Жолда", "Замандастар" атты жинақта 1963 жылы жарияланды.

"Бекет" (1966),

"Ащы бал" (1969),

"Мазасыз күндер" (1970),

"Қара шаңырақ" (1973),

"Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары,

"Қарғын" (1980) романы басылды.

Тандаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабектің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары "Жеті желкен" 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын¬ша "Гауһар тас" (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген (1985).

Автордың туындылары