Ақын-жазушылар
Автор туралы
Рахымжан Отарбаев (1956 жылы 19 қазан Атырау облысы Құрманғазы ауданы - 2018 жылы 17 ақпан Атырау) — жазушы, драматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі. Парасат ордені (2013). Атырау қаласының және Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы
Отарбаев Рахымжан Қасымғалиұлы 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келді
А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты - 1973-77жж.
Облыстық "Орал өңірі" газеті, тілші - 1978ж.
Атырау облысы, Теңіз аудандық халыққа білім беру бөлімшесі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 1978-80жж.
Атырау облысы, Құрманғазы аудандық "Ленин жолы" газеті, тілші - 1980-81жж.
Алматы қаласы, Қазақ ССР телевизия және радиохабарлар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті, редактор - 1981-85жж.
Алматы қаласы, "Қазақ әдебиеті" газеті, тілші - 1985-89жж.
Алматы қаласы, "Жалын" әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журнал, бөлім редакторы - 1989-94жж.
Қырғыз Республикасы, Бишкек, ҚР Қырғызстан Республикасындағы елшілігі, атташе - 1994-96жж.
Қырғыз Республикасы, Бишкек, Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті, арнайы тілші - 1996-97жж.
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Республикалық "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" корпорациясы, төраға - 1997-99жж.
Атырау облысы, Атырау қ., Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, директор - 1999-2002жж.
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, сектор меңгерушісі - 2005-2009жж.
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Бас директор - 2009-2010жж.
Астана қаласы, "Ақ Жайық kz", Бас редактор - 2013-өмірінің сонына дейін
Атырау облысы, Атырау қ., Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, көркемдік жетекші - 2013-өмірінің сонына дейін
Атырау облысы, Атырау қ., Рахымжан Отарбаевтың мұрасын сақтау, тарату, жарнамалау, шығару мақсатында 2019 жылы "Рахымжан Отарбаев руханият қоры" құрылды. Директоры Отарбаева Сәуле. Эл. пошта: rahimzhanruhaniat@mail.ru.