29 Наурыз, Жұма

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

Кембридж тәсілінің тиімділігі


Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің
География пәні мұғалімі: Тилеубекова Сара Анарбекқызы

Қазіргі таңдағы еліміздің білім беру саласындағы қолдау тауып жатқан жаңашыл өзгерістер мен бастамалар орта білім беру мекемелеріне де серпіліс берері хақ. Соның бір айғағы - бүгінде әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал жаңа технологиялардың жиынтығы болып саналатын, 7 модульге жинақталып қарастырылған.

Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кембридж университеті қауымдастығы бірлесіп құрған бағдарлама. Бұл бағдарламада ҚР-ның орта білім беру мекемелерінің ұстаздар қауымына кіріктірілген жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгерту арқылы мектепте сабақ үдерісінде қолданысқа енгізуді, нәтижелі еңбек етіп, оқушылардың білім сапасының көтерілуіне және қоғамға өз үлесін қоса алуына мүмкіндік береді. Бұл жүйеге мемлекет тарапынан да үлкен қолдау көрсетілуде. Бағдарламаның басты мақсаты – оқушылардың қалай оқу керектігін үйрету. Яғни өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ішкі уәжі бар, ыждақатты, ынталы, сенімді, өзіндік пікірін ары қарай дамыта алатын, күмәнді ойларын білдіре алатын, АКТ-ны жақсы меңгеру арқылы алған білімін өмірде қолдана алатын, мәдениетті, парасатты жаңалыққа жаны құмар жан болуға жетелейді. Әрине, бұл ретте басым бағыт - алдымен мұғалімнің оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуы негізінде оқу үдерісіне тартып, баланың өзіндік қажеттеліктерін қанағаттандыра алатындай бағыт-бағдар беру.

Негізінен бұл тәсілдің тиімділігі мұғалім жұмысының жеңілдей түсуінде. Мәселен, мұғалім берген тапсырма аясында оқушыларға көп ойлануға мүмкіндік береді. Іздену екеуара диалог құру арқылы ойласу, топтық жұмыс жүргізу арқылы атсалысу, салыстыру, топтар арасында пікір алмасу, таласа талқылау үлкен мәнге ие.

Сондай-ақ, бағдарламаның басым бағыты сындарлы оқыту тәсіліне бағытталған. Сындарлы оқыту оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Оқушылар өздерінің оқу керектігіне жауапты екендігін сезінумен қатар, өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, ойға жүйрік, тілге шешен, ойын көркем бейнелей алатын, бірнеше тілді меңгерген жан-жақты жетілген жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, күмәнді ойларын білдіріп, пікірін, көзқарасын нақты дәйектер арқылы дәлеледеп, жаңа идеялармен толықтырып, өрістетуге де ықпал жасайды. Сайып келгенде, бұл көріністер оқушылардың жұптық, топтық жұмыс барысындағы бірлескен іс-әрекеттері негізінде алған білімдерін жан-жақты, яғни, біліп, түсініп, қолдану-мен қатар, талдау, жасау арқылы танып білуінен байқалады. Бұл үшін мұғалім қолайлы орта қалыптастыруды назардан тыс қалдырмау керек.

Бағдарламада көрсетілгендей, бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушы білімін ауызша «3», «4», «5» деп, жалпы бағалау орын алған болатын. Ал Кембриждік жүйеде оқушының ізденуіне, білім алуына ықпал жасауда оқыту үшін бағалаудың мәні зор, яғни, оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, ынталандыру, одан әрі оқуға жетелеу басты мақсат болып табылады.

Қорыта айтқанда, Кембриджтік жүйеде оқушылардың өздерін еркін ұстауына, ойлануына мүмкіндік жасалынып, мұғалімнің де, оқушының да іс-әрекеті шығармашылық сипатта болады, яғни қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын белсенді азамат қалыптастыруды көздейді.

Елбасымыз: «Елімнің ертеңі болашағы жастардың қолында. Ал жастардың алдағы өмірінің жарқындығы білім алуында»,- деп бекер айтпаса керек-ті. Елімізді жаһанға танытатын, экономикасын шарықтататын жастарды баулып шығаратын мұғалімдер қауымы үнемі ізденіс үстінде болу керек.