30 Желтоқсан, Дүйсенбі

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлективті есеп


Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы бағдар­ламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндір­мелері ретінде қолданылады.

Мен 7 модуль ішіндегі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» сабақтарымда көбірек қолдандым. Өйткені мен осы курсқа дейінгі сабақтарымда диалогты пайдаланғаныммен, оның соншалықты маңыздылығына көп мән бермеппін. Дәстүрлі оқытуда мұғалімнің рөлі басымырақ болып, оқушының дұрыс емес жауабын түзеп, өз ойларын айтуға, топта талқылап, ой бөлісуіне мүмкіндік бермейміз.Мен Барнстың (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететіндігі айтылады дей келе бастауыш сыныптарда тілдік қарым-қатынастың маңызы зор. Себебі мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы тілдік қарым-қатынасының арқасында білімдерін шыңдай алады. Сондықтан мен оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамыту үшін оқушылармен пікір алмасу және оқушылар арасында өзара сұхбат жүргізулеріне мүмкіндік беріп, оқуды өз бетінше жалғастыра алуды және білім жинау жауапкершілігін өз мойындарына алуды меңгертуге мақсат қойдым.

Мен «Александер(2004) оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды» (МАН 40-бет) деген пікірін үнемі басшылыққа алдым. Мен осы курсқа дейінгі сабақтарымда көбіне мұғалім-оқушы арасындағы диалогты қолданып келдім. Олармен сұхбат жүргізу мақсатында сұрақ-жауап жүргіздім. Ал оқушылар арсында диалогтік қарым-қатынас жүргізуді сирек қолданып келдім. Тізбектелген төрт сабағымды өту барысында диалогтік оқытудың маңыздылығын түсіндім. Оқушылардың диалог арқылы өзара қарым-қатынасқа түсетіндігі, пікір алмасуы, бірлесіп тапсырманы орындауы, ынтымақтастық атмосфера құратыны, диалог арқылы сыни көзқарас қалыптасатындығы, диалогтің үш түрлі бағытта жүретіндігін білдім.

Ана тілі пәнінде тілдің ең басты қызметі- қарым-қатынас жасау. Ана тілі сабағында қарым қатынас жасауға кедергі келтіретін жағдай- оқушылардың сөздік қорының жетіспеушілігі. Талқылауға түскен тақырып оқушыларды қызықтырып жатса, өз ойларын қысқа ғана жеткізіп жатты. Менің ойымша, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты үлкейген сайын сөздік қорлары молайып сөйлеу қабілеттері жоғарылайды.

Өтілген әр сабақта диалог пайдаланылды. Себебі сабақтың мазмұны сұрақ жауаптан тұрады емес пе? Әсіресе ана тілі сабақтарында оқушының сөйлеу қабілетін сұрақ -жауап арқылы дамытуға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлерін пайдаландым. Менің бірінші жауап алу үшін қоятын түрткі сұрақтарыма қарапайым жауаптармен жауап берді. Бұл сұрақ түрлерін сабақтың барлық түрлерінде пайдаландым. Әсіресе сабақты қорытындылауда сұрақ- жауаптың оқушы үшін де, мұғалім үшін де пайдасы көп. Өзім сұрақты қоя отырып оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін байқадым. Оқушылардың арасындағы бір-бірімен ұғынысуы, қарым-қатынас жасауы, диалог құра білу әрекеті арқылы жүзеге асады .

Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде «диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді» (МАН 19 бет)-дегендей тізбектелген 2-сабағымды бастамас бұрын оқушылар арасында психологиялық ахуалды реттеп алу үшін «Мен сендердің бойларыңнан мына қасиеттерді көргім келеді» тренингін ойнаттым. Бұл тренингтің мақсаты оқушыларды әрі топқа бөлу, әрі өткен сабақпен (А. Байтұрсынов Аққу, шортан һәм шаян) байланыстырып алғым келді. Оқушылар шеңбер бойына тұрып жатқанда көңілсіз тұрған оқушылардың назарын сабаққа аударып, мадақтаулар айттым. Балалар корзинадағы стикерлерді алып, ондағы адам бойында кездесетін ұнамды қасиеттерді бір-бірлеп оқып шықты. Барлығы оқып болған соң мен сұрақ қойдым. «Кәзір сендер адам бойындағы қандай қасиеттерді оқып шықтыңдар?». Олар: «Бұл адам бойындағы жақсы қасиеттер»- деп жауап берді. Әсель: Апай, Абай атамыз айтқан бес асыл іс ( талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым) сияқты барлығы жақсы қасиеттер екен деді. Бекзат: «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ»- сияқты қасиеттерден аулақ жүруіміз керек. Мен бұл екі оқушымның сабаққа қызығушылығын арттыру үшін формативті түрде бағалап, мадақтаулар айтуды жөн санадым.

Выготскийдің білім берудегі сөздің, сөйлеудің негізгі ролі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, білім беру барысындағы диалог атқаратын негізгі ролге назар аударуды мақсат еткен. Диалог оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді, басқа адамдардың да түрлі идеяларын түсіндіріп айтуына, мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Осыдан кейінгі іс-әрекетім үйге берілген «Бірлік-түбі тірлік» тақырыбында жазылған эсселерін топта оқып, талқылап,үздік шығарманы анықтату болды. Оқушылар жазған шығармаларын оқып, топта талқылап, арасынан мағынасы жақсы деп тапқан шығармаларын оқыды. Осындай әдістің нәтижесінде олардың арасында пікірталас туды. Мысалы. Диас пен Еламан «Менің де шығармам үздік шығарма» деп келіспей қалды. «Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме –мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі»-дегендей мен өзім бұл мәселені шешу үшін көшбасшы ретінде екеуіне де жазған шығармаларын оқытып, сыныппен талқылауды ұсындым. Оқушылар арасында әңгіменің зерттеушілік түрі орын алды. Биболат: «Екеуінің де шығармасы жақсы жазылған» десе, Аружан: «Диасқа қарағанда Еламанның шығармасының мәні тереңдеу, қорытынды ретінде достық туралы мақалмен аяқтаған. Сол себепті Еламанның шығармасы жақсы жазылған». Оқушылар өзара келісімге келіп формативті баға берді. Біз осы курсқа дейінгі сабақтарымызда диалогты оқытуды пайдаланғанымызбен мұғалімнің рөлі басымырақ, яғни өзіміз үстемдік жүргізіп оқушылардың сөйлеуіне, өз ойларын жеткізуіне мүмкіндік бермейтінімізді түсіндім. Өйткені сабақта тек біз сөйлейміз, сұрақ қоямыз, нұсқау беру үшін тақтаға жазамыз, түсіндіреміз, көрсетеміз және олардан тыныштықты талап етеміз. Осылайша біз оқушылардың өзіне деген сенімін жоғалтуына және белсенділігінің кемуіне себепші болады екенбіз. «Бірінші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты»(МАН 35бет)- деп көрсетілгендей жаңа сабаққа байланысты ой қозғау мақсатында «Ара мен шыбын» мысалын өткенде 3 топқа сұрақ қойдым. Бұл тапсырманың мақсаты сабақтың негізгі идеясын ашу болатын.

Қонақ деп кімді айтамыз?

«Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?

Қонақтың қандай түрлері бар?

Оқушылар 1минут ішінде топта сұрақты талқылап, арсынан бір оқушы жауап беру тапсырылды. 2-топтағы оқушылар сұраққа дұрыс жауап бере алмады. Олар «қонақжай» деген сөзді түсіндіргенде: « Қонақ келгенде отыратын жақсы орны, жайы»- деп қысқа ғана қайырды. «Кісі үйіне келген қонақ асына емес, үй иесінің қас-қабағына қарайды. Келген қонақты жылы шыраймен күліп қарсы алған адамды қонақжай дейміз»- сынды жауап күткен едім, бірақ дұрыс жауап болмады. Мен сұрақты басқа топтағы оқушыларға қайта бағыттап: «Көмектесе алатындар бар ма?» деп сұрақ қойдым. Басқа топтағыларда осы жауапты айтты. Мен өзім көшбасшы ретінде оқушыларға қонақжайлылық» туралы түсініктің мағынасын бірлесіп ашу мақсатында «қонақ күту және қонаққа бару әдебін» естеріне түсірдім. «Қонақ келгенде қандай әдептілік сақтаймыз»? Оқушылар лезде «қонақ келгенде сәлем беру керек, қолына су құю керек, көрпеше төсеу керек». «Осы әрекеттің бәрінде қонаққа қандай көңіл-күйімізді білдіреміз»? Осы кезде Аян атты оқушым тұрып: «Қонақты мейлінше күліп қарсы алып, күліп шығарып саламыз»-деді. Осы кезде мен көшбасшы ретінде ойды қорытындылап «Міне, осы айтылған сөздерді бір жүйеге келтірсек, қонақжайлылық туралы білеміз» -деп айттым. Осыдан соң оқушылар айтылған сөздерді сын тұрғысынан саралап, түйінді ойды айтты. Осы бір сұрақ-жауап алу барысында Мерсердің «әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болып табылады» деген түйінді ойымен толықтай келісітінімді түсіндім. Шульманның пікірінше мұғалімде « бас, жүрек, қол» үш көмекшінің біртұтастығы болған жағдайда ғана оқушылардың өз оқуына жауапты болуы, мұғалімнің оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалауы жүзеге асады деп сендіреді. Кембридж тәсілдері бойынша оқыту бағдарламасының өн бойында мұғалім – оқушы әрекеттестігі тығыз байланыста көрсетіледі. Мұғалім дайын білімді беруші ролінде емес, бағыттаушы, сілтеуші роліне енуі қажеттігі айтылады. Осыдан келіп оқушының позициясы да айқындалады. Оқушы дайын білімді алушы емес, өзінің оқуына жауапты тұлға ретінде қарастырылады.

Мен сабақтарымда оқушыларға сұрақ қою кезінде, олармен сұхбаттасқан кезде, бір-біріне сұрақ қою кезінде диалогтік оқыту әдісін кеңінен қолдандым. Тізбектелген сабақтарымда («Аққу, шортан һәм шаян», «Ара мен шыбын», «Арыстан мен тышқан», «Араша» оқушыларға рөлдік ойын тапсырмаларын бердім. Сол кезде оқушылардың жұмыс жасауы тек диалогтік әдіспен өрбіді. Оқушыларыма рөлдік ойындар берген кезде диалогтік оқудың маңыздылығы байқалады. Балаларға үй тапсырмасына рөлге бөліп оқуға беремін. Балалар жұп болып жұмыс жасайды.

Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің (ЖАДА) «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен (МАН 39 бет) -дегендей «Араша» мысалын өткенде оқушыларға оқулықтағы мысалды оқып, мысалдағы түйінді ойды ашу мақсатында рөлге бөліп, сахналауға тапсырма бердім. Тапсырманы орындау барысында бір-бірімен еркін әңгімелесуге, мәдениетті сөйлеуге үйрене бастағанын байқадым. Топ ішінде ынтымақтастық атмосферасы орнағанын, Маханова Анар, Құрал Мерейдің актерлік қабілеттері байқалып, бір қырынан ашылғандай болды. Сабақта көшбасшылық жасаған оқушылар да болды. Олар Жарылқасын, Еламан, Сымбат, Анар және Дариғалар болды. Аталған оқушыларымның көшбасшылығы рөлдік ойын тапсырмасында анық байқалды. Дәлелдей кетер болсақ Жарылқасын, Сымбат, Дариғалар үнемі сахнаға шығып жүргендіктерін дәлелдеп, тапсырманы орындау барысында еш қысылмастан еркін ойнады. Және кейіпкерлердің бейнесін дәл беруге тырысты. Сабақ өту барысында мен оқушылардың сабаққа деген көзқарастары біршама өзгергенін байқадым.

Мерсер ұсынғандай, «егер балаларға бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік берілсе, олар бір-біріне ойларын айтады және пікір алмасу барысында өз пікірлерін негіздеуге мүмкіндік алады. Бұл оқушылардың жоғары деңгейде ойлануына әкеледі» (МАН 40 бет).

Менің пікірімше жұппен жұмыс істеу бірлесіп, бір –біріне көмектесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Осы арқылы олар бір –бірінің білімдерін толықтырып бүтін бір дүние пайда болды. Осы әдістердің нәтижесінде өз бетімен жұмыс істеуге бейімделді. Әр бала өз қуанышын достарымен бөлісуіне мүмкіндік туды. Сонымен қатар өзгелердің ойын тыңдап, жүйелеп, бірлесіп жұмыс істеуге үйренді. Жалпы топтық, жұптық жұмыс арқылы бір-біріне көмектесе алды, бір-бірінің ойын біліп және үлгерімі төмен оқушылардың да жақсы жұмыс жасай алатындықтарына әбден мүмкін болады деп сендім, және олар осы әдіс-тәсіл арқылы өзгелердің де тыңдап, жүйелеп, бірлесіп, ақылдаса келіп бір жақсы түйінді ойға келетіндіктеріне сендім.

«Оқушыларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылар мен және қасиеттермен қаруландыру –мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен –күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек» (Александер2008) делінген. Міне осы пікірді ескере келе мен сабақтарымда оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен нәтиже көрсететінін байқадым. Адамдардың арасындағы бір-бірімен ұғынысуы, қарым-қатынас жасауы, диалог құра білу әрекеті арқылы жүзеге асады. Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда , оқушыларға білім беру жеңіл болады. Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен нәтиже келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді;
Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары
қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі;

Мерсердің зерттеуіне сәйкес диалог әрекетінің барлық түрлерін пайдаландым. Олар : Әңгіме- дебат, Топтық әңгіме, Зерттеушілік әңгіме. Осы әңгімелесу түрлерінің ішінен сабақта пайдаланғаным зерттеушілік әңгіме. Зерттеушілік әңгіменің пайдалы тұстары:

- Оқушылар ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

- Оқушылардың идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен , мұқият бағалау жүргізіледі;

- Оқушылар бір- біріне сұрақ қояды;

- Оқушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді;

- Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады;

Мұғалім оқушылардың пікірлерін салыстыра отырып, осы нәтижелерді балалардың не білетіні туралы ақпаратты барлық сыныппен талқылауға пайдаланумен қатар, оқуды оңайлата түседі. Мұндай әдіс балаларға өз идеяларын үлкен топтармен әңгіме құрмас бұрын тұжырымдай және ұйымдастыра білуге көмектеседі. Топтағы жұмыс зерттеу талқылауларын ынталандыру үшін пайдаланылады. Бірлескен жұмыс үшін оқушыларды топтарға жай бөлу олардың сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеспейді. Егер оқушы талқылаудың астарын білмесе және әңгімелесу, тыңдауда бір-біріне көмектесу үшін дағдылары болмаса, олар талқылаулар немесе тапсырмалардан айтарлықтай табыс ала алмайды деп ойлаймын. Оқушылар сабақ барысында тақырып бойынша бір-бірімен қалай да сөйлесу қажет: олар әңгімені дамыту үшін түсініп, өз мақсаттарымен бөлісуі тиіс.

Топтағы жұмыс зерттеу талқылауларын ынталандыру үшін пайдаланылады. Білескен жұмыс үшін оқушыларды топтарға жай бөлу олардың сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеспейді. Егер оқушы талқылаудың астарын білмесе және әңгімелесу, тыңдауда бір-біріне көмектесу үшін дағдылары болмаса, олар талқылаулар немесе тапсырмалардан айтарлықтай табыс ала алмайды деп ойлаймын. Оқушылар сабақ барысында тақырып бойынша бір-бірімен қалай да сөйлесу қажет: олар әңгімені дамыту үшін түсініп, өз мақсаттарымен бөлісуі тиіс.

Нәтижеде ой шақыру – кезеңінде оқушыларыма сұрақтар қойған кезде осы тәсілді пайдаландым. Оқушыларға ойлауға мүмкіндік бере отырып, өзіме керекті жауап алдым. Олар жан-жақты ойлана отырып жауап берді.

Қорыта келе оқушылардың білетіндігін, білмейтіндігін аңықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларға, түсінікпен қарауымыз керек.

Келешекте осы диалог аркылы окытуда окушылардын білімдерін асырғым келеді. Топтағы жұмыс оқушыларға қойылатын әлеуметті сияқты , танымдық талаптарды да қарастырады, әртүрлі тапсырма түрлерінде жауаптардың әртүрлі түрлері анықталатын болады. Сондықтан топтарға бөлу аталған тапсырмалардың мақсаттарына сай келетіндігін білу өте маңызды. Шағын топта жұмысты жоспарлаған кезде бұл үдеріске және күтілетін нәтижеге әсер ететін болғандықтан, оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар түрлерін жеңілдету қажет.

Келешекте үлгерімі төмен оқушыларды топтық жұмыста «Диалогтік оқыту» арқылы пәнге қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттырамын.

(МАН 41-бет)

Осы курс өту кезіндегі сабақ түсірілімдерінде диалогтік оқытудың түрін оқушылардың шамасы келгенінше қолдандым. Алдағы уақытта да осы әдістерді пайдалану арқылы оқушыларға ана тілін өз дәрежесінде меңгертуге тырысамын. Оқушылар өздерінің эмоциялық және әлеуметтік қажеттіліктерін әртүрлі тәсілдермен көрсетіп жатады. Олар оқшауланып қала алады, өз ойларын жинақтай алмайтын оқушылар да болды, ал кейбір оқушылар өте белсенді қатысты . Оқушылар топтық жұмыста бір – бірінің айтқанын тыңдай отырып, жақын арадағы даму аймағын дамытатынына сендім. Оқушыларға диалогтік оқыту әдісі- сабақтарда үнемі өзара сұхбаттасып, пікір алмасып тақырыпты кеңінен ашуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде оқушылар бір-бірімен еркін әңгімелесіп, сөйлеу мәдениеті қалыптасты. Әдеби тілдің нормаларын сақтауға дағдыланды, ойын қысылмай анық айтуға дағдыланды.

Келешекте оқушыларымды топтық жұмыста «Диалогтік оқыту» арқылы пәнге қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттырамын.


Пайдаланылған әдебиеттер
Мұғалімге арналған нұсқаулық . (2012 )
1-бетпе-бет кезеңіндегі ресурстар.