29 Наурыз, Жұма

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі


Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі Білім берудің қазіргі жағдайында оқытудың жаңа мазмұны мен қалыптарын іздестіру - өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялар жасалып, мұғалімдердің тәжірибесіне енгізілуде. Ана тілімізді ұлттық құндылық ретінде дәріптеуде осы пәнді үйретуші әрбір ұстазды оқытудың жаңа үрдістері мен өзекті мәселелері ойландырмай қоймайды. Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген технологияларының бірі – Ж.А.Қараевтың саралап – даралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясы –нәтижеге бағытталған білім беру құралы. Саралап білім беру –қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды.Оқу пәні ретінде орыс сыныптарында қазақ тілін саралап оқытудың өзіндік ерекшелігі және маңызы бар.Себебі ,обьективті түрде өзге тілді оқушы үшін қазақ тілі мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі қиындарының бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл ретінде саралап оқыту-ол тек мықты оқушылардың ғана емес, бұл пән қиынға соғатын оқушылардың да мүмүкіндігін қанағаттандыруы тиіс. Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» алынып отырады. Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан , жұмысын «оқушылық», «міндетті» бірінші деңгейдің,ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай , өз білігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ: -барлық оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.Бұл өз кезегінде,мемлекеттік стандарттың орындалуына кепілдік береді. Нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемде байқадым.Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап өткізбесе келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ,өзіне өзінің сенімі артады. Оқушылардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып ,өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты: жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу; - дарынды оқушылардың мүмкіндігін анықтау; әр оқушы өзін-өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге өзі жеткізе алады, материалды толық меңгереді. Бұл технологияның тағы да бір тиімділігі – оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс оқушының әр сабақта жинаған ұпайларын “Даму мониторингі” кестесінде белгілеп отыру арқылы тарау бойынша оқушы біліміне талдау жасап отыруға мүмкіндік туады. Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі, жаттап алуға лайықталған болуы керек. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек. Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді пысықтау, сұрақтарға түсініп жауап беру. Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей)- өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар.Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі. Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – танымдық-іздену түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.Өздігімен мысалдар құрастыру, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.Материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді. Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.Олимпиадалық тапсырмалар,берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.Өз бетімен оқу материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады.

І деңгей үшін – 5 ұпай

ІІ деңгей үшін – 10 ұпай

ІІІ деңгей үшін – 15 ұпай

Бұл технология бойынша жұмыс жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет. Тек оқулықтағы тапсырмалармен шектеліп қалмай, әр түрлі қызықты тапсырмалар берілуі керек. «Деңгейлеп саралап оқыту» тақырыбы бойынша мен өз тәжірибемде жұмыс жасап келемін. Өзім сабақ беретін сыныптардың сабақтарына деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін кіргіздім. Осы сыныптарда әр оқушыға жазба дәптерін жасап, жинақтаудамын. Бұл «Жұмыс дәптерінде» оқыту мазмұны формасының жаңалануы әрбір оқушының ынтасын, іскерлігін мүмкіндігін дамытатындай жағдай жасау қажеттігі профессор Ж.А.Қараевтың педагогикалық технологиясының арнаулы талаптары бойыншша жасалған. Сабақты бекіту кезеңіне, қайталау сабақтарына арнап деңгейлік тапсырмалар құрастырып отырамын. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы көтерілді. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткіздім. Енді қазақ тілі пәнінен осы технология бойынша өткізген сабағымнан мысалдар келтіремін.

Сабақтың мақсаты: Білімдік : Реттік сан есім тақырыбы бойынша оқушының білімін қолдану; Қазақтың белгілі спортшылары туралы мағлұмат беру; Спорт тақырыбы туралы мәліметтерді жалғастыру,спорт тақырыбына байланысты сөйлесу, жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу. Дамытушылық: балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық жұмыстар жасауға жетелеу, танымдарын кеңейтіп, ой - өрісін дамыту. Тәрбиелік: белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Көрнекі құралдар: бейнебаян, слайд, бағалау плакаты, үлестірмелер, жұмыс дәптері. Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жеке жұптық жұмыс, мәтінмен жұмыс, деңгейлеп, оқыта-үйрету ойындары. Оқыту технологиясы: деңгейлеп-саралап оқыту

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 1. 5-тапсырма. Сөздіктің көмегімен таныс емес спорт терминдерінің мағынасын біліп келу.Слайдта спорт түрлерінің суретін көрсету барысында оқушылар біліп келген мәліметтерін айтып отырады.

• Биатлон – бірнеше ату шебінде кіші калибрлі винтовкадан жатып және тұрып ататын шаңғы жарыстары. • Тау шаңғысы спорты – арнайы жолдармен таудан төмен құлдилау. • Конькимен жүгіру спорты – конькимен жылдамдыққа жүгіру. • Мәнерлеп сырғанау – бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл-қозғалысы. • Фристайл – бұл тау шаңғысы спортының бір түрі. Ол өз ішінен үшке бөлінеді: могул – кедір-бұдыр жолдың бойымен тау шаңғысымен жылдам құлдилау; шаңғы балеті – әртүрлі би қимылдарын орындай отырып, таудан құлдилау; әуе (шаңғы) акробатикасы – акроботикалық қимыл-қозғалыстарды орындай отырып, екі метрлік трамплиннен секіру. • Хоккей – мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын. Хоккейді шайбамен де, доппен де ойнайды. • Шорт-трек – хоккей алаңында белгіленген қысқа мұз жолында конькимен жүгіру.

- Азиада еліміздің атын әлемде асқақтатты, осындай төк туымызды көкте желбіретіп жүрген белгілі спортшыларымыз да бар. Бүгінгі сабағымыз Олимпиада чемпиондарына арналмақ.

ІІ. Жаңа сабақ 1. Ой қозғау Тыңдалым "Чемпиондар әні" (бейнебаян)

2. Жаңа материал. Тақырыбы: «Қазақстан белгілі спортшылары » (1-қосымша, таныстырылым слайдта спортшыларымыздың суреттері мен жетістіктерін көрсету)

3. Мәтінмен жұмыс «Баяндама» оқыта үйрету ойыны Мұғалім оқушыларға 1-мәтінді оқуды (Гонг),соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.(Гонг). Әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама » жасайды.(Гонг) «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушылар жеңімпаз болады.

ІІІ. Бекіту 4. Деңгейлік тапсырмалар орындау

І деңгей 1. Сөздердің аудармасын табыңдар тренер- жаттықтырушы выносливость-ұстамдылық здоровый образ жизни-салауатты өмір организован-ұйымдастырылды сборная Казахстана- Қазақстан құрамасы крепкий- мықты легкий- жеңіл тяжелый-ауыр борьба- күрес терпеливый-шыдамды победитель-жеңімпаз чемпион мира-дүниежүзі чемпионы

2. Берілген сөйлемдердегі ойды аяқтаңдар. Сәйкескестендір.

1.Серік Қонақбаев 1959 жылы 25 қазанда... мемлекеттік жаттықтырушысы болған.

2. Ол Олимпиада ойындарының ... Павлодар қаласында дүниеге келген.

3. 1986-1992 жылдарда Қазақстан құрама командасының ... және спорт академиясының профессоры.

4. 1992 жылдың тамыз айынан бастап кәсіби бокс ... күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогының екі мәрте иегері.

3. Сөйлемдер бойынша сұрақтар құра

ІІ деңгей 1. Сұрақтарға жауап жаз:

1) Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы кім?

2) Жақсылық Үшкемпіров қандай күрестің чемпионы?

3) Ол қай жылы Мәскеу Олимпиадасынан жеңіспен оралды?

4) 1984 жылы Жақсылық Үшкемпіровті үлкен спорттан шығарып салу рәсімі қай қалада өтті?

2. Мәтіндегі бос орындарды толықтырып, мәліметтерді біліп ал.

Ермахан Сағиұлы Ибраимов 1972 жылы 1 қаңтарда ----------------------------------- туып өскен. Ермахан Ибраимов 1996, 2000 жылдары Қазақстан -------------------------------------------- алып жүрді. Оның орташа ------------------------ 71 кг. 1996 жылы Атлантадан қола медальмен, 1997 жылы Будапешттен күміс медальмен, 1999 жылы Хьюстоннан қола медальмен, 2000 жылы Сиднейден алтын медальмен -------------------- (оралды, Жамбыл облысында, Олимпиада алауын, салмағы)

3. Мәтіндегі сан есімдерге тауып, түрлеріне қарай ажырат.

ІІІ деңгей Модуль бойынша жаңа сөздерді және реттік сан есімдерді қолдана отырып, жерлес спортшы жайында мәтін құра.

ІҮ. Қорытынды "Жетістік жұлдызы" Балалар бұл белгілі спортшыларымыз біздің еліміздің жарқыраған аспандағы жұлдыздарымыз іспетті. Бүгінгі сабақта айтылған ойымызды "Жетістік жұлдызы" атты жұмысымызбен қорытындылаймыз. (Оқушылыадың санына сәйкес жұлдызшалар үлестіріледі.) Әр бала өзі жеткен жетістігін жазып, аспан бейнеленген плакатқа айта отырып іледі.

Ү. Бағалау. Ашық журналда сабақ барысында жинаған ұпай сандарына байланысты. Осы сабақта оқушылар мынадай жұмыс дәптерімен тапсырмалар орындады.

АШЫҚ ЖУРНАЛ

Оқушының аты-жөні І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей Сыныпта жинаған балы Үй жұмысынан алған балы Барлығы Бағасы

1 2 3 1 2 3 1.

Абиласанова З + + + + + + + 9 б. 3 б 12 б «5»

2. Базаров М + + + + + - - 6 б 1 б 7 б «3»

3.Васильев А + + + + + + - 7 б 2 б 9 б «4»

4.Гречкин А + + + - - - - 5б 2б 7 б «3»

5.Дарменбаев А + + + + + + + 9 б 3 б 12 б «5»

6.Депутатова В + + + + + + + 9 б 1 б 10 б «4»

7.Джакупов С + + + + + + - 9 б 2 б 11 б «4»

8. Иванов А + + + + + + - 9 б 1 б 10 б «4»

9. Кайратова Н + + + + - + - 7 б 3 б 10 б «4»

10. Китавин Д + + + + + + - 7 б 2 б 9 б «3»

11. Тулегенов С + + + + + + + 9 б 3 б 12 б «5»

12. Пупченкова К + + + + + - - 8 б 1 б 9 б «4»

Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың оң нәтижелеріне көз жеткіздім. Сабақты деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі: Сабақтың мазмұны мен сапасы артады. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып,шеберлігі шыңдалады; Жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады; Жүйелі оқыту принциптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап, білім деңгейін өсіреді; Оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, жаңалыққа ұмтылады. Осы сабақты деңгейлік тапсырма арқылы өтудегі білім сапасының көрсеткіштері: Деңгейлік тапсырмаларды пайдалану оқу процесін ізгілендіру және демократияландыруды қамтамасыз ете отырып,оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілетін көтеруге көмегін тигізеді. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өз бетімен ізденіп жұмыс істеуіне жетелейді және сабаққа оң мотив туғызыға әсер етеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау оқушылардың белсенділігін арттырып, өмірге икемділігін дамытады, олардың сапалы білім алуына жәрдемін тигізеді. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әлеуметтік –танымдық көзқарастарын қалыптастырып, өмірде кездесетін әртүрлі ситуацияларды меңгеруге көмектеседі. Деңгейлік тапсырмаларды қолдану барысында оқушылардың байқағыштығы, ойлауы, ізденушілік қабілеті өседі. Рейтингтік жүйе оқушылардың білімін әділ бағалауға игі ықпал етеді: Деңгейлік тапсырмалар құрылымы мен мазмұны баланың қызығушылығын туғызып, оқушыны терең ой айтуға үйретеді. Деңгейлік тапсырмалар орындату балаға шамадан тыс жүктеме беру емес,керісінше оқушыны біліміне, мүмкіндігіне,сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар.

Пайдаланған әдебиеттер: 1. Ж.У.Кобдикова «Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп оқыту)». 2002 жыл

2. М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» Алматы 2002 жыл

3. Жұмабекова А.Л. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».