Ұстаздарға
Келесте тәрбие саласының өзекті мәселелері талқыланды
№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімі, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Келес ауданының білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары және тәрбие орынбасарлары қатысты.
Жиын Келес аудандық прокурорының орынбасары Ағабеков Нұркен Керімбайұлының төрағалығымен өтті. Сонымен қатар жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы, Келес ауданы білім бөлімінің басшысы Рахат Жайлаубай Сәрсенбекұлы да қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алғашқы баяндаманы оқыған Келес аудандық прокуратурасының прокуроры Қалдыбек Бауыржанұлы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау маңызды екенін атап өтті.
Келес аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ибрагимов Әсет Жақыпбекұлы «Жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында қылмысты болдырмау, қаңғыбастықпен панасыздықтың, зорлық зомбылықтың жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқыса, Келес ауданы білім бөлімінің бас маманы Сманов Насыр Абдихайымұлы 2024-2025 оқу жылында құқықбұзушылықтың, қылмыстың, зорлық зомбылықтың, атқарылған және алдын алу жұмыстары туралы айтты.
Жиын соңында Әділ билер республикалық қоғамдық бірлестігінің Келес ауданы бойынша бас биі Ермеков Рахматулла Керімбайұлы жастар тәрбиесінде ата-аналармен бірлесе атқаратын жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.