21 Желтоқсан, Сенбі

Ұстаздарға

Келестік ұстаздар отбасында сегіз перзентті тәрбиелеп отыр


Келестік ұстаздар отбасында сегіз перзентті тәрбиелеп отыр

Келес ауданы Түркістан облысындағы халық тығыз орналасқан аудандардың бірі болып табылады. №7 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мұхтар Абдрахманұлы мен оның жұбайы тарих пәнінің мұғалімі Индира Асилбекова отбасында 8 перзентті тәрбиелеп отыр.

  -- Мұғалім мамандығын таңдағаныма өкінбеймін. Жарым екеуіміз де ұстаздық жолын таңдағанбыз. Ал тұңғышымыз Диана Шымкент қаласындағы N47 Т.Тәжібаев атындағы  гимназия  мектебінде,  екіншіміз  Мадина - студент. Ұлжан, Балжан, Нұрмұхаммед, Байкен – мектеп қабырғасында. Тауман мен Асылым балабақшада тәрбиеленуде. Қазіргі таңдк біз аман талабына сай өмір сүріп, өркендеріміздің робототехника саласын дамытуға үлес қосуы үшін барымды салып келемін, - дейді Мұхтар Абдрахманұлы.

Үнемі ізденісте жүретін мұғалім мектепте оқушыларды робототехникаға баулып, олардың аудандық және облыстық олимпиадаларда бақ сынауына мұрындық болып жүр. Жас өрендердің анасы Индира болса тарих пәніне сабақ береді.

Келес ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметі