21 Желтоқсан, Сенбі

Ұстаздарға

Қауіпсіз интернет қағидалары.


Интернет - ақпарат ағыны толассыз виртуал әлем. Ол оқушының пайдалы да қызық ақпарат іздеуіне өте қолайлы. Алайда интернеттегі орынсыз контент пен күтпеген жағдайлардан да қорғана білу керек. Әсіресе қашықтан оқу кезінде оқушыларға осыны үйреткен жөн. Қалай? 

Мына қарапайым қағидаларды есте сақтаңыз:

Күдікті, бұрын қолданбаған сайтқа, бағдарламаға тіркелерде жаңа шыққан жазуларды оқымай тұрып, «ок», «далее», «Подписаться» батырмаларын баспаңыз. Ақпаратты сақтау шарттарымен танысып шығыңыз.

 Бейтаныс қолданушы жіберген файлдарды жүктемеуге тырысыңыз. Өзіңіз де әртүрлі конкурс, ойындарға қатысқанда, ән жүктеу үшін жеке нөмір, сурет немесе адресті жібермес бұрын үлкендермен ақылдасыңыз. Интернеттегі екінші тарапқа сіз туралы оңай ақпарат жинауға көмектеспеңіз.

 Логин, пароль және жеке ақпараттарыңызды хабарламада, әлеуметтік желіде жарияламаңыз. Бұл деректерге үйдің кілті сияқты ұқыпты қарау керек.

 Кез келген күдікті жағдайда алдымен ата-анаңыздың көмегіне жүгініңіз. Егер ол мүмкін болмаса, әр бағдарламаның соңында Служба поддержки деген функциясына хабар беріңіз.

 Түрлі чаттарда, сайттарда дөрекі, тәрбиесіз қолданушыларды кездестірген шығарсыз. Әдетте олардың суреті жасырылған, өзі туралы ақпарат өтірік болып келеді. Сондықтан оның артында кім тығылғаны бізге белгісіз. Сізге тіл тигізу мақсатында жазылған хабарламаларға жауап бермеген дұрыс, олар сізді ашуландырып, қызықтауды ғана көздейді. Ал қорқыта бастаса, үнсіз қалмаңыз: бірден үлкендерге хабар беріңіз.

 Интернеттегі ыңғайсыз жағдай өзіңізге ғана емес, жақындарыңыз бен туыстарыңызға да қауіп төндіретінін ұмытпау керек. Сондықтан, жоғарыдағы сақтық шараларын оқушыларға түсіндіріңіз және әріптестеріңізбен бөлісіңіз.

 

Дереккөз: @ustazupgrade