21 Желтоқсан, Сенбі

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

Тарихыңды таны сайыс. 6-7 сыныптар


Сынып: 6,7-сынып

интеллектуалды сайыс
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
ә) тәрбиелік мақсаты: оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын арттыру;
б) дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөз қорларын байыту.

Сабақтың әдісі: Сайыс

Қажетті құралдар: Электронды тақта, МS PowerPoint-та жасалған слайдтар

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! Тарихыңды таны атты сайысымызға қош келдіңіздер. Алдарыңызда өз білімімен ақыл ойымен тапқырлығымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ойынға алты адамннан тұратын екі топ қатысады.

Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары. Бұлар - нағыз тарихи дастандар. Мұнда түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби көркемдік тәсілдермен өрнектелген.

Сонымен, «Білім- білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып ойнымызды бастайық.

Ойын 5 турдан тұрады.

1-ТУР ОЙЛАН ТАП

2-ТУР ОН ТҰҢҒЫШ

3-ТУР СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

4-ТУР ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ.

5-ТУР ҰШҚЫР ОЙ

1-Тур

ОЙЛАН ТАП

Тарихи жылдар

1. Түрік қағанаты – 552-603ж.ж

2. Батыс түрік қағанаты – 603-704 ж.ж.

3. Түргеш қағанаты – 704-756 ж.ж.

4. Ерте палеолит – 2,5 млн. – 12 мың жыл

5. Мезолит – 12-5 жыл

6. Жер беті күрт суи бастады – 100 мың ж.бұрын

7. Неолит - 5 – 3 мың жыл

8. Қазақстанда қанша обл.бар – 14

9. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? 1991 ж. 16 желтоқсан

10. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап

11. Қыпшақ хандығы – ХІІ – ХІІІ ғ.


Жылдарына сай хандардың аттарын жаз

1456-1480жж- Керей мен Жәнібек

1511-1515жж- Қасым

1523-1532жж- Тақыр

1532-1537жж- Тоғым

1580-1582жж- Шығай

1582-1598жж- Тәуекел

1598-1613жж- Есім

1629-1652жж- Жәңгір

1730-1771жж- Әбілмамбет

1771-1781жж- Абылай

2-ТУР

ОН ТҰҢҒЫШ

1. Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел патша: Томирис б.з.б. 570-520ж.

2. ХІІ-ІХ ғғ (VIII) өмір сүрген, тұңғыш ажалмен арпалысқан кім? Қорқыт VIII ғ.

3. Музыка саласында «Музыканың ұлы кітабы» атты тұңғыш ғылыми еңбек жазған, энцоклопедист ғалым. Әбу Насыр Әл-Фараби 870-950 ж.ж.

4. Египетте жүріп құлдық дәрежеден ел билеуші дәрежесіне дейін жеткен қазақ бабасы: Бейбарыс сұлтан

5. Ел басқарудың жаңа түрі «халық кеңесі» атты тұңғыш халықтық өкімет құрған қазақ батыры. Сырым Датұлы 1783-1797ж.ж.

6. Қазақтың тұңғыш шығыстанушы ғалымы, қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш қағазға түсіруші. Шоқан Уалиханов 1857 жыл

7. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» біріккен қазақ қолын тұңғыш басқарған, монғол қолын ойсырата жеңген. Әбілқайыр хан 1693-1748 ж.ж.

8. Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж.

9. Қазақ тілінде тұңғыш «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға қазақ тілін үйретудің құралы» атты оқулықтар жазған ғалым-ағартушы. Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж.

10. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Мұстафа Шоқай 1890-1941 ж.ж.

3-ТУР

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

Бұл жәдігер қай ғасырға, қай тайпаға тән? V-ІV ғ. Сақ

Уақытын және қайдан табылғанын айт? 1969 ж. Есік қорғаны Жетісу К. Ақышев

Суретте қай ғашықтардың мазары көрсетілген? Қозы Көрпеш – Баян Сұлу Х V І - Х V Бұл қандай ескерткіш және қай ғасырға тән? Күлтегін VІ ғ.

Суретте кімдер бейнеленген?

Бөгенбай батыр 1690-1775 ж.ж., Әмір Темір 1336-1405 ж.ж., Қабанбай батыр 1691-1769 ж.ж.

Суретте қай тарихи оқиға бейнеленген? 1941-1945 ж.ж.

Бұл қай билеуші? Ол туралы не білесің? Шыңғыс хан 1155-1227 ж.ж.

Ескерткіштегі қос батыр кімдер? Махамбет – Исатай 1836-1838

Бұлар кімдер? Бұл тұлғаларды қандай қоғам біріктіреді? А.Байтұрсынов 1873-1937 ж.ж., Ә.Бөкейханов 1866-1937 ж.ж., М.Дулатов . “Алаш партиясы”

Суретте 1932 жылмен байланысты қай кез бейнеленген? Ашаршылық 1931-1933 ж.ж.

Бұл қандай оқиға? 1986 жыл 16-17 желтоқсан

Ән:

4-ТУР

"Тәуелсіздік шежіресі"

Тәуелсіз ел атандық биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі мәлім атың.

Ата-баба қанымен келген бізге

Тәуелсіздік құт болып қонды елге

Сайыскерлерге төмендегі сұрақтар қойылады, қайсысы бірінші әрі дұрыс жауап берсе, соған ұпай беріледі. Бір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

1.. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? 1991жыл.

2.Еліміздің рәміздері қашан қабылданды? 1992 жыл 4 маусымда.

3.Қазақстан компартиясы қашан таратылды? 1991жыл.

4.Қазақстан ұлттық гвардиясы қашан құрылды? 1992 жылы.

5.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңгенің айналымға енген жылы- 1993 жыл.

6. Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық одақ құру»идеясы жарияланған жыл-1994 жыл .

7. «Қазақстан-2030 даму стратегиялық» бағдарламасының қабылданған жылы-1997 жыл.

8.Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ құрылтайы қашан болды? 2000 жыл.

9.Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау»заңының қабылданған жылы-2001 жыл.

10.Қазақстан Республикасының екі палаталы тұңғыш парламентінің өз жұмысын бастаған жылы-1996 жыл.

11. Қазақстан Республикасының қоспалаталы Парламентінің сайлауы қашан болды? 1995 жыл.

12. Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына қашан мүше болды? 1992 жылы.

5- ТУР

ҰШҚЫР ОЙ

Берілген сөздерді пайдаланып, «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбындағы мәтін құра.

Берілген сөздер: Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ. Топпен жұмыс, флипчарт қағазға жазу.

Көрермендермен ойын:

1.Түркеш қағанатының астанасын ата:

Жауабы: Суяб,екіншісі Ордабасы-Іле бойындағы Күнгіт.

2.Қимақ қағанатының тарихи шеңбері:

Жауабы: ІХ ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басы.

3.Қарлұқ қағанатының тайпаларын ата:

Жауабы: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін,тухси, фаракия, лазана.

4.Қазақстандағы ең ірі сәулет орындарын ата:

Жауабы: Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Айша бибі, Қарашаш ана, Ибрахим ата т.б.

5.Батыс түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті?

Жауабы: Шегу қаған.

1.Батыс түрік қағанатының тайпаларын ата:

Жауабы: Барлық түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр,үйсін т.б.

2.Оғыз мемлекетінің астанасын ата:

Жауабы: Янгикент (Жаңа Гузия)

3.Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған ортағасырлық тарихшы:

Жауабы: Парсы тарихшысы Гардизи.

4. «Бұдун, тат» сөздерінің мағынасы.

Жауабы: «Халық, құл».

5.Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?

Жауабы: Ұмай анаға.

1. «Сардоба» деген қандай құрылыс?

Жауабы: Құдық үстіне салынған ғимарат.

2. Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады?

Жауабы: Сатұқ Боғра –хан.

3. Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы одақ құрды?

Жауабы: 965 жылы.

4. Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі:

Жауабы: Земарх.

5. Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған?

Жауабы: 20 жылға.

Қорытынды:

1 жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық Ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына.

2 жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

1 жүргізуші.: Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.

Марапаттау рәсімі.

Қорытындылай келе, әр топтың жинаған қорларын есептеп жеңімпаз белгілі болады. Әр топқа марапаттау қағазы берілді. Мұндай сабақты өткізу барысында оқушылардың өз білімін барынша көрсету, оны пайдалану мүмкінлігін артып, өз тобының жеңісі үшін күресу, сонымен ұйымшылдық қабілеттері бір-біріне көмек беру арқылы артып, сабаққа белсенді қатыстыру.

1. Әнұран сөзінің авторлары кім?
2. Алғаш қазақ хандығын құрған кімдер? (Керей, Жәнібек)
3. Адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі қалай аталады? (палеолит)
4. Аталық ру қай кезде пайда болды? (Қола дәуірі)
5. «Алтын Адам» қайдан табылды? (Есік)
6. Қаңлылардың астанасы қай қала? (Битянь)
7. Ғұн қоғамында қанша ру болған? (24)
8. Қазақстандағы алғашқы феодалдың мемлекет? (түрік қағанаты)
9. Қазақ халқында «Ақтабан шұбырынды» жылдарын еске түсіретін ән (Елім-ай).
10. Ноғай ордасының негізін қалаушы (Едіге).
11. Әбілқайыр хандығының астанасы (Сығанақ)
12. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Түркістанда кімнің бұйрығымен салынды (Әмір Темір).
13. Орта ғасырлық қаланың кедейлер тұратын бөлігі қалай аталған? (Рабат)
14. Қарахан әулетінің негізін салушы (Сатук Бограхан)
18. «Хан батыр» атағына ие болған батыр? (Қабанбай)
19. ХVIII ғ. қазақтардың әдет-ғұрып заңдары? (Жеті Жарғы)
20. Абылайдың кеңесшісі болған атақты ақын – (Бұхар жырау).

1. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, Автономиялық қазақ үкіметінің басшысы, «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан» газеттеріне мақалалар жазып тұрған, 1894 жылы Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын бітірген кім?
(Ә. Бөкейханов).
2. «Алаш» партиясының танымал басшысы, қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал»-дың авторы, Сталиндік жазалаудың құрбаны, Соловки лагерінде қайтыс болған кім? (М. Дулатов).
3. «Қазақ халқының 1000 әні» мен «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинағын шығарған композитор әрі этнограф кім? (А. Затаевич)
4. Орта жүздің султаны Уәлидің баласы, атасы Түркістан билеушісі болған, 1778 ж. ІІ Екатерина оны орта жүздің ханы етіп бекітті. Бұл кім? (Абылай).
5. Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттен екінші ұстазы аталған данышпан ойшыл, энциклопедиет ғалым кім? (Әл-Фараби).
6. Қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың (күйдің) классигі (Құрманғазы).