03 Желтоқсан, Сейсенбі

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың ғылыми- жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылығын дамыту»


«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» курсын өткізу функционалдық сауаттылықты арттырудың мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталуына сәйкес жасалды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында өткізілетін оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістеріне арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасына талаптарына сәйкес келеді.

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастығын, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықты қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.

2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеуінде мақсатты индикаторларын анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2018 жылы 40-45орын.

2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша -52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді.

Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Нәтижелер қазақстандық оқушылардың үлесін төмендегідей белгілейді:
Күрделі оқу мәтіндерін тиімді пайдалану, олардың көмегімен күнделікті жағдайларға бейімделу оқу сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 5% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 28,6%);
Нақты жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеу, әртүрлі тапсырмаларды дамыту және қолдану математика сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 4,2% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 16%);
Әртүрлі ғылыми жаратылыстану ғылымдарындағы түсіндірмелерді біріктіретін, аталмыш түсіндірмелерді өмірлік жағдайларда қолдануға бейімдеу, жаратылыстану ғылымдарының рөліне байланысты нәтиже шығаруды талап ететін жағдай аясында тиімді жұмыс істеу ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 3,6% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 20,5%)

Бұдан, Қазақстанның PISA қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беру мектептерінің педагогтары жоғары деңгейдегі пәндік білім береді, бірақ өмірлік жағдайларды оларды қолдануға жеткілікті түрде үйретпейтіндері көрсетеді.

Сонымен, мұғалімдер логикалық, сыни және конструктивті ойлау негіздері қалыптастырудың тиімді әдістерін жеткілікті дейгейде білмейтіндері аңғарылады.

Ногаева Светлана Избергеновна