30 Желтоқсан, Дүйсенбі

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

Тәлімгерлік ету жайында рефлексивті есеп


Тәлімгер: Жусупова Тынымкүл Қызылорда облысы Тәлімгерлік кездесуге рефлексивті есеп. Биылғы оқу жылы мен үшін жаңалыққа толы болды, себебі мен осы мезгілде екінші деңгей бағдарламасының бірінші "бетпе- бет" кезеңінде теориялық білім алып, екінші кезеңінде жұмыс жасайтын мектепте іс- тәжірибелік әрекетімді бастадым.Бір әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асырамын Әріптесім Гүлмира Байдуллақызын тәлім алушы ретінде таңдаган себебім, менің іс тәжірибені талқылау семинарыма, коучинг сабағыма қатысып, қызығушылық танытып өз қажеттілігіме көмек болады деп өзі «өтініш»білдірді. Дегенмен де, мектеп әкімшілігімен, бастауыш сынып әдіс бірлестігі жетекшісімен бірге өтінішті қайта талқыладық. Өтінішін қабыл алып, тәлім алушы ретінде жұмыс жасауына келістім. Гүлмира Байдуллақызы еңбек өтілі 21 жыл, біліктілік санаты - 1, білімді, тиянақты, тәжірибесі мол, жауапкершілігі бар мұғалім. Жаңалыққа жаны құмар әлем өзгеруде, мұғалім өзгеру керек деген мақсатқа түсіністікпен қарап, тәлім алушы болуға қызығушылығы жоғары болды. Тәлім алушымен жұмыс жасау үшін деректер жинау мақсатында дәстүрлі сабағына қатыстым. Оқушылардың іс-әрекетін, мұғалімнің шеберлік қырларын, оқыту әдісін, баламен арасындағы іс-әрекетін анақтау мақсатында сабақ барысын фотосуретке және бейнежазбаға түсіріп алдым. Сабақ алдында балалардың ата-анасынан рұқсат алдым. 2 "А" сыныбында дәстүрлі сабағын Ана тілі пәні бойынша өткізді. Сабақты ұйымдастырып, үй тапсырмасын сұраудан бастады. Балалар сұраққа жауап берді. Сабақта оқушылардың мұғалімді тыныш отырып тыңдап, артық қозғалыс жасамай отырғанын байқадым. Сабақтағы әр тапсырма негізінде жауап берген оқушыларға баға қойып отырды. Сабақтан кейін тәлім алушымен бірге бейнежазба материалына қарап сабақты талқыладық. Талқылау барысында "тәлімгерлік түзету қағидатына емес даму қағидатына негізделген" (Oxley, 2003) дегенді басты ұстанымым етіп алдым. Сабағыңызды көрсеткеніңізге рахмет айта отырып "сабақ мақсатына жетті ме?" деп сұрадым. "Сабақ мақсатына жетті" - себебі тақырып ашылды, бала толық меңгерді. Бірақ, әлі де орындалар іс-әрекеттер бар еді уақыт аздау болып үлгіре алмадым, балалар кейбірі жайсыздау іс-әрекеттер жасады, жауап берер кезде тұрып қалу, бейне таспаға қарап отыру дегендей. Бұл төңірегінде балаларға тағы да түсініктеме беру керек екен деп шештім. Әрине, бұл кіші жастағы балаларға тән жәй екені белгілі. Мен де кейбір балалардың толықтай қатыспай отырғанын байқағам, өз ойымен отырған балалар болды, түсірілім әсері болар. Мүмкін олда себеп болған шығар, дегенмен балалар сабаққа толықтай қатыспады. Өзге де себеп бар ма? деп сұрадым.Сонымен бірге, бұл сабақта оқушылардың белсенділігі төмен болды. Себебін сыныптағы оқушы санының көптігінен бе ?деп ойладым. Осы тұста тәлім алушыма өз ұсынысымды білдіре отырып, екінші деңгей бағдарламасының педагог қызметкерлері үшін белгіленген мақсатын, білім беру саласындағы өзгерістер мен кәсіби құзіреттілігі терең мұғалім даярлау екендігін түсіндірдім. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі бойынша келесі сабақ үрдісін топтық жұмыс негізінде ұйымдастыру қажеттігін ұсындым. Онда әр сабақты түрлендіру арқылы балаға еркіндік беру, топпен жұмыс бұл бірлескен оқу, ал бірлескен оқудың мәні – ынтымақтастық оқу. Ынтымақтасқан оқудың ақпаратты игеретін, өздері игерген мәліметті байланыстыратын белсенді үдеріс екенін, бұл оқу тәсілінде сабақтың 90%-н оқушы өзі алып шығуы керектігін айтым түсіндірдім. Бала өз ойын ашық айтады, бірін бірі оқытады, үйретеді, сөйлейді, бағалайды. Мұғалім тек бағыт бағдар беру арқылы тапсырманың орындалуын қадағалайды,сыни көзқарас балада қалыптасады. Топтағы ерекше дарынды, талантты балалаларды байқап, оларды көшбасшылыққа тәрбиелей аламыз деп түсіндірдім. Мен тәлім алушыма қазіргі таңда проблема ақпараттың көптігі, сондықтан бізді "XXI ғасырда нені оқыту керек?" және "Мұғалімдер оқушыларды XXІ ғасырға қалай дайындайды?" (Мұғалімге арналған нұсқаулық 4-бет) – деген сұрақ үнемі ойландыру керектігін басымырақ айттым. Әңгімелеу кезінде әріптесімнің топтық жұмысты үнемі болмаса да қолданып жүргенін байқадым, өзгеріске дайын екенін көріп риза болып қалдым. Мен оған өзімнің тізбектелген сабақтар топтамасын көрсетіп, менің сабағыма қатысып, бақылауына ұсыныс білдірдім. Менің төрт сабағыма қатысып болған соң кері байланыс ретінде: Сабақ барысы ұнады ма? Не өзгешелік бар? Сіздің ойыңызша сабақ мақсатына қалай жетті? деген сұрақтар қойдым. Сол кезде :Сіздің сабақты ұйымдастыру барысыңыз мүлде өзгеше екен, балалар тақырыпты өздері ашып, өздері талдап, өздері түсіндіреді, өз ойларын еркін жеткізіп, сабақ мақсатына өздері жетті. Менде осы әдіс-тәсілді өз сабағыма пайдалана алсам деді. Осы ойын іске асыру мақсатында біз орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын бірлесе жасадық. Жоспарлау барысында оқушыларды сабаққа қызықтырып, ынталандыру жолдарын қарастыра отырып, сабақта постермен жұмыс жасау, талдау, қорғау, өзара топпен бағалау, қол соғу, жарайсың деген әдіс – тәсілдерін ұсындым. Келесі бақылауға алған сабағымның тақырыбы Абайдың "Күз"туралы өлеңі. Оқушылардың партада орналасу тәртібі өзгерді. Тапсырмаларды беру әдісі ,оқушылармен қарым-қатынасы өзгеше түрде ұйымдастырылды. Оқыту үдерісіне қолданылатын әдіс-тәсілдер жұптық жұмыс, топтық жұмыс , түйін сөзді анықтап, күзге қатысты жерін тауып оқу, кері байланыс, рефлексия, жасау, қалыптастырушы бағалау түрлерін: екі жұлдыз бір тілек, қол шапалақтау, мақтау, бағдаршам, ресурстар мен негізгі дерек көздерін нақты шынайы пайдаланғанын байқадым.. Бұл ұсынылған әдіс – тәсілдер балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыратынын түсініп, сабағының қажет жерінде пайдалана білді. Дәстүрлі сабақта мұғалім сабақты өзі түсіндіретін еді, енді оқушылар ізденіп, ойланып, сыни көзқараспен ойланып тақырыпты ашуға әрекет етті. Тапсырма орындау барысында зерттеушілік қабілеттері қалыптаса отырып, қызығушылығы оянды, әр тапсырма орындау барысында менің нұсқауыммен тәлім алушым топқа бірін-бірі бағалатып, жеке қорғауға, талқылауға, үй тапсырмасына белсенді қатысқан оқушыларды қол шапалақтау, тілек жазу арқылы нақты бағалады. Сабақ соңында"білемін, білдім, білгім келеді" нысаны бойынша кері байланыс алынды. Оқушы пікірі бойынша сабақты қайта жоспарлауға болатынын айта кеттім. Сабақ барысында қойылған мақсаттың жүзеге асқан сәттерін саралап көрсек: Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстырып сөзжұмбақ шешкізу кезінде 5 бала жасыл түске, 4 бала сары түске, 1 бала қызыл түске көтеріп бағаланды.Жаңа сабақ екеніне қарамай мәтінмен жұмыс кезінде 3 топ барынша ынтымақты,бірлескен жұмыс жасады. Топ бірін- бірі бағалап :I топ -4, II топ- 5, III топ -5 деген ұпай алды. Әр топт ұпай санымен және мұғалім мадақтауымен бағаланды. І – 4 ІІ – 4 ІІІ – 4 Сабақ нәтижесінде балалар күз мезгілінің сипатын, айырмашылығын айтып берді. Сабақтың сәтсіз тұсы 3 топта 7 баладан болуы оқушылардың әрекетсіз отырып зерігуін байқатты бір- біріне кедергі жасады. Бұл келеңсіз жағдайларға байланысты келесі сабақты жоспарлағанда топ мүшелерін азайтып бөлуге ұсыныс білдірдім. Сабақтың сәтті тұсы мәтінді өздері оқып өздері түсіндіріп берді, ақылдасып, ойласып, бір- біріне сұрақ қойып, жауаптарын өздері тапты. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі жетістігі балаларға шығармашылық тапсырма беруі, күз мезгілін сипаттау кезінде балаларды сыни тұрғыдан ойлап жауап беруіне мүмкіндік жасады. Күзгі табиғат құбылысына байланысты:Күз болды,ауа райы өзгерді, күн бұлттанып, жаңбыр жауды, (тырс-тырс, саусақпен алақанды жәй ғана ұрады ),жаңбыр соңы нөсерге айналды(алақанды соғу) сергіту өте әсерлі шықты. Сол сергітуден соң түрлі- түсті сары, сарғыш, қызғылт жапырақтармен топқа бөлуіне ұсыныс жасадым. Екінші айтарым, бағалаудың түрлерін өзін – өзі бағалау, критерий арқылы бағалау сабақ барысында орындалса, сабақ соңында ұпай саны есептеліп, әр топ бағаланатын болсын деп ұсыныс білдірдім . Формативті бағалауды көп қолданса бала баға үшін емес бағалану үшін ынталанатыны, сөйтіп оқу сапасын арттыруға болатындығын айтып өттім. Сабақ үдерісінде мәтінді талдау, түсіндіру кезінде постер құратты, әрі сыни тұрғыдан ойлауға бағыттап оқушыларды ойландыра білді. Балалар алдыңғы сабақтағыдай емес үйреніп қалғаны байқалды, өздері сурет салып, өздері тақтаға іліп бір оқушыдан қорғап шықты. Тәлім алушым да бағалау түрлерін меңгергендігін байқатып сағат тілімен бір топ келесісін, ол келесісін бағалап постерге ілуге тапсырма берді. Әр топқа мәтінді бөліп берді. Өздеріне бөліп берілген мәтін бөлігін белгіленген уақытта оқып шығып, топ ішінде бір-біріне түсіндірді, топта талқылады, постер қорғады. Топпен оқып мазмұндау әдісін критерий арқылы топ өздері ұпай санын берді, тақтаға жазылды. Күз мезгіліне байланысты сипаттау кезінде сыни тұрғыдан сипаттаушыға топ болып назар аударып, критерий арқылы бағаланды. Үй тапсырмасын орындау кезінде бірін- бірі бағалады. Тәлім алушыма "Баспалдақ"әдісі арқылы өзін-өзі бағалау жасатып жібер деп ұсыныс айтқан едім. Оқушылыр өте қызығушылықпен орындады. Балалар өзіне өзі баға бере білді. Сабақты қорытындылау мақсатында "Алтын күз" деген тақырыпта эссе жазғызу нағыз сын тұрғысынан ойлау әдісінің орындалу көрінісі. Эссені бір біріне бағалатып екі жұлдыз бір тілек жазғызуы арқылы бағалады. Сабақ барысында сәтті болған тұсы постер қорғау барысында әр топ белсенділік танытқаны. Топтық жұмыс кезінде өзара тез келісіп, реттілікпен уақытпен санасып орындағаны. Сабақ соңында кері байланысқа таратпалы сауалнама парағын толтырды. Топтың өзара бағалауы бағдаршам көздері арқылы бағалау әдісі шынайы әдіс болды. Сабақ нәтижесінде оқушылар кіші жаста болса да постер құрауды едәуір меңгеріп қалыпты,, қорғауды үйренген, ортаға шығып сөйлеуге қалыптасқан, зерігіп кетпеу үшін сергіту сәті балалар үшін өте әсерлі болды. Сабақтың бейнежазбасын қарай отырып және тәлім алушымен талқылау жүргізе отырып байқағаным және тәлім алушыға қиындық тудырғаны сыныптағы оқушылардың барлығына тапсырманы бірдей деңгейде беретіндігі .Сыныпта Айым, Алтай , Нұриман, Нариман, Айару есімді өте зерек, тапсырманы тез ұғып, жылдам орындайтын оқушыларға жеке жұмыстар беруде қиындықтар кездесті. Сабақты бірге жоспарлағанда осы оқушыларды назарға алуын ұсынған болатынмын. Алайда тәлім алушым сынып оқушыларынан бөліп оларға жұмыс жасауды үйлестіре алудан қиналғанын жеткізді. Сондықтан болашақта бұл жұмысты жетілдіре түсуіміз керек екенін ұғындым. Гүлмирамен бірге өткізген тәлімгерлік тәжірибемде бірігіп сабақ жоспарлау, талдау, ұсыныс, сұхбаттасу кезінде арамызда шынайы достық, сыйластық қарым-қатынас орнады. Мен оған өз тәжірибеммен бөлісе отырып қолдау көрсеттім. Тәлім алушым Гүлмира топпен жұмыс жасау, қалыптастырушы бағалау стратегияларын сабақта пайдаланудың тиімді жақтарын тез үйренді. Оқу үдерісі кезінде оқушылар тапсырма орындау, талқылауда толық қамтылып, тәлімгер қабілетін көрсете білді. Тәлім алушының мені қуантқаны менің ұсынған әдіс-тәсілдерімді еш қиындықсыз әрі қарай алып кеткені, сынып оқушылары да бұрыннан қалыптасып қалған тәрізді, бірден орындап кеткені,топтық жұмысқа тез бейімделуі жақсы нәтижені көрсетті. Тәжірибе кезінде қиындық туғызған сәттер: Мектептің АКТ құралдарымен толық жабдықталмауы үлкен кедергі келтірді. Сыныпты ұйымдастыру, топқа бөлу кезеңінде қиындық болды Тәлім алушы өзінің жазған кері байланысында дәстүрлі сабағымен салыстырып, көптеген әдіс-тәсілдерді іс-әрекетте қолданғанына риза болды. Тәлім алушымның рефлексиясы: Не ұнады, не ұнамады? деген сұраққа. . .Орта мерзімді жоспардың тиімдіпігіне көзім жетті. Сабақты топқа бөліп оқытқанла оқушылар жақсы қабылдап, белсенділігі артқанын. Не қиын болды? деген сұраққа...ОМЖ жоспарын құрғанда жаңа әдіс тәсілдің қиын жері көп даярлықты қажет етеді екен . Біз бұрын тек оқулықпен шектелсек , қазір қосымша интернеттен материалдар қарауға тура келеді,ізденушілік керек екен деп. Менің ұсыныстарым: Маған тәлімгерлікті алдағы уақытта да жалғастыруыңызды сұраймын. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін. Тәлімгерлік ету барысында өзімнің біліміммен, іс-тәжірибеммен бөлісіп, тәлім алушының еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздеуіне қолдау көрсетемін.