05 Қаңтар, Жексенбі

Ұстаздарға

«Бірлігі жоқ ел тозады»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«КЕНТАУ  КӨПСАЛАЛЫ   КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

БЕКІТЕМІН

                                                                                               Директордың тәрбие ісі

                                                                                                 жөніндегі орынбасары

                                                                                                                           Тоева А.Е.               

                                                                                                      «____» _______ 2024 ж.

атты тәрбие сағаттың әдістемелік әзірлемесі    

Мамандық: 07320100 - Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

Топ: СЭЗиС-24-1

Күні: 20.12.2024 ж.

                                                                    Орындаған оқытушы: Анарбаева Д.Р.

                                                                                                              _________________________

                                                                           (қолы)      

Кентау, 2024 ж.

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: «Бірлігі жоқ ел тозады»

Мақсаты:

1. Білім алушыларға бірлік пен ынтымақ ұғымдарын түсіндіріп, ел үшін маңыздылығын ұғындыру.

2. Елдің дамуы үшін татулық пен бейбітшіліктің рөлін көрсету.

3. Топтық жұмыс пен шығармашылық арқылы білім алушылардың белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, суреттер, бейнероликтер, постер дайындау материалдары, шыбық, стикер.  

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (10 минут)

1. Амандасу: Оқытушы білім алушыларды жылы шыраймен қарсы алады.

2. Қазақстанның әнұраны

3. Мотивациялық сөздер:

Оқытушы: «Бірлік – елдіктің негізгі тірегі. Осы сабақта біз бірліктің маңызын талқылаймыз. Сендер топпен жұмыс істеп, өз ойларыңды жеткізесіңдер».

II. Қызығушылықты ояту (15 минут)

1. Баяндама: «Бірлігі жоқ ел тозады»

2. Тақырыпқа кіріспе:

Оқытушы мақал айтады: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады».

Білім алушылардан мақалдың мағынасын сұрайды.

Сұрақтар:

«Бірлік дегеніміз не?»

«Ел үшін бірліктің қандай пайдасы бар?»

3. Сценарий: Шыбық арқылы бірлікті бейнелеу

Кейіпкерлер: Әр жастағы балалар тобы (15–17 жас шамасында)

Сахна сипаттамасы:

Балалар бірі – бірімен ұрысып ерегісіп тұрады. Жетекші бала әр балаға бір-бірден шыбық береді.

Жетекші бала:

— Ал, балалар, мына шыбықты сындыруға тырысып көрейік.

Балалар шыбықтарды бір-бірлеп сындырады.

— Жалғыз шыбықты сындыру оңай екен!

Жетекші бала барлық шыбықтарды жинап, оларды бір будаға байлап алады.

Жетекші бала:

— Ал енді, осы шыбықтарды бірге сындырып көріңдер.

Балалар кезекпен шыбықтарды бүкіл күштерімен сындырып көрсе де, оларды сындыра алмайды.

Бала:

— Біріккенде шыбықтар мықты болады екен.

Жетекші бала балаларға қарап, сабақты қорытындылайды.

Жетекші бала:

— Бұл шыбықтар бізге бірліктің күшін көрсетеді. Егер әрқайсымыз бөлек болсақ, бізді жеңу оңай. Ал біріксек, ешкім бізді бұза алмайды.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, күлімдеп бірлік пен достықтың маңызын түсінеді.

4. Бейнеролик көрсету:

Бірлік пен ынтымақтастық туралы қысқа бейнеролик.

Білім алушылар бейнероликтен алған әсерлерімен бөліседі.

Оқытушы: «Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар қалай тату-тәтті өмір сүріп жатыр?»

Білім алушылар пікір айтады.

5. Рефлексия:

Оқытушы: «Сендер бүгін сабақтан қандай ой түйдіңдер?»

Білім алушылар стикерге өз әсерлерін жазып, тақтаға жабыстырады.

6. Үй тапсырмасы:

«Бірлігі жарасқан елдің болашағы» тақырыбында эссе жазу.

Оқытушы сабаққа белсенді қатысқандары үшін алғыс айтады.

Нәтиже:

Білім алушылар бірлік ұғымының мәнін терең түсініп, елдің болашағы бірлік пен ынтымақтастықта екенін ұғынады.

Материалды көшіріп алу