13 Қараша, Сәрсенбі

Ұстаздарға

Келесте "Нысаналы мектептерге" әдістемелік көмек көрсетіліп жатыр


Әрбір жаңа жоба – өз жұмысын қайта қарау және дамыту мүмкіндігі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту минимтрлігінің бастамасымен жаңа оқу жылында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында «943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – ұйымдарда білім беру сапасын арттыру. Бұл жобаға Түркістан облысы Келес ауданындағы 33 нысаналы мектебі қатысады.

Жобаны іске асыру мақсатында арнайы Жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңсенің жұмыс жоспары таңдалған мектептерге консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуге, ең бастысы білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Жобалық кеңсенің құрамына облыстық әдістемелік орталық пен аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері кіреді. Әрбір әдіскерге нысаналы мектептер бекітілді, кураторлар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы педагогикалық кадрларды кәсіби дамыту институты базасында «Әдістемелік қызметті трансформациялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

«943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында мектеп басшылығы мен әдіскерлердің кәсіби қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындау мақсатында облыстық тамыз кеңесінің секциясында нысаналы мектептердің директорлары, облыстық және аудандық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері үшін «Қолжетімді сапалы білім беру: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары» тақырыбында отырыс ұйымдастырылды.