30 Желтоқсан, Дүйсенбі

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

Білім беру салалары негізінде педагогикалық процестерді ұйымдастыру


Шалқар қаласы

«Нұрсәт» мектепке дейінгі балалар мекемесі

Дайындаған:

«Нұрсәт» мектепке дейінгі балалар мекемесінің

әдіскері Ізбасарова Әсемгүл Жұмабекқызы



​Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі кезеңде баланың жеке тұлғасын қалыптастыру барысында оның әрі қарай өмір сүруі және жұмыс істеуінің әлеуметтік шарттарын есепке алу міндетін алға қояды. Осы мақсатты жүзеге асырудың нақты қадамы 2009 оқу жылында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті жаңа мемлекеттік стандартын енгізу болып табылады.

​Тәрбие мен оқыту мазмұнына нормалар мен талаптар жүйесін белгілей отырып, бұл стандарт мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленушілер мен педагогтар оқу жүктемесінің , балабақша, мектепке дейінгі дайындық тобы және отбасында бір жастан алты жасқа дейінгі балалардың дамуы және олардың негізгі құзіреттіліктерді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптардың барынша көп ауқымын анықтайды.

​МемБС жаңа талаптарын жүзеге асыру үшін педагогтардың жаңа жағдайларда жұмыс істеуге тиісті дайындықтары қажет. Осыған байланысты стандартта педагогикалық кадрлар кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру үшін «Төмен және мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған жалпы талаптар» ерекше тарауы көрсетілген.

​Жаңа МемБС талаптарына сәйкес әрбір педагогтің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс. Көп жылдан бері келе жатқан дәстүрге сәйкес, біз жылдың аяғында педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігі өсу деңгейін анықтаймыз.Осы мақсатта әрбір педагогтың жан-жақты өсуін көрсететін көрсеткіштер деңгейі бойынша және педагогтардың өзін-өзі бағалау жетістіктері карталары бойынша алынған жинақты орташа көрсеткіштер пайдаланылады.

​Педагогтер кәсіби өсуінің шынайы көрсеткіштерін алу үшін әрбір педагог қызметін өзін-өзі басқару органдары бағалайды (педагогикалық кеңес, кәсіподақ комитеті). Төменде әрбір педагогтің өсу деңгейін анықтау, жылдың ең таңдаулы тәрбиешісін дұрыс таңдауға көмектесетін ұжымның педагогикалық шеберлігі критериийларын келтіріп отырмыз.

Біздің педагогтар кәсіби шеберліктерінің өсуіне баға беру критерийлері

Педагогикалық мәдениет:

- Іс-әрекеттің жаңашылдығы және өзіндігі, бір қалыптылық, ескі таптапурыннан шығу;

- Іс-әрекетті жақсы игеру, қалыптасқан кәсіби дағдыларының болуы;

- Іс-әрекеттің уақытылығы, олардың педагогикалық жағдайларға сәйкестігі.

Психологиялық мәдениет:

- Әрбір балаға деген құрмет;

- Балаға тәрбие беру нысаны ретінде емес, жеке тұлға ретіндегі қатынас;

- Баланың психологиялық –педагогикалық ерекшеліктеріне көңіл аудару;

- Бала тұлғасының диагностикасы және кейінірек оның мінез –құлқын түзету.

Әдістемелік мәдениет:

- Жұмысқа озық педагогикалық технологияларды пайдалану;

- Балаларды дамыту барысында оқытудың дәстүрге енбеген сабақтарын және өзге түрлерін пайдалану;

Балаларды дамыту барысында оқытудың дәстүрге енбеген сабақтарын және өзге түрлерін пайдалану;

- Жұмыс барысында әріптестерінің озық тәжірибесін пайдалану;

- Диагностика, сауалнама, бақылау жүргізе білу.

Зерттеушілік мәдениеті:

- Өзінің авторлық, шығармашылық бағдарламаларын пайдалану;

- Мониторинг өткізу;

- Атқарылған жұмыс туралы шығармашылық есебін жасау;

- Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді жалпы қорыту;

- Әріптестерінің тәжірибелерін талдай білуі;

- Өздігінен білім алу жұмысы



Педагогтер рейтингі:

- Балалар өмірі мен денсаулығын қорғау, өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтарын және басқа да нормативтік актілерді орындау;

- Құжаттамаларды жүргізу;

- Материалдық құндылықтарды, мемлекеттік мүліктерді ұқыпты ұстау;

- Ауданның , қаланың қоғамдық өміріне атсалысу.

Педагогтердің кешенді, мақсатқа бағытталған оқытуы және олардың еңбектерін жан-жақты бағалау біздің оқу-тәрбиелеу орталығымыздың қызметінде бірыңғай бағыт қалыптасуына көмектеседі.

Біз таңдап алған стратегияның дұрыстығын А. С. Макаренконың келесі сөзі растайды: «Ең алдымен тәрбиешілердің ұжымы болуы тиіс, егер тәрбиешілер бір ұжымға бірікпесе және ұжымның балаға деген біртұтас жұмы жоспары, бірыңғай бағыттағы көзқарасы болмаған жағдайда ешқандай тәрбиелеу үрдісінің болуы мүмкін емес».