28 Наурыз, Бейсенбі

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету


«Шәкірт-шәкірт емес,
-Ұстазын ол сүймесе,
Ұстаз- ұстаз емес,
Шәкірті үшін күймесе»-деп ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин айтқандай, өз ісін жетік білетін, үнемі ізденісте жүретін, мәдениетті ұстаз ел болашағының тізгінін ұстайтын қазіргі жас бүлдіршіндердің жүрегіне жол тапқанда ғана білім жетістіктеріне жететіні сөзсіз. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы – бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Бастауыш сынып оқушыларының ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін –ұстаз шеберлігі.

Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, Кембридж бағдарламасының 2-модулі оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау- оқушыларды жоғары ойлау, сынай ойлау деңгейіне жеткізеді. Бастауыш сынып оқушысы жаңалыққа жаны құмар, білмегенін білгісі келіп тұрады.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.

( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 48 – бет ).
Осы курс бойында үйренгенімді өз тәжірибемде қолданып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың білімге деген сенімін нығайтып, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастырдым, ынтасын арттырдым. Сабақтағы басты өзгеріс- оқушылардың жаппай тілдік әрекетке түсуі. Оқушылардың ойлау деңгейі әлдеқайда жоғарылады. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздерінің ашуы, кейіпкерге айналу, кейіпкермен бірге қуану сабақта жағымды эмоция, әсер қалдыратындай жағдайға жетті.
Әсіресе топтық жұмыстарда балалардың жандары жақындасып, бірге жасаған істерінің нәтижесін көру, оларды жоғары эмоциональдық жағдайға әкелетіндігі байқалды. Сабақта өздерін еркін ұстап, білім алуға деген құштарлықтары мен қызығушылықтары артты. Алған білімін кеңейту үшін өздігінен оқып, топта, жұпта жұмыс жасауға қалыптаса бастады.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасын сабақтарға енгізу барысында:

• Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әрекет ету маңызды.
• Олардың қызығушылығын арттыруға мән беру
• Мұғалімге де сыни тұрғыдан ойлауды меңгеру.
• Сабақ мақсатына негізделген стратегияларды дұрыс таңдауға үйрендім.
• Сыныптан тыс жұмыстарда сыни тұрғыдан ойлауға берілген қызықты тапсырмалар беріп отыруды үйрендім
• Әр сабаққа дайындықта шығармашылықпен жұмыс істеу керек екенін түсіндім.
• Енді оқушылармен даму деңгейін үнемі зерттеп отыруды қажеттілігіме айналдырамын.

Оқушылар не үйренді ?

• Оқушылар ізденуге, дағдылануға үйренді.
• Рефлексия жасай алатын болды.
• Оқушылар ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді.
• Оқушылардың бір-біріне деген қарым қатынасы жақсарып, ынтымақтастық атмосфера қалыптасты.
• Талдау, жинақтау. салыстыру сияқты ойлау процестерін меңгереді.
• Үлгерімі төмен оқушыларда алға ұмтылыс пайда болды. Сыныптың үлгерімі жоғарылады.
• Шығарма, эссе жаза алатын болды.
• Олар әртүрлі шешімдер айта алатын болды.

Менің жасаған қорытындым - бұл модуль бойынша оқушыға репродуктивті білім бермей, ол өздігінен оқып білім алу үшін әрекет ету шарт. Мұғалімнің рөлі оқушыға бағыт бағдар беру, қадағалау ғана. Оқушы өзінде бар ескі ақпаратты ала отырып, басқа дерек көздері арқылы өз білімін толықтырып отырады. Бұдан сөз жоқ баланың белсенділігі дамып, ойлау қабілеті артады, нәтижесінде өздеріне деген сенімділік пайда болып, қате жауап бергені үшін қорықпайды, бір - біріне жетістікке жетулеріне көмектеседі. Бұл әдіспен жұмыс жасау мұғалімнен көп ізденісті талап етеді. Сабақта баланың көбірек сөйлеуін мақсат ететін бұл технологияны игеру мұғалімнің үздіксіз ізденуін, өз біліктілігі мен шеберлігін, өзінің сыни тұрғыдан ойлай білу қабілетін шыңдап отыруды талап етеді.

Кембридж оқыту бағдарламасы бойынша оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға үйрету ең негізгі ойды бүкіл ақпарат ішінен саралап, жинақтап меңгертуде көп көмегін тигізетіні сөзсіз.

Келешекте сындарлы оқытуды өз сабақтарыма қолдана отырып, тиянақты жұмыс жүргізгім келеді. Жеті модуль арқылы барлық оқушыны сабаққа ынталандыруда, өз ойларын ашық айта отырып белсенділіктерін арттыруда пайдасы көп екендігіне көз жеткіздім.