18 Сәуір, Бейсенбі

Ұстаздарға

Қанат Тәңірберген
Алматы қаласы

Отбасы - ұлағат ұясы


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
Төлесін Әлиев атындағы №1 орта мектеп ММ-сінің
өзін-өзі тану пәні мұғалімі және педагог психолог
Дармагамбетова Багила Бегенишовна

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың, отбасының алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын-алу, бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету, ата-ананы тәрбиелік шараларға тарту; пікіралмасуға қатыстыра отырып баланың, бала тәрбиесінің ата-ана өміріндегі маңызын әңгімелеу.

Барысы:

Қайырлы күн құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күні өздеріңізбен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз.

Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек.

Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Ал бүгіні қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші – ата-ана.

Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы – бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөздер бар.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. әке-тірек, ана-жүрек, бала –тілек. Осы ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштағаны іспеттес. Олай болса бүгінгі «Отбасы-ұлағат ұясы» тақырыбындағы пікіралмасу кешімізге қош келдіңізде!

Бүгінгі пікіралмасу кешіміз ------- бөлімнен тұрады
Танысу
Ата-аналармен балаларға арналған сұрақтар
«Мақал-мәтелдер» ойыны
Ата-аналар мен балаларға хат
«Жазалау мен мадақтау» ойыны
Баладан ата-аналарға жаднама
«Шардың құпиясы» ойыны
Сөйлемді аяқтау әдістемесі
Қорытынды

(Ата-аналар тобы, балалар тобы болып екі топқа бөліп отыру)

Бүгiнгi пікіралмасу кешімізді бастамас бұрын, ең алдымен бiр-бiрiмiздiң көңiл-күйлерiмiздi бiлiп алайық /ата-аналар кезектесiп өзінің көңіл-күйін айтып шығады, Мысалы: Менiң көңiл-күйiм жақсы. Бүгiн семинар-тренингтің қандай дәрежеде өтетiнiн ойлап, ептеп қобалжу, толғаныстамын. Сондықтан сiздердiң белсендi қатысуларыңызды сұраймын ата-аналар .

Ендi құрметтi ата-аналар, қазiр сiздердерге дайындалған бiрнеше сұрақтар ұсынылады. Сiздердермен пікірлесіп ой-бөлісу-біздер үшін үлкен бақыт.

Ата-аналар тобына
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Балаңыздың қандай іс-әрекеттерін үлгі етесіз?Игі істерін қалай мадақтайсыздар?
Отбасында әке ретінде өз балаңызға қандай нәрселерді үйретесіз?
Балаңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?
Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін қандай қасиеттер қажет?
Сіз үшін балаңыздың өтініш-тілектері қаншалықты маңызды?
Балаңыз мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе?
«Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды, тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға көзқарастарың қандай?
Білім сапасын көтеруде ата-ананың ролі бар ма?
Бақытты болудың негізгі шартына нені жатқызар едіңдер?

Балалар тобына
Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар?
Ата-аналарыңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіздер?
Үйдегі алтын қазығың кім? (Ана)
Ата-аналарың сендердің қызықтарыңы қуанып бақытты өмір сүру үшін қандай болуларың керек? Отбасы дегенді қалай түсінесің?
Отбасы қандай болуы керек?
Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер?
Сен қандай отбасын армандайсың?
Өз отбасыңа көңілің тола ма?
Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?
Отбасында бос уақытты қалай пайдаланасыз?

Сұрақтарға жауап алынады.

Мақал-мәтелдер ойыны

Әр топқа қиылған суреттер тарату. әр топ суреттерді құрастыру керек. әкелерге таудың суреті, аналарға бұлақтың суреті, балаларға құрақтың суреті, осы суреттерге байланысты мақал шығару.

«Әке –асқар тау, ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» деген мақал құрастырылу керек.

Ата-аналарға

Балаға насихат берудің орнына, оған іс жүзінде көрсету, бірге істеу дұрысырақ болады. Мысалы: Астың алдында қолдарын жууы керектігін жүз рет айтқаннан, бір мәрте қанекей қолдарымызды жуайық деп бірге істеудің әсері көбірек болады.*Оған берілген істі, орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін.*

Бірде бір кісі кішкентай баласы тәтті жеуін койдыра алмай баласын бір ғалым кісіге алып келген екен.Ол ғалым кісі өте дана болғандықтан халық оған түрлі қиын мәселелерін шешуге ақыл сұрап келеді екен. Әлгі кісінің баласының жағдайын муұқият тыңдап алып екі аптадан келулерін өтінеді.Жаңағы кісі жарайды деп баласын екі аптадан кейін ғалым кайта алып келеді.Сонда ғалым кісі баланын басынан сипап енді тәтті жеме деп айткан екен. Содан бері кішкентай бала тәтті жеуін токтатыпты.таңқалған баланың әкесі ғалымға кайта келіп таңқалысын айтыпты.Сонда ғалым өзімнің екі апта бойы кант жемеуіме тура келді деген екен.Сондыктан айтарым балаға озіміз орындамайтын нәрсені айтпастан бұрын озіміз сол нәрселерден бас тартайык!Әкеси темеки шегіп,арағын ішіп оның денсаулыққа зиянын баласына айтқанмен балаға онын түк әсері болмасы сөзсіз.

Бүгінде кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. Баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса мектептегі ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды.

Ата-аналар мен балаларға арналған хат

Ата-аналар, оқушылар мен Арман есімді кейіпкердің анасына жолдаған хатын бір журнал бетінен көзім шалды. Бұл хаты менің ойымнан бір сәтте шықпай қойды. Анасы тапсырған үй жұмысын орындағысы келмеген Арман бір күні анасына мынадай хат жолдапты: «Ана, маған үй жұмыстарын жасатқандарыңыз үшін төмендегідей қарыздарыңыз бар: нанға барам 100 теңге, бөлмемді жинадым-50 теңге, компютер ойнамадым-50 теңге, қоқыс төктім-100 теңге, құлайын деп бара жатқан құмыраны ұстап қалдым-50 теңге, кір киімдерді жуғыш машинаға салдым-50 теңге. Барлығы 400 теңге қарызыңыз бар. уақытында төлемесеңіз, үстеме қосатынымды айтып қояйын»

Балалар Арманның бұл хатына қандай жауап азар едіңдер?

Құрметті ата-аналар сіздердің балаларыңыз осындай хат жолдаса қандай жауап қайтарар едіңіздер?

(Оқушылар мен ата-аналардың пікірлері тыңдалады)

«Жазалау мен мадақтау» ойыны

Ата – аналар, енді сіздер осы оқушыларды жазалауларыңыз керек. Алдарыңыздағы балаларыңызды қалай жазалайсыздар?

Ортаға оқушыларды шақырамыз. Оқушылар ата – аналарына барып өздерінің басынан өткен әр түрлі жағдайларын баяндап айтады. Ата – аналар сол сәтті қалай қабылдар екен?

1 – оқушы: Анашым, мен бүгін сабаққа бармай – ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.

2 – оқушы: Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым.

3 – оқушы: Анашым, мен бұл аптада 3 екілік алдым.

4 – оқушы: Анашым, мен сіздің жақсы көретін ыдысыңызды сындырып алдым.

5– оқушы: Анашым, мен бүгін сабаққа кешігіп барыппын. Кезекшілер жазып алды.

6 – оқушы: Анашым, мен бүгін әжеме ауыр сөз айтып ренжітіп алдым, енді не істеймін?

7 – оқушы: Анашым, мен қоңырау сайын сабақтарға кешігіп келіп жүрмін.

8 – оқушы: Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағаз алдым.

9 – оқушы: Әкетай, бүгін 4 сабақтан кейін қайтып кеттім.

10 – оқушы: Анашым , менің түймем түсіп қалыпты, тігіп беріңізші.

11 – оқушы: Анашым, мен бүгін байқамай көрші әженің жолын кесіп кетіп едім, әже маған ұрсып жатыр.

12 – оқушы: Анашым, мен ұйқымды қимай жатырмын, 2 – ші сабаққа барайыншы.


Баладан ата-аналарға жаднама

Маған тиісе бермеңіздер және маған ұрыспаңыздар. Егер сіздер олай етсеңіздер, онда мен естімеген қалып танытып, қорғануыма тура келеді.

Ешқашан сіздер мүлдем кінәсіз екендеріңізді , барлық жетістіктерге жеткендеріңізді айтпаңыздар да, ауыздарыңызға да алмаңыздар. Бұл сіздермен өзімді салыстыруда ыңғайсыз тудырады.

Менімен қатал болуға қорықпаңыздар. Мен дәл осындай подходты қалаймын. Бұл менің өз орнымды анықтауыма көмектеседі.

МЕН үшін ешқашан жасамаңыздар.

Мені өзімді кішкентай сезінуіме жол бермеңіздер. Мен әйтпесе «жылауық», «қыңыр» болып ұтылам.

Менің әділдігімді қатты сынға ала бермеңіздер. Үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деп қорқып, оңай өтірікшіге айналуым мүмкін.

Өздеріңіз орындай алмайтын уәдені бермеңіздер – бұл сіздерге деген сеніміме нұқсан келтіреді.

Менің қорқыныштарым және қауіптенулерім сіздерде алаңдаушылық туғызбасын. Әйтпесе мен одан сайын қорқатын боламын. Нағыз ЕРЛІКТІҢ қандай болатынын көрсетіңіздер.

Есте ұстаңыз! Бала – біздің өміріміздің ең үлкен құндылығы. Оны түсінуге, оны тани білуге, оны сыйлай білуге тырысыңыз. Оның күнделікті мінез-құлық сызығында тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін ұстаныңыз.

«Шардың құпиясы» ойыны

Анасы мен баласына шар беріледі. Анасы мен баласы шарды ортаға салып, бір-бірін қатты құшақтап, шарды жаруы қажет. Анасы мен баласы шардың ішінен шыққан әріптен басталатын бір-біріне кезек-кезек жылы сөз айтуы тиіс. Мысалы: «А» әрпі шықса: аяулым, асылым, арманым т.б

Қорытынды

“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі....
Отбасы бұл....
Отбасым бақытты болу үшін....
Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, себебі....
Мен қалар едім отбасымның....
Мен ата – анам бақытты болсын десем...»

Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.

Ата-аналар "Сиқырлы қалам"арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.

Қыс өтіп , көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады.Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады.Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын,

Ұл-қызымыз аман болсын!

Тренинг соңында ата-аналарға жапырақтар үлестіріліп беріледі.Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.

Құрметті ата-аналар,Сіздерге бүгінгі семинарға қатысқандарыңыз үшін рақ-мет айтамын.Сіздер өздеріңізге керекті қорытынды жасап,өз балаңызға үлгі боласыздар деп үміттенемін.Балаларыңыз сіздерге қуаныш әкелсін, ренжітпесін.

Оқушылар сендерге айтатыным: асқар таудай әкелерің, мейірімді әжелерің, әр үйдің құь ырысы аталарың, аймалайтын аналарың бар сендер ең бақытты баласыңдар! Алла тағала осындай бақытымыздан айырмасын!

(Әрбір бала өз ата-анасына, ата-ана өз баласына тілектерін білдіреді)

Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар

Құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушылар бүгінгі семинарды көңілді бір әнмен аяқтайық.

Ән орындалады.

Семинарға қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.