23 Қараша, Сенбі

Оқушыларға

Ш. Уәлихановтың әдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесі






Ш. Уәлиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Бұл дарынды қазақ халқының ғалымының өмірі мен қызметі ерекше таңқалдырады.

Біздің отандық ғылым үшін XIX ғасырда Ш. Уәлихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н.И. Веселовский былай деп жазды: “… Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ, Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті”. Академик Н.И. Веселовский бұл пікірінде Шоқанның дара талантты ғалым болғанын айта отырып, егер Шоқан келте ғұмыр кешпегенде бұдан да биік белестерден көрінетін еді деп, өкініш білдіреді. Ал белгілі ғалым және саяхатшы П.П. Семенов-Тян- Шанский Уәлихановты “ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді” деп бағалалаған.

Шоқан өз елінің оқу-ағартушымен ғылымын дамыту үшін күресті. Ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүниежүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады. Халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге прогресске шақырды. Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жасында талмастан үлкен жұмыс жүргізді.

Шоқан жай ғана ғалым, зерттеуші, ағартушы ғана емес, елінің нағыз ұлы патриоты. Оның Қашқарияға және тағы да басқа жерлерге жасаған сапарлары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашып қоймай, халқының ғылымына да үлес қосты. Қазақтың ұлы перзентінің табыстары, еңбектері ұлтты ұлықтауға әкеліп, әлемді тануға жол бастатқызды. Сондықтан, батыс пен шығыс биігін қоса бағындырған Шоқан Уәлиханов мұраларын ұлықтау ұлтымыздың үлкен бағыттарының бірі болып қала беруге тиіс.