23 Қараша, Сенбі

Оқушыларға

Айқап пен Қазақ неге айтысқан?






Кезінде қазақ еліне қатар қызмет еткен “Айқап” және “Қазақ” басылымдары жөнінде сөз етейік. Бірінші “Айқап” журналына тоқталсақ.. Айқаптың қазақтың тұңғыш журналы екендігі бәріміз білеміз. Басылым бетіндегі алғашқы күнен ақ жарияланған жайттар, көтерілген кей мәселелердің әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келе жатыр. Алғашқы басылым беттерінен ақ Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Халел Ғаббасов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентайұлы, Халел Досмұхамедұлы сынды халқымыздың біртуар қаламгерлерінің еңбектері жарияланғандары да қарапайым халықтың назарын аудартты. Ал “Қазақ”басылым беттері оқырмандарына ағартушылықты, сондай ақ сол тұстағы өзекті мәселелер, шешімі қисыңға келмес жайттарды жариялап отырды. Бірақ екі басылымның да редакторларын жеке бас қамынан бұрын ұлт мақсатын биік қоя білген азаматтық болмыстарын жете тани алатын прогресшіл тұлғалар ретінде таныдым.

Кей тұста, кей мəселелерде пікір, көзқарастары қарама қайшы келіп қалған.. Бірақ, ол мақсат бөтендігінен емес, сол мәселерлерді шешу барысында ұстанған жолдарының əртүрлілігінен туындап отырған. Бұл турасында кезінде көрнекті қалам қайраткері Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған мақаласында: «Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де түп мақсаттары бір еді», – деп жазуы сөзімді дәлелдей түседі. Және осы бір жолдарды оқи отырып:

Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Желкілдеп шыққан жас шөптей

Үміт еткен достарым,

Сендерге бердім батамды,- деген Алтынсарин сөзі екі басылымның да қай тұста болсын айтарлықтай қақтығыс болмағанын дәлелдейді.

Алайда осы басылымдардың арасында не үшін қақтығыс болды деген әңгімелерді тармақтарға бөліп қарастыруымызға болады. Менің ойымшаең алғашқы қарама-қайшылық мынадан басталды: «Айқаптың» редакторы М.Сералин журналдың 1913 жылғы 4-5 сандарында алғашқылардың бірі болып ағымдағы мəселелерді талқылап шешу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде мəселе көтереді. Оған журналдың 10-санында Райымжан Мəрсеков, 13-санында Жұбекен Тілеубергенов, 16-санында Барлыбек Сырттановтар үн қатады. Соған байланысты А.Байтұрсынов апталықтың 1913 жылғы 18-нөмірінде жарияланған «Басқосу турасында» деген мақаласы арқылы «Қазақ» газеті төңірегіндегілердің пікірін білдіреді. Онда «басқосу қанша керек болғанмен, оған қолайлы кез еместігін» ескертеді.

Қорыта келе екі асыл қазынанның да оқырманына берері мол, нанымды ақпарат беріп отырған алғашқы басылымдардың бірі ретінде есте қалды.

Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы