16 Oct, Сәрсенбі

Оқушыларға

Қазақстандағы тұрғын-үй нарығы. Мәселелері және оны шешу жолдары






Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұрғын-үй бағасының шарықтап тұрғандығы бәріңізге белгілі. Және тұрғын-үй нарығындағы ұсыныстың өскелең талғампаз ұсыныстан төмен болуымен байланысты тұрғын-үй проблемасы еліміздің барлық аймақтары үшін көптеген жылдар бойы сандық және сапалық критерилері бойынша шиеленіскен мәселе болып отыр. Еліміздегі экономикалық және саяси жағдай осы проблеманы шешуге тікелей байланысты болып табылады. Қазіргі кезде халықты белгілі бір ерекшеліктермен ғана үймен қамтамасыз етеді. Яғни барлық халыққа жаппай үй бермейді, тек қана белгілі бір катеогориясы болса ғана тегін үй ала алады. ҚР сайтының мәліметтеріне қарағанда тұрғын-үй көмегін мынандай жағдайларда ғана ала алады: жекешеленген тұрғын үй жағдайларында тұратын болса немесе мемлекеттік тұрғын үй жайларды жалдап тұратын болса. Қазіргі уақытта жақсы 1 бөлмелі, 25-35 кв/м тұрғын-үйдің орташа бағасы орналасқан жеріне қарай 13миллионмен 18миллион аралығында. Бұл ір бөлмелі пәтердің бағасы. Ал екі бөлмелі пәтерлерге келсек, 55кв/м пәтер 20 миллионнан басталады. Ал бұндай қымбат бағадағы пәтерді алуға халықтың қалтасындағы қаражат жетпейді. Тіпті бұл туралы еліміздің экономисі Ержан Мүсірепов «Халықтың қолында тұрғын-үйді қола қол алатын ақша жоқ, сондықтан адамдар көбінесе тұрғын-үйді ипотекалық несиемен алады» деп айтты. Біздің елдеі халықтың орташа табысы жоғары емес. Яғни айлық орташа табыс 120000 теңге болып табылады. Оның 58 пайызы азық-түлікке кетсе, қалғаны 50400 теңге болады. Бұндай аз табыспен жағдайы орташа қарапайым халыққа тұрғын-үйді алу процессі өте баяу жүріп отырады.

Ендігі кезекте еліміздегі тұрғын-үй бағасының қымбаттап кету себебіне келсек. Экономист Бауыржан Ысқақовтың айтуынша «Тұрғын-үйге қажетті құрылыс материалдарының басым бөлігі шетелден шетелден тасымалданады. Ал біздің елдің құрылыс компаниялары доллармен жұмыс жасайды. Сондықтан доллар бағасы құбылған сайын шығын көлемі артып отырады. Кейін құрылыс компаниялары шыққан шығынды тұтынушылардан өтеп алады. Бұл өрдіс жыл сайын тұрғын-үй бағасын 10-15 пайызға арттырып отырады. Егерде құрылыс компаниялары құрылыс материалдарын сырттан әкелуін тоқтатпаса, жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай жақсармайды. Қымбатшылық жалғаса береді». Өткен жылдары тұрғын-нарығындағы баға айдан-айға жоғарылап отырды. Мысалы 2019 жылдың маусым айында тұрғын-үй нарығындағы баға сатушылар үшін оң, ал сатып алушылар үшін теріс баға болды. Маусым айын Мамыр айымен салыстырғанда әрленген пәтерлер бағасы-0,6 пайызға, әрленбеген пәтер бағасы-0,5 пайызға жоғарылаған. Ал жаңа тапсырылған тұрғын үйлердегі пәтерлердің бағасы -0,1 пайызға артқан. Тіпті бұған «krisha.kz» сайтының мына жазбасы дәлел бола алады. «2019 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның тұрғын-үй нарығында айтарлықтай қамбатшылық байқалды. Нақты қалаларға бөлетін болсақ Петропавл қаласында +4,6 пайызға, Өскемен қаласында +4,4 пайызға, Шымкент қаласында +3,7пайызға өсім болды. Петропавлда тұрғын-үйдің 1 шаршы метрі 205985, Өскеменде 189175, Шымкентте 229050 теңгеден сатылды. Ал Алматы қаласында тұрғын-үйдің 1 шаршы метрі 382575 теңге, Елордамыз Нұрсұлтанда болса 338575 теңгеден сатылған. Тағы да айта кетерлік жағдай 2020 жылдың басынан бастап Мамыр айына дейін статистика комитетінің болжауынша 6 пайызға қымбаттады. Астындағы 1-ші кесте осыған дәле бола алады.

1-ші кесте. Elnews сайтанан алынған ақпарат.

Еліміз халқын тұрғын-үймен қамтамасыз ету жағынан жұмыс істеп жатқан жоқ демейміз. Айта кетерліктей істеп жатқан біраз істері де бар. Мысалыға «Бақытты отбасы» жобасын алсақ болады. Ол жоба бойынша биылғы бір жылдың ішінде Нұрсұлтан қаласында 2000 пәтерді салып халыққа бергелі жатыр. Бұл «Бақытты отбасы» бағдарламасы елбасымыздың тапсырысы бойынша жүріп жатыр. Және « Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы да өте жақсы жұмыс атқарып жатыр.

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі≫ АҚ Департамент директоры Сизов А.С.: «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының бірінші бағыты шын мәнінде, 2011-2014 ж.ж. арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жалғасы болып табылады, ал бұл Бағдарлама 2011 жылы басталған болатын. Бүгінгі таңда мынадай нақты мысалдар келтіруге болады: мына қалаларда 850 пәтерлік 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды: Ақтөбе (3 үй–393 пәтер), Талдықорған (1 үй – 60 пәтер), Орал (1 үй – 90 пәтер), Тараз (2 үй – 64 пәтер), Қызылорда (2 үй – 100 пәтер), Павлодар (2 үй – 143 пәтер). Қазіргі уақытта Бағдарлама қатысушыларына пәтерлерге құжаттар рәсімделуде. Сондай-ақ барлық облыс орталықтарында және Алматы, Астана қалаларында 5 381 пәтерлік 81 үйдің құрылысы жүргізілуде, оларға өтініштер беру аяқталған немесе жүргізілу үстінде. Тек 2012 жылы ғана Әкімдіктермен 1336 пәтерлік 17 үйдің құрылысын салуға келісімге қол қойылды, тұрғын үйлердің құрылысын салуға келісімдерге қол қою жұмысы әрі қарай жалғасуда. Айта кететін тағы да бір жайыт, жалпы соңғы жылдары тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалар біршама нәтижелі жүргізілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вицеминистрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, былтыр тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл қаражат 2016 жылмен салыстырғанда 8,1 процентке артық. Инвестициялардың негізгі үлесін, яғни, 86 процентін жеке құрылыс салушылар мен халықтың инвестициялары құрайды. Жеке тұрғын үй құрылысына – 459 млрд теңге, көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына 702 млрд тең­ге инвестиция салыныпты.

Біздің еліміздегі тұрғын-үйлердің бағасын қандай жолмен тұрақты етуге болады?

Тұрғын үйлердің бағасын мынандай жолдармен тұрақты етуге болады:

1) Құрылыс материалдарын өзге елден сатып алуды тоқтату қажет. Біздің еліміз тіпті қарапайым шегенің өзін шетелден сатып алады.

2) Қара металлды шикізат ретінде сыртқа шығара бермей өзіміздің отандастарымызға құрылыс материалдарын өндіруге мүмкіндік беру қажет. Егерде құрылыс материалдарын өзіміз өндірсек, одан түсетін пайда өзге мемлекетке емес өзіміздің мемлекетке түсіп отырады. Осылайша бір оқпен екі қоян аулаймыз.

3) Қарапайым халықтың айлық табысын өсіріп, тұрғын-үй бағасының өсіп кетпеуін жіті бақылауда ұстау қажет.
Сарапшылардың болжамынша, 2019 жылы үй бағасы айтарлықтай қымбаттамайды, бірақ 2020 жылы коронадағы дарыстың әсерінен баға көтеріледі. Баспана құнына қатысты өзгерістер инфляциялық үдеріс шеңберінде өзгеріп отырады. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысын ынталандыратын бағдарламаларды есепке алар болсақ, баға шарықтап кетпеуі тиіс.

Ал экономист Мақсат Халықтың ағайдың айтуынша, 2017 жылы тұрғын үй саласындағы көрсеткіштің жоғары­лауына мемлекеттік ипотекалық бағдар­ламалардың тікелей ықпалы болған.

Оның ішінде, «Нұрлы жер» бағдарламасын атап өту керек. «7-20-25» бағдарламасы жарты жыл көлемінде ғана іске қосылғандықтан қолданыс аясын енді кеңейтіп келеді. Бұл ретте республика бойынша салынған тұрғын үйлердің саны да айтарлықтай көбейді. Бұл өз кезегінде баспанаға зәру жандардың мүмкіндігін кеңейтуде. Екінші жағынан, «7-20-25» бағдарламасының нарыққа келуі өзге бағдарламалардың проценттік мөлшерлемесін азайтуға түрткі болды. Ескеретіні, бұған дейінгі елімізде қол­данылып келген ипотекалық бағдар­ламалардың белгілеген межесі аса жоғары еді. Бір үй алған борышкер үстіне екін­ші бір үйдің бағасын қосып төлейтін, − деді сарапшы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1) https://hcsbk.kz/affordable-housing/all-about-affordable-housing-programs/
2) https://egemen.kz/article/181263-turghyn-uy-naryghy-bagha-dgane-boldgam
3) https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2020/02/10/139438/
4) https://inbusiness.kz/kz/news/pater-bagasy-kaj-kalada-kansha
5) https://inbusiness.kz/kz/news/turgyn-ujdin-bagasy-kymbattamajdy
6) https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-turgyn-uy-bagasy-arzandady_a2950952
7) https://malimetter.kz/kr-turgyn-uj-narygyna-zhalpy-sipattama/
8) https://inbusiness.kz/kz/news/turgyn-uj-narygy-baga-tengerimin-rettejdi