21 Желтоқсан, Сенбі

Оқушыларға

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол







Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.
Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бала кезімнен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін сүйіп оқитынмын. Біздің қазақтың сөздік қоры бай ғой, шіркін! Қаншама мағынаға бай сөздер, мақал-мәтелдер, өлеңдер, түрлі-түрлі шығармалар табасың. Маған түрлі жаңа заттармен танысып, оны жаттап, үйрену ерекше бір ерек еді. Сол бір кездері мұғалімдеріміз бен үлкен кісілердің «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөзін естіп, мағынасына аса жіті назар аудармайтын едім. Әрине, өзіндік бір мағынасын бар екенін білгенменен, «неліктен олай айтады, неге өзге елді қатыстырады»,-деген ойлар маза бермейтін еді. Өсе келе, қоғамды тани келе, бұл сөздің мағынасын түсінгендеймін.

Шүкір, еліміз 30 жылдың ішінде әжептеуір жетістікке жетіп жатыр! Бұл алғашқылар дегенге сенемін! Бірақ айтпасқа болмас, өз ортасында абырой жинаған, елге танылған көптеген жандардың өз елімізде жұмыс істеуді емес, өзге елде дамуды таңдап жүргендігі көңілге қатты батады. Қалтасы қамписа, бірден шет елге көшуді шығаратын, шенеуніктерді білеміз. Тіпті олардың арасында өнер адамдары да бар.

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген дәйексөздің мағынасы: басқа елде лауазымды,сыйлы жаны болғанша, өз еліңнің құлы бол деген мағынада. Қарапайым тілмен айтқанда, басқа елдің тауы болғанша, өз еліңнің сайының тасы бол дегенге келеді.

Қазіргі таңда мемлекетімізде күн де түрлі жаңалықтар, түрлі өзгерістер орын алуда. Әрбірі болсын, Қазақстан Республикасының халықына өз пайдасын тигізу мақсатында ұйымдастырылуда. Сол бір жағдайдың әсерінен, кезінде еліміз тәуелсіздік алмай тұрып, шекара асып, елін тастап, бас амандығы үшін елден кеткен қандастарымыз жәймендеп болсын оралуда. Барлығының көксегені, ата-бабасының өз қанымен қорғап кеткен елінде тұруы, отанында өздерінің саналы ғұмырларын өткізуі. Бір жағынан бұған қуансаң, бір жағынан, еліміздің ақшасын жымқырып, шет елден жылжымайтын-мүлік, не болмаса өздеріне пайда әкелетін орын алып, мемлекет қазынасын тонап жүрген билік басында отырған аға-көкелеріміздің ісіне шамданасың. Әрине, барлығына топырақ шашқым келмейді. Ішінде өз істеріне сабырлықпен, мұқияттылықпен қарайтын жандар да баршылық. Бірақ олардың санын саусақпен санарсың.

Бәлкім менің бұл пікірме біреу қосылар, біреу қосылмас. Бірақ әрбір жанның өзіндік пікірі болатын секілді, бұл да менің пікірім. «Қолда барда, алтының қадірі жоқ» демекші, қолымызда тұрған алтыннан да бағалы, «тәуелсіздік» күніміздің қадірін білейік, өз отанымызға, өз елімізге жамандығымызды емес, жақсылығымызды әкелуге тырысайық. Қолымыздан келгенше елдің ертеңіне жарайтын іс бітірейік!


Сайлау Әдия

Журналистика факультеті, Баспасөз және БАҚ кафедрасы, 101-топ