21 Желтоқсан, Сенбі

Оқушыларға

Қаһарлы күндер романы






Жауынгерлер арасындағы араздық, қорлық, шарасыздық бірін-бірі демеуі, мейрімділігі, махаббаттары, қимастығының барлығы отбасыға тəн. Сол отбасы бір-бірін түсініп жауға бірігіп төтеп берді. Солар арқылы олар жетістікке жетіп, жеңіс туын тіктеді.

Кітаптан түсінгенім: Жауынгерлер жауға төтеп берер кезде, өмір мен өлімнің не екенін жан-тəнімен сезінді. Өмір бір-ақ рет беріледі. Сол берілген өмірде олар фашистерге аяушылық танытпады. Неге?Өйткені, өз отанын фашистерге қимай, артта қалған елді, болашақ ұрпақты аяды. Фашистерге кекті көзімен қарап, соңғы демі жеткенше аянбай соғысты.

Кітаптың ерекшелігі: Адамдардың портретін түбегейлі сипаттайды. Тілге ауыр болғанмен, сөздері жүрекке жетеді. Əр күнде, сағатта болған жағдайлардың бəрі баяндалады. Ең өзгеше ерекшелігі соғыс тактикаларын жазуы.

Бұл соғыс барлық жауынгерлерге өмірлік сабақ болды. Ыстық пен суықты көрді. Барлығының мақсаты-жеңіс. Дарвин-маймылдан тараса, мен-қасқырдан тарағанмын, -деген Бауыржан сияқты батырлармыз жауынгерлердің ар-намысын оятты, оларға рухты сөздерімен жан берді. Ең маңыздысы соғыс алаңында жауынгерлермен бірге соғысып жүргендей боласың. Не деген батырлық сезім. Олар батырлықпен өлді, өзінің артында аты қалтындай етіп дүниеден кетті. Өлімнен қорықпады, өліммен айқасты. Денесін оқ тесіп өтседе, жауды тойтарып тастады. Жауды жеңді. Еркек болса да көз жасына ерік берді. Не деген сыншыл, шынайы, образдарды аша білетін жазушы. Осының өзі əдеби ерлік.

Тұрғанбек Бибіфатима