21 Желтоқсан, Сенбі

Оқушыларға

Мәдениеттің адамның өмірі мен әрекетіндегі қызметтері






Мәдениет... Мәдениет ұғымын сонау мектеп кезінен адам баласына жете таныстырады. Бұл сөздің өзі қандай да бір түсінікті беріп тұрғандай. Мәдениеттің қандай түрлері бар, нешеге бөлінеді, мәдениетті адамға қандай қасиеттер тән екендігін де әрбір жан білуі тиіс. Себебі мәдениет, адам өмірінде маңызды орын алады. Мәдени құндылығы арқылы адамның өмір салтын, жан-дүниесін, рухани қазыналарын байқауға болады. Біздің тіл мәдениетіміз, дін мәдениетіміз, салт-дәстүріміз-сонау ғасырлар үнінің жаңғырығы. Кез келген халықтың мәдениеті бос нәрсеге емес, адамдар мен оны қоршаған ортада әрекет етеді. Ол – заман ағымның өрісі. Мәдени нысанның ең басты артықшылығы оның тылсымдық қасиетінде. Мәдениеттің негізгі қайнар көзі, өзегі салт-дәстүр, әдеп-ғұрып болып табылады.Мәдениеттің адам өміріне тікелей қатынасы бар деп нақты айта аламын. Өйткені мәдениет арқылы мен өз-өзімді тәрбиеледім, қоршаған ортаға не берерімді үйрендім, анау ғасырда болған тарихыма көз салдым. Сонымен, мәдениет ұғымы бір жақты да емес, бір сатылы да емес болып табылады. Мәдениет түсінігі аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа, ұлтқа, мемлекетке және Әлемге қатысты мәдени ұстанымдар жүйесі енеді. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптары нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Әр елдің өздеріне тән мәдениеттері қалыптасқан деп саралаймын. Әр елдің халқы әртүрлі мәдениеттерді ұстанады, сол арқылы адам да мәдениетке бейімделеді десе де болады. Мысал ретінде қазақ халқын алсақ, біздің елдің мәдениетінде адамның қоршаған ортаға әрекеті тікелей осы ұғымға байланысты болып келеді деп ойлаймын. Керемет ұлы тұлғамыз Олжас Сүлейменовтың мынадай жанды сөзі бар:”Гүлденген мәдениет дегеніміз- сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі”. Яғни екі ел азаматы бір-біріне өзінің гүлденіп, тамыр жайған мәдениетін таныстырып, сол арқылы әрекет жасайды. Адамның қоршаған ортаға жасаған әрекеті мен өмір сүру салты оның мәдениетін көрсетеді деп білемін.

Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы