03 Желтоқсан, Сейсенбі

Оқушыларға

Өзіңе инвестиция құю және армандарыңды орындау






Менің бұлай тақырып қойғанымның себебі бар. Ол өзімнің басынан өткен жағдай. Мен көбінеөзіме яғни білім алуға ақшақұюға ақшамдықатты аяйтын адамдардың бірі болдым. Сосын бір күні есімді жиып әрекететемін деп шештім. Мейлі мен үшін ол үлкен ақша шығар, бірақ мен оны өзімнің болашағыма яғни арманымды іске асыруға салып жатырмын деген нақты сенімде болдым, яғни болашағыма инвестиция және бұл ақшаны мен жәйданжәй жібермей «Неге өзімнің болашағыма инвестиция құймасқа», -деп шешімімді нақты қойып, өте құнды курстарға қатыстым. Әрине оның бағасы өте қымбат болуы мүмкін, бірақ ол менің болашағымның бір жемісі еді. Мен оған нақ сенімді болдым.

Мен бұрындары армандаушы едім: Шіркін, шет елден 1 досым болса екен, -деп. Аллаға шүкір, тіл курстарына қатысып, бұл арманым сөзсіз орындалды. Шетелден 1 емес тіпті әр қаласынан достар таба алдым. Әрине тіл үйреніп,жаңа ортамен танысып арманымның алғашқы қадамы жасалынды. Мен бәлкім сол кезде осы ақшаны аяп, сол курсқақатыспасам бұл арманым тек арман болып қалар еді. Бірақ мен олай жасамадым. Алдыма мақсат қойып, жоспарымды іске асырып, арманымның жартысына жеттім десем де болады. Міне сол курстың үйреткен білімімен мен өзіме жаңа,жанашыр достар таптым десем еш қателеспеймін.

Сондықтан қазіргі енді жетіліп келе жатқан, өзінің арманынаяғни өзінің болашағына инвестиция жасауға қорқып жүрген адамдарға айтқым келеді. Ешқандай да артқа шегінбей тек алдыға ұмтылып,тырысса екен деймін. Егер сен қазірден бастап болашағыңды ойласаң онда өз –өзіңнен ақша аяма. Акшаңды сен үшін құнды әрі саған пайда алып келетін нәрселерге жұмсай бер. Есесіне ол саған ертеңгі жемісің болады. Ертеңсен ол үшін қуанатын, шаттанатын хәлге жетесің. Сен оның жемісінқазір болмаса болашақта міндетті түрде көресің.