22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін






Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі жастардың есірткіге тәуелді болуы.

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Бұл ауруға Қазақстан халқының шалдыққаны да байқалады. Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой деген оймен, оған соңында қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Міне, есірткіге тәуелді болу деген осы.

Есірткі ағымының мақсаты – мемлекетті ұлттық санасынан айырып, есірткіге тәуелді,яғни, отарға айналдыру. Есірткінің әсерінен мемлекет ішінде көптеген қылмыстар орын алуы мүмкін.Оларға: жезөкшелік, парақорлық, құмарлық, зорлық-зомбылық,адам өлтіру,суицид және тағы басқалары жатады. Санасыздық деген жаман ағымдарды қолдайтын, әртүрлі идеология таратып, мемлекеттің менталитеттік, мәдени құндылықтардан алыстататын, жастарды топтарға бөліп, оларды бір-біріне қарсы қойып, араздастыратын, жастарды жануарлар қатарына, тіпті, одан төменгі деңгейге дейін түсіретін мәдениет – есірткі мәдениеті деп аталады. Есірткімен күресу адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы көкейтесті басты мәселелерінің бірі екендігі даусыз. Сондықтан онымен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы. Есірткіге оңайша берілмес үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Салауатты өмір сүру дегеніміз - тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі, уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті, адам тәрбиесінеде жаңаша көз қараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі,ішімдікке еліктеушілік, нашақұмарлық дендеп бара жатқандай. Қызығушылықпен істеген әрекеттің соңы немен тынарын да түсінбей істеп, опық жеуі мүмкін. Демек, қазақ халқы «тәрбие басы - тал бесік»,- деп бекер айтпаса керек. Жат қылықтарға қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн.

Салауатты өмір салтын қалыптаструда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Денсаулық сақтау мәселесі – Елбасы жолдауында ерекше атап көрсетілген бағыттардың бірі.

Бақбергенова.Ақмаржан
8а-сынып
177 Орта мектем
Сексеуіл кенті Арал ауданны Қылылорда Обылысы