03 Желтоқсан, Сейсенбі

Оқушыларға

Журналист болу арманым






Иә,шынымен журналист болу кіші кезден арманым. Ең алдымен өзімді таныстыра кетейін. Есімім Дильназ қазіргі кезде ең қызықты, естен кетпес бір карантиндегі 11 сынып оқып жатырмын. Осы журналистика несімен қызық?неліктен ол салада оқығым келеді? Болашақта ол салада жұмыс істегім келеді ме?. Иә, бұл сала, бұл жұмыс тіпті журналист, телевидение, сұхбат, мақала бұл сөздердің өзі бір қызық көрінеді ғой. Міне, журналист маманды ғы да мен үшін қызық. Әр күн сайын түрлі оқиға, сан-түрлі адаммен сұхбат, неше түрлі саладағы қызықтар жайлы мақалалар менің арманым осы! Негізінде, кішкентай кезімнен қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, орыс әдебиеті, хрестоматия сияқты кітаптарды оқығанды жаным сүйетін. Мәнерлеп оқуды өте қатты жақсы көретінмін айна алдында тұрып не өз оқығаным ды камераға түсіуге әуес болатынмын. Көгілдір экрандағы жаңалық жүргізген апайлар ды, агайларды көргенде қатты қызығамын олардың жұмыстары, еңбектері, күн сайын болатын сан түрлі оқиғалары барлығы көз алдымда өтіп жатқандай сезім кешемін. Журналист мамандығы бір тәрбие сияқты. Сенің камера алдындағы өзіңді ұстауын, сөйлеу мәнерін, әр түрлі дарежедегі адамдардан сұхбат алғандағы олармен сөйлесу мәнерін, әр адамға әр түрлі жолмен жол табуын бұның барлығының өзі бір тәрбиелік мән тәрізді. Мен үшін журналист болу өте қиын сенің ақпарат беретін орның өте сенімді болуы адал әрі шыншыл журналист болуын, өзіңді өзің тәрбиелеуін бұның барлығы үлкен күш талап етеді. Ең мықты, ең шыншыл, адал журналист болу үлкен еңбекті талап ететін жол. Сондықтан өзіңді қолға алып, қиыншылық тардан сынбай өтіп арманыңа қол жеткіз менің қазіргі озыме жүз мәрте қайталап отыратын ойым. Бұл менің алғашқы мақалам арманға деген алғашқы қадамым,алгашкы және соңғы емес деген үміт. Рахмет.

Насырова Дильназ