23 Қараша, Сенбі

Оқушыларға

Ой толғанысы






Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу - деп айтқан М.Жұмабаев. Демек, тіл - қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Адамдарды мұратқа жеткізетін ол - тіл. Тіл - ұлттың жаны. Ал, ұлттың болашағы - оның ана тілі. Ұлт пен тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Жастардың қолдын да тіл мен ұлттың болашағы. Жастардың болашағы мемлекет. Ой кеңістігі дамыған білімді, зерек жастар. Ұлт ұғымын ту қылып көтерері анық. Тіл жағдайы қанша құлдырап тұрғанымен. Жастар бар жерде ұлт бар. Ұлт болған жер де, тіл бар. Тілімізді шала-бүлдір сөйлеген жастар көтере алады. Себебі, қазір жастар шет тілдерге емес, қазақ тілін меңгеруге баса назар аударуда. Ел қолдамайтың бірақ, қарайтын бағдарламалар бар. Қалаулым , Қослайық , Бір болайық сынды телебағдарламалар да жастарымызды. Қазақ тілін де сөйлеуге үйрету де. Таяқтың екі ұшы бар - деген осы болса керек. Бастама да қатты болғанымен, соңы тәтті болып келе жатыр. Қанша жесірлер жар тапты. Жетімнің көз жасын сүртер әке, тамақ пісіріп, киімін жөндейтің ана болды. Бойдақтар саны азайды. Шала қазақтар, таза қазақ тілінде сөйлеуді үйренді. Бұдан артық не керек. Біздің ұлт болып қалуымыз үшін жай ғана - тіл болуы керек. Ал, қалғаны тілдің арқасын да өз жолдарын табатың болады.

Тілі сайраған мемлекет Отанға айналары анық. Еліміздің отан болып қалыптасуы жолында халқымыздың даналығы, ерлігі, қайтпас қайсарлығы, тілі жатыр емес пе? Бірақ, бұның барлығы бізге ақ пейілді аналарымыздың көз жасы мен ер жүрек батыр азаматтарымыздың бағасына татиды. Менің отаным киелі қазақ жері. Киелі қазақ жерінің түпкіріндегі орны ешнәрсемен сараланбайтын шағын ғана Талдыапан атты ауылым. Менің шырылдап дүние есігін ашқан жерім де, өскен жерім де осы шағын ауылмен тікелей байланысты. Менің ауылым – отанымның кішкентай бір бөлшегі. Әркімге өзінің туып өскен жері, кішкентай отаны. Осы кішкентай отаным мен үлкен отанымның амандығы, бірлігі мен үшін өте маңызды. Мен үшін Отан – жер бетіндегі жан азығымен өмір мәнінің түйіскен бұрышы деп білемін. Әрине отан болған жерде тәуелсіз болғаны жақсы.

Тәуелсіздік адам дамуына ғана емес, Отан мен тілдің өркендеуіне көмектеседі. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жылдың ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Тәуелсіздік бізге – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Кез келген адамның, ұлттың, халықтың елдің еркіндігі – тәуелсіздік. Сіздің тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаныңыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемелекет бар. Олардың өз тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған. Оған қоса ішкі және сыртқы экономикасы да қалыптасқан. Біздің Қазақстанда осылардың қатарында. Қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу – мойнымыздағы парыз. Ертеңгі елдің келешегі үшін еңбектен. Отанның ошағында от болып жанған жалын бол. Тәуелсіз мемлекетте өзге елдің тіліне тәуелді болма. Өз ана тілінді қорға. Бұл адамзаттың – ой толғанысы. Ойдың толқыны, сананың тоқуы.

Жасанғалиева Қаламқас Бисенғалиқызы