22 Желтоқсан, Жексенбі

Оқушыларға

Сандық журналистика – 21 ғасыр тренді






ХХІ ғасыр журналистикасы – ой еңбегімен қатар технологияға жүгінеді. Ғылыми техникалық революцияның шарықтау шегіне жетіп, адамзат өркениетінің жаңа - сандық деңгейге көтерілген кезеңі. Қарапайым баспасөз газетін оң көретін де, әлеуметтік желіні үнемі қолданатын оқырмандарға да ақпаратты жеткізуде өтімділікті ойлау маңызды. Ал қай жанрда ақпарат білгісі келетінін оқырман өзі шешеді.

ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр тоғысында бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлерімен толығып, интернет басылымдар қатарға қосылды. Заманауи баспасөз құралдары күн санап жаңарып келеді, соның ішінде радио, телеведение, әлеуметтік желі. Дегенімен де газет – журналдар өз маңызын жойған жоқ. Оқитын оқырман болса баспасөз газеттері жойылмайды.

Қазіргі таңда Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары әлемінде ірілі – ұсақты 9 000 – ға жуық сайт бар. Ақпараттық, танымдық, саяси, экономикалық, заң, сән тағы да басқа халыққа қажетті түрлі сайт жұмыс істеуде. Соның ішіндегі үздік үштікке кіретін Google, Facebook, Instagram.

Google – әлемдегі қаралым жағынан алдыңғы орында. Бұнда адамдарға керекті ақпараттың түгелдей дерлік барлығы бар. Күніне миллиардтаған оқырман өзіне керегін іздейді. Бұл сайт бар әлемді бір интернет шаңырағына біріктіріп отыр. Facebook - бұл да қаралым жағынан дес бермейтін сайт. Адамдар бір – бірімен пікір алмасып, күн сайын жаңа ақпараттармен танысып отырады. Instagram – әлемдік тренд. Қазіргі таңда әлемдегі барлық адам осында жиналады. Өздерінің фото – видеоларын жариялап, өмірінде болып жатырған жайттармен бөлісіп отырады. Әр танымал блогердің өз аудиториясы бар, және соларға барынша жалған емес қызықты ақпараттамен бөлісуге тырысады. Сайт төңірегінде бизнестерін ашып, ақша тауып отырғандар да аз емес. Міне осы сайттарда халықтың үлкен кішісіде ақпарат көздерімен танысып отырады.

Қазіргі уақытта редакцияда ең көп сұранысқа ие болғаны – әлеуметтік желілермен жұмыс жасайтын журналисттер немесе SMM менеджерлер, олардың кәсіби дайындығы қазіргі заманғы ақпараттық, коммуникациялық және медиа жүйесінің құрамдас бөлігінде қызмет атқара алады. Заманауи технологиялардың адам өмірінің барлық салаларында қолданылуы, қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап, әлеуметтік саяси мәселелер жайлы мағлұмат беретін бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа жанрлар мен

тенденциялар әкелді. Осылайша біздің журналистика әлеуметтік желі көзіне бет бұрды. Технологияның арқасында біз тек Қазақстан төңірегіндегі ғана емес, бүкіл әлемдегі жаңалықтардан хабардар болып отырмыз.

Қорыта келгенде заманауи журналистикадағы технологиялар – адамзат ақыл - ойының жемісі. Журналист сапалы контент қалыптастырады, одан акпарат алып, мүмкіндік пен мәселені туғызатын аудитория. Сондықтан ХХІ ғасыр журналистінің міндеті – мәселені шешіп, технологияны пайдалану арқылы заманауи журналистиканы жоғарғы деңгейге көтеру.

Абдолова Айдана

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті журналистика мамандығының 1 курс студенті